400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "МеніңОтаным-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту.Отанын жерін қорғай білуге халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:

а)Отан-Қазақстан,туған елі туралы түсініктерін кеңейту.Еліміздің рәміздерін

қастерлей білуге үйрету .Тәуелсіз,бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру.

ә)Отанын,туған жерін қорғай білуге ұлтжандылыққа,атамекенін көздіқарашығындай сақтай білуге жетелеу,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

б)Оқушылардың жауапкершілік,белсенділік,ізденгіштік,зерттеушілік қасиеттерін дамыту.

Көрнеілігі:қанатты сөздер,суреттер,плакаттар, слайд

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Армысыздар,құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Бүгінгі «Менің Отаным –Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраным.

Хор: Әнұран

Мұғалім:Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан )

Ал, балалар осы біз Қазақстан туралы не білеміз?

Оқушы:Қазақстан жері ұлан байтақ.

Оқушы:Мен Қазақстанда тұрамын.

Оқушы:Мен Қазақстанда білім алып жатырмын

Оқушы:Мен еліммен мақтанамын

Оқушы:Елімнің гүлдене бергенін қалаймын!

Мұғалім:Міне балалар біз елімізбен мақтанамыз.

Хор: «Атамекен»

Оқушы:Отан деген атамекен

Отан деген туған жер.

Отан- ана ,Отан-пана ,

Қазақстан –туған ел.

Оқушы:Сарқылмайтын қуатым

Тірегім сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің ,сен Отан!

Оқушы:Отан-жерім,Отан -суым

Отан қуат нәр береді

Отан –ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Оқушы:Отаным мәңгі қорғаным

Қалаймын бақыт қонғанын

Сүйемін және сондықтан

Өзенін ,көлін,орманын

Оқушы:Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мектеп еткен

Бабамыз бен атамыз

Оқушы:Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң Ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағыңды гүл атам

Оқушы:Отанды жас кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені ода бәріміз де

Туып өмір сүреміз

Көрініс «Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Оқушы:Қандай дүние жетеді балауыңа

Бәрі сенің Жан Отан қалауыңда

Өз бейнеңдей әлемге тұр таңылып

Қазақстан елтаңбасы жалауыда

Оқушы :Атам әжем әкем анам

Төртеуі де «Отан» маған

Төртеуі де «Ботам» дейді

«Ер азамат атан!» дейді

Оқушы :Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене

Оның тұлға түс кейпін

Достым білгің келеме?

Оқушы:Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан –өлкең астанаң

Отан -аудан ауылың

Оқушы:Отан-тарих Отан тіл

Жасаған елің өз халқың

Отан өлең Отан жыр

Көтерген көкке ел даңқын

Оқушы:Алтын ұяң-Отан қымбат

Құт берекең –атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Асқар тауың әкең қымбат

Мұғалім:Ал, балалар Отан туралы мақал –мәтел айтуға атсалысайық.

1 Бұлбұл гүлзарын сүйеді

Адал адам Отанын сүйеді

2 Жауда қалған бұлбұлдан

Отанға қайтқан ит артық

3 Отан елдің анасы

Ел елдің анасы

4Отан қадіріне жетпеген

Өз қадіріне жетпейді

5 Отан отбасынан басталады

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

6 Отансыздың оты жанбайды

7 Отан үшін еңбек етсең,

Халқыңның сүйген ұлы боласың

8 Отан үшін күрес- ерге тиген үлес

9 Отан үшін отқа түс күймейсің

Арың үшін алыссаң-өлмейсің

10 Отаны бірдің жүрегі бір

Жүрегі бірдің тілегі бір

11 Отанын сатқан оңбас

12 Отанын сүйген:отқа жанбайды,суға батпайды

Мұғалім:Бүгінде әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздер-Ту,Елтаңба,Әнұран.Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздерін құрметтеу-әрбір азаматтың міндеті.

Слайд Мемлекеттік рәміздер

Әсел: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Абзал:Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім-сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дала кезіп

Ұлжарқын:Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным

Көк туымды қалайша құлатармын

Тып-тыныш жатқан жайымыз бар

Бәріміз баласындай бір атаның

Алпамыс:Нұр-ағамыз нұрындай боп қазақтың

Нұр сыйлаған көк тәңірім ғажапсың

Нұрын шашып жібергенде елбасы

Ізі қалмай кетеді екен азаптың

Рауан:Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап

Қанат қағып барады

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Орындайтын:Базархан Зәкір

Осымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Еліміз тыныш,бейбітшілік заман болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі