400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мерекелі, берекелі -Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде ұстаз қауымдарына қажет болар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Мерекелі, берекелі –Алтын күз! »
Мақсаты:
1. «Мерекелі, берекелі –Алтын күз» сайысына қатысушылардың арасынан оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты слайд ,шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.

-Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Аяулы ата- аналар!

  • Армысыздар жадыраған жас достар!

  • «Мерекелі, берекелі –Алтын күз! » атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

  • Табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі мерекелі алтын күз деп баға береді.

- Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден алтын байлықтың белгісі.

- Нағыз сары алтындай сары күз айы. Ол - еңбек айы. Бұл ай – мереке басы. Ендеше «Мерекелі, берекелі –Алтын күз! » атты сайысымыздың қатысушыларын қошаметпен қарсы алайық !

1-топ «Жүгері» тобы Айбек пен Каусар

2-топ «Тары» тобы Нұрбек пен Іңкар

3-топ «Арпа» тобы Айбол мен Асыл

4-топ « Күріш» тобы Ернұр мен Жанерке

5-топ « Бидай» тобы Ерсары мен Нұрайым

ВАЛЬС Қатысушылар билейді

Сайыс 5 бөліммен тұрады:

1. « Кел танысайық» Әр топ өздерін таныстырады
2 «Өнерің өрге жүзсін»
Өз өнерін көрсету
3. «Қас - қағым сәт» Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап береді
4. Күзгі сый.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстар)

5. «Жылдам, әрі дәмді» тағамдар қорғау
Әділқазы алқаларын сайлау


-Жүргізуші:
Біздерде басталады, ойын - сауық
Тамаша ән айтылып, би биленіп
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды- деп

Жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.

1-кезең. «Кел танысайық?» деп аталады. Әр топ өздерін таныстырып өтеді

1-топ «Жүгері» тобы Айбек пен Каусар

2-топ «Тары» тобы Нұрбек пен Іңкар

3-топ «Арпа» тобы Айбол мен Асыл

4-топ « Күріш» тобы Ернұр мен Жанерке

5-топ « Бидай» тобы Ерсары мен Нұрайым

Жүргізуші: Еркежан

Асыл тастан,

Өнер жастан,

Шығады- деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.

2-кезең бойынша өнерлерін тамашалайық.

1-топ «Жүгері» тобы Жүгерілер биі

2-топ «Тары» тобы Ән «Алтын күз»

3-топ «Арпа» тобы Күзгі вальс

4-топ « Күріш» тобы Күз қуанышы

5-топ « Бидай» тобы Бидай биі

3- кезең Жүргізуші:

«Қас - қағым сәт». Сұрақ -жауап

1-топ «Жүгері» тобы Айбек пен Каусар

2-топ «Тары» тобы Нұрбек пен Іңкар

3-топ «Арпа» тобы Айбол мен Асыл

4-топ « Күріш» тобы Ернұр мен Жанерке

5-топ « Бидай» тобы Ерсары мен Нұрайым

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

- Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.

Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ

3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.

4 - сұрақ: Күз айларын ата.

- Қыркүйек, қазан, қараша

5- Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған ұлы ақын кім?

Абай Құнанбаев

6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей --------------------

7 – сұрақ Абай Құнанбаевтың «Күз» туралы өлеңінен үзінді айт

8 – сұрақ Жыл мезгілдерін ата? Қазір жылдың қай мезгілі?

Жаз, күз, қыс, көктем

9-сұрақ Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
10-сұрақ Күз туралы мақал-мәтел айт



4-кезең
Жүргізуші: Еркежан

«Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстыру

Сыныбымыздың биін тамашалайық .

Би «Күзгі шашу»

4-кезеңді бастаймыз « Күз сыйы»

1-топ «Жүгері» тобы Айбек пен Каусар

2-топ «Тары» тобы Нұрбек пен Іңкар

3-топ «Арпа» тобы Айбол мен Асыл

4-топ « Күріш» тобы Ернұр мен Жанерке

5-топ « Бидай» тобы Ерсары мен Нұрайым

Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке-дей келе

5-кезең бойынша «Жылдам,әрі дәмді» деп аталады әр топ өздерінің тағамдарын қорғайды.

1-топ «Жүгері» тобы Айбек пен Каусар

2-топ «Тары» тобы Нұрбек пен Іңкар

3-топ «Арпа» тобы Айбол мен Асыл

4-топ « Күріш» тобы Ернұр мен Жанерке

5-топ « Бидай» тобы Ерсары мен Нұрайым

Ән «Мерекем» орындайтын Еркежан

Жүргізуші : Марлен

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

«Мерекелі, берекелі Алтын күз!» байқауының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. марапаттау

Жүргізуші: Еркежан

Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, мерекелік шарамызды осымен аяқтаймыз!














































Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылы

О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ













«Мерекелі, берекелі –Алтын күз»

(жарыс)

4 Б сынып











Жетекшісі: Сегизбаева К

2019ж









Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылы

О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ











Математика

Тақырыбы: Көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлу

Бастауыш сынып мұғалімі: Сегизбаева К



4 «Б» сынып







2019ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі