Тақырыбы:Ұстазым саған мың
алғыс!
Мақсаты:Бүкіл адамзат баласы
басасы бас иер асыл тұлға.Ұстаздардың еңбегін,жас ұрпақты ұстазды
құрметтеуге,адамгершілікке сыйлап түсіне білуге үйрету.Ұстаз
еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету
Көрнекілігі:Қанатты
сөздер,гүлдер,шарлар.
Асылзат:Армысыздар,бармысыздар!Қош келдіңіздер,Құрметті де
аяулы ұстаздарІ
Сымбат:Бүгін бізде үлкен
мереке!Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.Олай болса бүгінгі
күнұстаздарға арналмақ.Ұстаз ұлағатты есім.Күн сәулесі қандай жарық
берсе,ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ақырын жүріп анық
бас
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден балаға деп Абай
атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар
қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!
Асылзат:Денсаулықтарыңыз мықты
болсын.Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
Хор:
«Ұстазым»
Мереенлеріңіз құтты
болсын!Аяулы ұстаздарІ
Тақпақтар
Асылзат:Сіздердіғң
құрметтеріңізге Байдуллаев Нұрасылдың орындауында ән
«Ұстазым»
Асылзат:Ұстаздар!Қандай ғажап
халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар
Жан біткен жанарына нұр
сыйлаған
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар
Сымбат:Асылзат екеуіміз
ұстаздар туралы нақыл сөз айтып жарысып көрсек
қайтеді?
Асылзат:Ал,ендеше
баста
Сымбат:Ұстаз болу-өз уақытын
аямау,
Өзгенің бақытын
аялау
Асылзат: Ұстазға қарап шәкірт
өседі
Сымбат:Аспаз көрген ат
таныр,
Ұстаз көрген хат
таныр.
Асылзат: Ұстазыңды ұлы Әкеңдей
сыйла
Сымбат:Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы
Асылзат:Сымбат екеуміз
ұстаздар туралы қанша мадақ сөз айтсақ та
Тауыса алмаспыз.Ендеше
шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек
берелік:Алпамыс,Нұрасыл,Абзал,Абдухалық,Нұрасыл,Оразәлі.Рауан.
Сымбат:Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады
Көңілі күндер тусын алдан
әлі
Ән шашу әсем әуен,түрлі
өнер
Бүгінгі күн сіздерге
арналады
Хор: «Ұстазым,менің
ұстазым!»
Тақпақтар
Асылзат:Асыға сәлем жолдап
жүректен біз
Бірге өсіп енжайлаған ұл менен
қыз
Тәтті күй,асқақ әнмен әсем
биді
Сіздергне тарту етіп
ұсынамыз
Флеш-моб сынып оқушыларының
орындауында қабыл алыңыздар.
Сымбат:Президентіміз
Н.Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің
біріншісі, негізгісі.бастысы,маңыздысы бола береді»-деген ескерту
айтқан болатын.Әрине дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында
жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы саясаты,шын мәнінде елдің ертеңі
үшін керек нәрсе.
Бүгінг і таңда Қазақстан үшін
үш тұғырлы саясаты,шын мәнінде елдің ертеңі үшін керек
нәрсе.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін
үш тұғырлы тіл елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші
баспалдағы.Олай болса біздің сынып оқушыларының ұстаздарына деген
құттықтауларын үш тілде қабыл алыңыздар!
-Қазақ
тілінде-Ұлжарқын
-Орыс
тілінде-Алпамыс
-Ағылшын
тілінде-Асылзат
Сымбат:Мұғалім ғазиз
мұғалім
Сарқылмас мәңгі
бұлағым
Ұланың бүгін
тойында
Арнайды саған бұл
әнін
Жунусов Бексұлтанның
орындауында «Учат в школе»
Асылзат:Әзілің жарасса атаңмен
ойна деген
Ал атаң шаршаса
(күліп)
Апаңмен ойна
деген
Сымбат:Олай болса сыныбыңыздың
өнерпаз балаларының «Әзіл көріністерін» қабыл
алыңыздар
Асылзат:Күміс көмей әнші
қызымыз
Ибрагимова Ақгүлдің өнерін
тамашалаңыздар!
Сымбат:Ән: «Оқуда озат
боламын»
Асылзат:Сымбат мұғалімдермен
ойын ойнасақ қайтеді
Сымбат:Ия,ия ойнасақ
ойнайық
Ойын:Кім
тапқыр?
Тақпақтар:Балнұр,Ақгүл
Асылзат:Ақыл,білім көп
бердің
Анамдайсың
мектебім
Сенде өсіп
көктедім
Сенсің өмір
көктемім
Асылзат,Сымбат:Алғыстарым көп
менің
Асыл
анам-мектебім!
Сымбат:Ән
«Мектебім»
Ауелбеков Рауанның орындауында
қабыл алыңыздар!
Асылзат:Ұстаз болу-жүректің
батырлығы
Ұстаз болу- сезімнің
ақындағы
Ұстаз болу-мінездің күн
шуағы
Азбайтұғын адамның
алтындығы
Деп Ғафу Қайырбеков ағамыз
жырлағандай біздің мектебімізде сөзі маржан,ұстаздарымыздың бар
болғанын мақтаныш етемін
Сымбат:Ұстаздарымызға арналған
оқушылардың жыр шумақтарын қабыл алыңыздар
Диас,Абзал,Толғанай,Аружан,Жасмин,Жадыра,Ақниет
Асылзат:Құллақтан кіріп бойды
алар
Әсем әнмен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең менше
сүй
Ән «Ұстазым саған мың алғыс!»
Танабаева Ақниеттің орындауында қабылалыңыздар.
Сымбат:Демеңіздер біз өнерді
аяп қалды
Мезгілде біраз жерге таяп
қалды
Қош болып
тұрыңыздар
Осымен концертіміз
аяқталды
Сөз мектебіміздің директоры
Амирова Ақмарал Көмекқызына беріледі.