400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Отбасы- ұлағат ұясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәрбиешілерге, тәлімгерлерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «Отбасы- ұлағат  ұясы»

Мақсаты: Бала  тәрбиесінің  алғашқы  алтын  қазығы  туған  ұясы, өз  отбасындағы  ата-ана   тәрбиесі,  өнегесі  және  ата-ана  баланың  бас  ұстазы  екенін  түсіндіру. Оқушылардың  ата-ананы  ,үлкенді  сыйлау  туралы  ой-өрісін  дамыту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд, видеоролик, карточкалар.

Түрі:  тәрбие сағаты

Әдіс – тәсілі: ассоциация құру, сиқырлы конверт, мақал – мәтелдер жарысы, «алты қалпақ» стратегиясы, пікірталас, құндылық ағашы, видеоролик көрсету, ситуациялық жағдайлар, блиц – турнир.


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру

1) Кіріспе сөз

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. әке-тірек, ана-жүрек, бала –тілек. Осы ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес.

Енді тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін конверттегі суретті құрасаңыздар. (Тақырыпқа байланысты суреттің қиындылары беріледі).

Олай болса бүгінгі біздің «Отбасы-ұлағат ұясы» тақырыбындағы  тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ. Негізгі бөлім

2) Ассоциация құру
Балалар «отбасы» сөзін қалай түсінесіңдер?

2. «Отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
3.Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
4. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?


3) «Cиқырлы конверт» жағдаяттық ойыны.(Бір конвертке сұрақтар жазылған кеспе қағаздар салынады. Топтар оларды бір-бірден алып жауап береді. Оқушылар кезекпен өз жанұясы туралы әңгімелейді)

  • Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар?

  • Ата-аналарыңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіздер?

  • Үйдегі алтын қазығың кім?

  • Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүру үшін қандай болуларың керек?

  • Отбасы дегенді қалай түсінесің?

  • Отбасықандайболуыкерек?

  • Өзіңніңотбасыңтуралыәңгімелепбер?

  • Сен қандайотбасынармандайсың?

  • Өзотбасыңакөңілің тола ма?

  • Отбасыныңбүкілміндетікімдергенегізделген?

  • Отбасында бос уақыттықалайөткізесіз?


4) Мақал – мәтелдер жарысы(отбасы, туыстық  атауларға  қатысты  мақал-мәтелдерді айтып жарысады)

  1. Інісібардыңтынысы бар,
    Ағасыбардыңжағасы бар.

  2. Бала, баланың ісі шала.

  3. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

  4. Бала – ананың бауыр еті.

  5. Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

  6. Балалы үй базар,
    Баласыз үй қу мазар.

7. Басекеуболмай,
Мал екеуболмас.

8. Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

9. Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

10.Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
11.Бала ұяда не көрсе,
Ұшқандасоныіледі.

5) «Отбасы құндылығы» атты видеоролик көрсету. Оқушылар бұл видеороликтен не түсіндіңдер?(Оқушылар түсінгендерін айтады)

6)Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. 
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет


7) Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?


8) Ендігікезекте пікірталас.Тақырыбы: Әйел азаматы мемлекетті басқара алады ма? Постер қорғаймыз. Топтар өз сөздерін дәлелдеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ болып)

9)Коллаждан мақал - мәтел құрастыру. Сендерге сурет беремін сол суретті құрастырып жасырылған мақал – мәтелдерді айтсаңыздар.

10) «Алтықалпақ» стратегиясы.Оқушыларға алты түсті қалпақ (шляпа) таратады, ережесін түсіндіреді. Ақ қалпақ-анық фактілерді айтады. Қара қалпақ — қарама- қайшылықтарды, отбасындағы қиындықтарды қозғайды. Жасыл қалпақ — отбасының жағымды жақтарын сөз етеді. Қызыл қалпақ — тақырыпты эмоциямен ашады. Сары қалпақ — тақырыпты шығармашылықпен паш етеді. (Өлең шығарады, көрініс көрсетеді). Көк қалпақ — жалпы қорытынды жасайды.

11. Блиц – турнир.
І топ
1. Балдантәтті не? ( бала)
2. Қарашаңыракиесікім? ( кенжеұл)
3. Әкеденбалаңаберілетінзат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адамкім? ( ана)
5. Бес дұшпандыатаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұлатаданкөрмейіншесапаршекпес» кімніңнақылсөзі ( Қорқытата)
7. Жасөспірім бала нешежастанбастапқылмыстықжауапкершіліккетартылады? ( 14 жас)

ІІ топ
1. Тәрбие мен білімніңордасы( мектеп)
2. 18жасқатолмағанадам ( бала)
3. «Өзін - өзітану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
4. Екіадамныңбір - бірінедегенадалдығы ( достық)
5. Бес асылдыатаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Үшарсыздыата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттікрәміздердіата ( елтаңба, ту, гимн)

ІІІ. Қорытынды
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Аман сау болыңыздар!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
1779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі