Тақырыбы:
Обал
мен сауап.
Сабақтың
мақсаты: “Мейірімділік”
адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік:
обал мен сауап туралы түсінік беру;
Дамытушылық: халықтың
дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын
арттыру;
Тәрбиелік: мейірімділікке,
үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
әдістері:
әңгімелесу,
мәтінмен жұмыс, дәйексөз, ойын-жаттығу,
жүректен жүрекке.
Сабақтың
көрнекілігі: үнтаспа,
сюжетті суреттер, слайд, оқулық, дәптер.
Сабақ барысы:
Шаттық
шеңбері.
Сәлеметсіздер
ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме
қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып,
«Шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір –
бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың
жылуын сезіне отырып, амандасалық.
Балалар
шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.
Мұғаліммен
бірге А.Естеновтің «Көк алма» өлеңін
айтады.
Көк алма
А.Естенов
Жас түйнек көк
алма Мәуе берер, ал,
күзде
Түсіп қапты көгалға.
Қайдағы алма оларға?
Көктей жұлған
оларды Соны неге
білмейді,
Сотқар бала оңар
ма? Құлағына ілмейді.
Сауап пенен обал
да Күтіп-баптап неге
ертең
Көкейіне
қонар ма? Тәтті алма
жеп жүрмейді.
Әңгімелесу.
Сабақта
оқушылардың «обал», «сауап» деген
сөздердің мағыналарын қалай түсінетіндерін
білу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар
қойылады:
Обал
дегенді қалай түсінесіңдер?
«Обал
болады», «сауап болады» деген сөздер
қандай жағдайларда айтылады?
Обал
мен сауаптың айырмашылығын қалай
ажыратуға болады?
Мұғалім
оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі
қорытындылайды:
Обал
– жақсы
нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде
оның зардабын
тартасың
деген ұғымды білдіреді.
Сауап
– адамға
жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық
көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.
Мәтінмен
жұмыс.
Оқушыларға
обал мен сауаптың мәнін жете түсіндіру
үшін мәтін оқу ұсынылады. Оқушылар
мәтін мазмұнымен танысып, берілген
сұрақтарға жауап қайтарылады.
Обал
деген не?
Біз
бірнеше бала болып, ауыл сыртындағы
өзенге балық аулауға бардық. Кешке дейін
далада жүретін болғандықтан, қарнымыз
ашады деп, жолға азық, түрлі тамақ алып
алдық.
Бұрын
бір рет барғанда, әбден тамақ ішпей
болдырған едік. Әсіресе нансыз ешқандай
тамақ болмайды екен. Бұл жолы балықтан
сорпа жасадық.
Балықтың
сорпасына тойып та алдық. Нанымыз артылып
қалды. Қасымда отырған Асантай дорбасын
ақтарды да, ішінен нанды, оның қоқымдарын
жерге төге салды. – Енді керегі жоқ.
Қарын тоқ. Ауылға көтеріп барамын ба?
Обал
емес пе? Неге нанды тастайсың?
Ой,
шіркін, обал дегенді кім біледі. Білсең
айтшы, ол не?
Соны
айтам-ау, өзінше білгіш.
Қазір
не көп, нан көп.
Осылай
балалар маған әр бүйірден тиісті. Мен
оларға, шамам келгенше, нан туралы, оның
қасиеті туралы айттым. Мүмкін, мен де
жөнді білмеспін. Ал сендер не дейсіңдер
оларға?
Нан
дастарқанға қандай еңбекпен келді?
Нанды
жерге тастау дұрыс па?
Балаларға
обал туралы не айтар едіңдер?
Сергіту
сәті.
Аппақ
болып таң атып, /құшағын
кең ашады/
.
Түтін
тікке ұшады /қолдарын
толқындата жоғары көтереді/
.
Қарлығаштар
қанатын /қанатын
жаяды/
.
Самғап
биік ұшады /құсша
қанат ұшады/.
Дәйексөз.
«Обалды
біліп өссең – сауапқа
кенелесің».
Халық
даналығы.
«Обалды
біліп өссең – сауапқа кенелесің» деген
халық даналығында үлкен мән бар. Үлкен
адамдар жасауға болмайтын қылықтарды
«обал болады» деп айтып, кішілерді,
балаларды жаман әдеттерден сақтандырады.
«Сауабын аласың» дей отырып, жақсы істер
жасауға
жетелейді.
«Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл
– жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің,
алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді.
Сондықтан үлкендердің бізге «обал
болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы
тілін алып отыру, бізді үлкен
жақсылықтаға жеткізеді.
Ойын-жаттығу.
Қазір
біз «Обал-сауап» деген ойын ойнаймыз.
Мен
бір сөйлемді бастап,
қолымдағы
допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің
қолына тисе, сол оқушы сөйлемді «обал
болады» немесе «сауап болады» деген
сөйлеммен аяқтауы тиіс.
Мысалы:
- Көк
шөпті жұлма, обал
болады.
-
Торға түскен құсты босат, сауап
болады.
-
Құстың ұясын бұзба, обал
болады
-
Сүтті төкпе, обал
болады.
-
Қарияның жүгін көтеріс, сауап
болады.
-
Құмырсқаның илеуін таптама, обал
болады.
- Құсты
атуға болмайды, обал
болады.
-
Суды ысырапсыз төгуге болмайды, обал
болады.
-
Нанды жерге тастауға болмайды, обал
болады.
-
Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге
көмектес, сауап
болады.
-
Автобуста үлкендерге орын бер, сауап
болады.
Қорытындылау.
-
Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен
сауап» туралы білдік. Қазақ халқы
балаларының адал, жақсы болып өсуін,
адамдарға, айналасына жақсылық жасай
алатын ізетті адам болып қалыптасуын
қалаған. Осы мақсатта – тағамды төкпе,
шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті
жұлма сияқты сөздер айтып отырған.
Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың,
деп үйреткен.
Жүректен
жүрекке.
Торғайларды
атпаймын, Отанымды
сатпаймын,
Құмырсқаны
баспаймын. Ақылсызға
жатпаймын.
Бәрін-бәрін
қорғап мен, Халқымның
мен үмітін,
Мейірімді
сақтаймын. Әрқашан
да ақтаймын.
Жүрегіміз
ізгілікті істерге ақ ниеттерге толы
болсын!