15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Наурыз - құт береке бастауы"
Он ата дегеніміз не?
Үш мақсатты қалай түсінесіңдер?
Үш арсыз.
Қонақтың түрі.
Бес байлық.
Қандай жұмбақтар білесіңдер?
Он ата
І.Әке 6. Немене
2Бала 7. Туажат
Немере 8. Жегжат
Шөбере 9. Жұрағат
Шөпшек 10. Жамағат
Үш мақсат
Жол мақсаты — жету.
Дау мақсаты — біту.
Сауда мақсаты — ұту.
Қазақтың қолкүрес ойыны ойналады.
Үш арсыз
Ұйқы арсыз.
Күлкі арсыз.
Тамақ арсыз.
Қонақ түрі
Арнайы қонақ.
Құдайы қонақ,
Қыдырма қонақ.
Қылғыма қонақ.
Бес байлық
Әуелгі байлық — денсаулық.
Екінші байлық- еркіндік.
Үшінші байлық — тіл байлық,
Төртінші байлық — қайрат-күш, ақ жаулық,
Бесінші байлық,— балаңыз.
Наурыз
құт-береке бастауы!
Мақсаты: оқушыларға
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру
арқылы қазақ халқыныңсалт-дәстүрін,
ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін,
тамағын, ұлттық ойындарыннасихаттап
көрсету.
Мұғалім: Міне
жаңа өмірдің, қайта басталатын күн
есебінің басы, көктемнің көш басшысы
ұлыстың ұлы күні наурызда келіп
қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін
береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс
арасындағы татулықтың, ерен еңбектің,
жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп
келген жыл басы
Бізбен бірге
жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке,
ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым,
армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың
ұлы күні наурыз мерекесіменқұттықтаймын.
Той құтты
болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Бүгінгі
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне
арналған «Наурыз-құт,береке
бастауы!» атты мерекелік шарамызға қош
келдіңіздер!
Ұлыстың Ұлы күні аталған
Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз
қабыл болсын!Ұлыстың ұлы күнінде
елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін
қуанышпен ашсын! Барлық жақсы
ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз
тойларыңыз құтты болсын!
Хормен: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс береке берсін,
П әле –жала жерге енсін – дей келе кешімізді бастаймыз
Наурыз мейрамы жайлы қысқаша мағлұмат береді.
1.Айзере:Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған . Бұл күні күн мен түн теңеліп, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн.
2.Ақнұр: Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «нау» жаңа, «руз» күн деген сөздерінің қалыптасып жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты, думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
Мұғалім:Оқушыларымыздың
наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
3.Нұрай: Наурыз
тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат
та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
4.Нұрбақыт:Наурыз
тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр
жүректен ән тарап,
Шаттанады
шартарап.
5.Али:Жаңғырар
дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ
жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке
«Наурыз» жыл басы.
6.Гүлнұр:Малдар
төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ
ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа
аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
7.Айбарыс:Елім менен жеріме
Ырысын шашқан наурыз
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан наурыз
8.Санжар:Жеті түрлі дән салып
Дәм татқызған наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылығымен наурыз
9.Дастан:Наурыз айы келгенде
Күн шуағы шашылып
Жылғалардан су ағып
Ақ әжелер құлпырып
10.Айзере:Наурыз көже пісіріп
Қонақтарға тартамыз
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Ән: «Наурыз көктем»
Би: «Қыздар»
Би: «Ұлдар»
Мұғалім: Наурыз
тойының қарсаныңда салт-дәстүрлеріміз
жайлы слайдқакөңіл бөліңіздер деп,
слайдты тамашалаймыз.
Қазақ
халқында салт дәстүрлеріміз: бала
тәрбиесіне байланысты, тұрмыс - салт
және әлеуметтік - мәдени, салт - дәстүрлер
болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне
байланысты әдет - ғұрыптарға баланың
дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін
тәлім - тәрбиелерінен бастап, есейіп,
азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі
кіреді.
11.Ақнұр: Нәрестенің
дүниеге келген құрметіне арналған
көптеген салт-дәстүрлерінің бірі –
шілдехана.Шілдехана – баланы жын-шайтаннан
қорғап, күзетуден пайда болған
дәстүр.Сондықтан шілдехананы кейде
”шілде күзет” деп те атаған. Қонақтар
таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады.
12.Санжар: Бесікке
салу Шілдехана өткеннен кейін баланың
әке-шешесі бесік тойын жасайды. Жаңа
бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке
салушы бесіктің жабдықтарын орындарына
қойып, шашу ретінде алып келген тәттілері
мен сыйлықтарын араластырып, бесіктің
түбек байлайтын тесігінен өткізіп,
қолын тосқап балаға «тыштыма» деп
үлестіріп береді.
13.Нұрай: Қазақ
халқының өмір салтына көрік беретін
дәстүр – тұсау кесу.Тұсау кесу – сәби
қаз тұрғанан кейін тез, жығылмай, сүрінбей
жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын
деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы
дайындалған ала жіппен баланың аяғын
тұсап байлайды. Ақ, қарадан есіп жасалған
жіп біреудің ала жібін аттамасын деген
жақсы ниетті білдіреді.
14.Али:Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.
15.Айбарыс:
Міне бү гінгі күнге дейін жақсы
дәстүріміздің жалғасын тауып келе
жатқаны баршамызды қуанта
16.Дастан: Халқымыздың
түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы
Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті
осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады.
Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ
кондыратын, ақсақал кейпінде көзге
көрінетін қиял-ғажайып адам.
17.Гүлнұр:Жақсылықтың
жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы
— Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары
жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді,
ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді
екен.Дана халқымыздың «Батамен ел,
жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге
айтпаған ғой.Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз
тойының ақ батасын сұрайық.
18.Нұрбақыт:
(Қыдыр ата бата береді)
Ұлыс
оң болсын!
Ақ мол болсын.
Қайда
барсан жол болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс
береке берсін,
Бәле –жала жерге
енсін!
Аман-есен тойдан тойға жетіп,
ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылмен
кетсін! Алла тағалам Жаңа жылда, жаңа
үміт, жаңа тіршілікпен қауышуға жазсын!
Мұғалім:Осымен біздің мерекелік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Наурыз құтты болсын!
1.Наурыз көктем әкелді таңның шуағын
Наурыз көктем әкелді таудың бұлағын
Наурыз көктем жайнайды дала гүлдері
Наурыз көктем алма ағаштары гүлдеді
Қ-сы
Н
аурыз
көктем шуағын төккен
Әкелді байлық еліме 2рет
Н
аурыз
көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
2.Наурыз көктем молшылық,байлық,береке
Наурыз көктем асығып жеткен мереке
Наурыз көктем думанды тойда қалайық
Наурыз көктем қосылып әнге салайық
Қ-сы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген