400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. Наурыз-жыл басы. Мектепалды даярлық сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. Наурыз-жыл басы. Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұрдана Мәнсүр

Жыл басы – Наурыз мереке, Наурыз тойым ,Наурыз тойым

Ақ нұрға әлем боянды. Алыс жақын қауышты

Наурыз тойы береке Көктемдегі жарқын сәт

Тіршілік жаңа оянды! Көңілдерге ауысты

Нұртас Анель

Жылдың басы Наурыз, Наурыз жауын наурыз сән

Жердің басы Наурыз. Әсем әуен сазды ән

Мерекеге арналсын Қыз бозбала қыдырған

Бүгінгі жыр- әніміз. Жасыл желек көк аспан

Әбуәли Мейіржан

Наурызбен құттықтап, Наурыз келді алақай

Алыс жақын қаутышты. Кел билейік балақай

Көктемдегі жарқын сәт, Бізде қарап тұрмайық

Көңілдерге ауысты. Тойға шашу шашайық

Нұрдәулет Аружан

Наурыз тойым, Наурыз тойым. Той думанға келіңіз

Құтты болсың халайық! Тамашалап көріңіз

Қане, достар, қане, достар, Ән айтайық бәріміз

Шырқап әнге салайық. Қол соғайық бәрәміз

Мехрибан Әмина

Көктем келді, балақай, Наурыз бұл мереке

Жасарды жер, алақай. Құтты болсын береке

Наурыз тойын тойлайық, Қыдыр ата келсін

Әсем әнге салайық. Жақсы тілек әкелсін

Ақерке Құндыз

Наурыз тойы — тамаша, Наурыз айы келгенде

Наурыз тойы — жаңаша. Күн шуағы шашылып

Табиғат та тамаша, Жылғалардан су ағып

Тамылжып тұр жараса. Ақ әжелер құлпырып

Азамат Жұмағұл Наурыз көже пісіріп

Наурыз келді сан құрып Қонақтарға тартамыз

Жасарып жаңғырып Хадиша

Құлпырды жер мен көк Жыл басы-Наурыз мереке

Мейірім таң күліп. Ақ нұрға әлем боянды

Азамат Ибраймов Наурыз тойы береке

Наурыз тойы — салтанат, Тіршіліктің жаңа оянды

Наурыз тойы — мархабат. Милана

Әр жүректен ән тарап, Осыншама жақсылық

Шаттанады шартарап. Алып келген наурызым

Аяажан Төрлет бізге нқр беріп

Уа, ағайын халайық Шуақ шашып ақ жүзің

Мұнда назар салайық Нурдос

Мерекесі халықтың Қыс өтіп қар кетіп

Наурыз тойын бастайық Шырайлы жаз жетіп

Жанарыс Шаруаның кенелген

Наурыз келді еліме Мейрамы ежелден

Наурыз келді жеріме Құтты болсы Наурыз

Байлық бақыт тілеймін Меруерт

Бүкіл қазақ еліне Ақ қар кетіп қыс өтіп

Ниса Шырайлы шуақ жаз жетіп

Жылдың басы Наурыз Шаруаның ұлы кенелген

Жердің басы Наурыз Күн мейрамы ежелден

Мерекеге арналсын Құтты болсын бұл

Тәрбие сағаты:  «Наурыз-жыл басы»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні  екенін  ашып көрсету;

Дамытушылық: -оқушылардың санасына халықына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге дамыту;

Тәрбиелік: -мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына , адамгершілікке, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер , ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

«Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр. Бүгінгі жиналған қонақтар алдымен наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мерекесі отбасыларыңызға құт береке,ынтымақ, молшылығын ала келсін.

Жүріңіздер Наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен- саяқ.
Ән айтылсын, би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп
Мұғалім:

Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.

Нұрдана Мәнсүр

Наурыз тойым ,Наурыз тойым Жыл басы- Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды. Алыс жақын қауышты

Наурыз тойы береке Көктемдегі жарқын сәт

Тіршілік жаңа оянды! Көңілдерге ауысты

Нұртас Анель

Жылдың басы Наурыз, Наурыз жауын наурыз сән

Жердің басы Наурыз. Әсем әуен сазды ән

Мерекеге арналсын Қыз бозбала қыдырған

Бүгінгі жыр- әніміз. Жасыл желек көк аспан

Әбуәли Мейіржан

Наурызбен құттықтап, Наурыз келді алақай

Алыс жақын қаутышты. Кел билейік балақай

Көктемдегі жарқын сәт, Бізде қарап тұрмайық

Көңілдерге ауысты. Тойға шашу шашайық


Мұғалім:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен,шуағымен, күн – ана
Алып келді жер бетіне жер көктем –дей келе
келесі кезекті «Көктем» биін береміз

Мұғалім:

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта "Тұсау кесер" рәсімі бар.


Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

Олай болса біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған тұсау-кесер көрінісін тамашалаңыздар.

Мұғалім:

Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып
дей келе келесі кезекте сыныбымыздың әнші қыз  Камаладин Аяажан ортаға шақырамыз.

Мұғалім:

Қазақ қазақ емес,нағыз қазақ «Қара жорға» биін билеген нағыз. Келесі кезекте «Қара жорға»биі

Қазақ халқы әр қашанда қонақжай халық. Қонақ келсе қорадағы жалғыз малын сайған қазақ.

Қазақ қалқның ас бөлмесі туралы айтын өтейін. Наурыз мерекесінде қазан- қазан ет асылады. Наурыз көже пісіреді. Сол мерекеге орай біздің сыныптың ата- аналарыда «Наурыз көже жасаған»олай болса барлығыңызды «Наурыз көжеден» дәм татуыңызды сұраймын.


Мұғалім:

Ата-аналарға: «Сұрақ-жауап»

1.Бет ашар дегеніміз не? (Жаңа түскен келіннің бетін ашу)

2.Қыз ұзату дегеніміз не?(Ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдынды бата алып,отау құруға бастау болар салт-дәстүр.)

3.Наурыз көже қалай жасалады?(Халықтың дәстүрі бойынша оған бидай,тары,сүр ет,бұршақ,сүт,су,тұз сияқты кем дегенде азақ салынады.)

4.Сырға салу дегеніміз не? (Қыз ұзату,келін түсіру жоралғыларының бірі.Сырға Салу кезінде жігіт жағынан 4-5 адам келіп құда түсер ырымын жасап қыздың құлағына сырға тағып,қызды алып кететін күнді белгілейді.)

5.Есік көрсету дегеніміз не?(Есіу көрсету,ескі ашар-жаңа түскен келінді күйеу жігітінің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.)

Қазақ халқы әр мерекені батасыз өткізбеген олай болса, бүгінгі мерекеміздің батасын алуға «Қыдыр атаны» ортаға шақырамыз!


Қыдыр ата:

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс  бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын.
Көйлектерің көк болсын.
Уайым –қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке дей келе ынтымағымыз,бірлігіміз ажырамасын жыл сайын осындай ауыз біршілікте Ұлыстың ұлы күнін тойлай берейік.

Мұғалім:

Ата

Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа!

Аман – есен жетейік. Келер Наурыз тойына!

Осымен МАД «И» тобының дайындаған Наурыз-жыл басы атты тәрбие сағатымыз аяқталды қош сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
1625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі