Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!" 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!" 3 сынып «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2022
618
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Күні:

Тақырыбы: «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!»

Сынып жетекшісі: Тілепиева Ақборық

Сыныбы: 3 «А»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Әуен ойналып тұрады.
Барысы:1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
2 - жүргізуші: Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Алдияр. Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Айзере: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Мұғалім: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!»атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі ұстаздармызға берейік

І жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
ІІ жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Нұрислам: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Айша: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.Алдар: (Асанәлі)
- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр: (Мержан)
- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала: Мұхаммед
- Уа, балалар!Барыс жылының айтулы тойы, біздің сыныптың Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Барыс жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
- Биыл барыс жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
- Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)
1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «Айзерлен өлең»

Мержан: Барыс жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.Айзере
Есенжан: - Ашық болсын қас- қабақ,

Таспен атқанды аспен ат

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ
Асанәлі: Арпа бидай,тары бар

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрібар

Ошақта көп шоқ әлі,

Астың ауыр обалы

Астан үлкен ешкім жоқ

Қазан ауызы жоғары

Мұғалім келген қонақтарға көже береді.

1 - жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.
Ибраһим: Ұлыс күні кәрі – жас,

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен

Нұрасыл
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Диас бата береді
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

Мұғалім: Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден сайысымызды басталық. Қане жігіттер қайда. Ортаға 4 – оқушы шығарылады.
І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!