Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Отбасы-руханилықтың көзі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Отбасы-руханилықтың көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімгерлердің бойына адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды сіңіру. Міндеті: 1. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып білімін байыту. 2. Білімгерлерге қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2022
1118
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі









Shape1

Ашық тәрбие сағаты













Тақырыбы: «Отбасы-руханилықтың көзі»

Тобы: АС-21, ДШ1-18

Мерзімі: 01.11.2021

Уақыты: 13:00

Жауапты: Амиржанова Ж. Орынтаева Ш.







Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: А.Б. Сатыбалдиева

Педагог-ұйымдастырушы: А.Т.Молдабекова

Куратор төрайымы: Ғ.М.Шәлібекова







Тараз,2021

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы-руханилықтың көзі»

Мақсаты: 

1. Білімгерлердің бойына адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды сіңіру.

Міндеті:

1. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып білімін байыту.

2. Білімгерлерге қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу.

3. Тәрбие –туған жерге, ата-анаға деген құрметтен, өзара сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, қазақ әдебиеті, педагогика, психология.

Құндылықтары:

Сүйіспеншілік- отбасына, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау. Өзімшіл болмау, көмек қолын соза білуге үйрету.

Дұрыс іс-әрекет- ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету. Шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, денсаулық және тазалықты сақтау. (жан тазалығы).

Тәрбие бағыты: Отбасы тәрбиесі

Көрнекі құралдар: тақырыпқа қатысты слайд- шоу, бейнефильм, презентация.

Барысы:

1- жүргізуші: Құрметті Ұстаздар, білімгерлер! Атам қазақ қай кезде де тәрбиеге жауаптылықпен қараған. Отбасында баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару.

ДШ 1-18 бен АС-21 тобының білімгерлерімен дайындаған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?

 Отбасы

Ата-ана,  әке, бала ,ата-әже.

Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасынан тәрбие алады. Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыста айтылатын: «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.

1- жүргізуші: Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

Біз – «қазақ» деген ұлы халықпыз. Біздің бойымызда қасиетті қан мен зор құдіреттің сынығы жатыр. Кез келген қазақ ұрпағының бойында ата-баба аманат еткен асыл ой жатыр. Сол ойдың түбінде адамды адам ететін талап жатыр.

2-жүргізуші: Иә, әрине біздей ұлы халықтан ойы көркем, толғауы терең, санасы кең зор тұлғалар дүние есігін ашқан. Даналықтарымен әлемге ақыл-ойдың парасаттылығын шашқан. Күннің нұрындай шашыраған шуақтан мына біздей ұрпақтарына сол ақыл-ойдың түйірінен із қалдырған. Сондықтан да біздің көркем ойлауымыз, ата-баба қанынан дарыған қасиет деп білемін.

Қарсы алыңыздар, Ахметов Мейіржанның орындауында Вальс Амели.

1 жүргізуші- Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.

Атамыз қазақ  «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.



Баланың жақсысы-ата-ананың  абыройы,ары.

Жаманы-қайғысы, азап- соры.

(В.Сухомлинский).

2- жүргізуші -Алдарыңызда видеокөрініс, тамашалыңыздар!!!

Көрініс «Жақсы бала мен жаман бала әрекеттері»

Көрініс қорытындысы

Бұл көріністі қорытындылайтын болсақ, бала ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі. 5 құндылықтың ішінде ақиқат құндылығына жатқызуға болады-шындықты айту, тек қана жақсы сөйлеу мен қажеттіні айту, білімге құштар болу. Бала- отбасы аясында түлеп өседі. Оңы мен солын таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды үйренеді.

(Білімгерлермен кері байланысқа түсу) . Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, неге аяғы осылай болды? Оған себеп не болды?

Қар қылаумен өседі,

Бала сылаумен өседі.

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын .

2 жүргізуші

Жалпы музыка адамды шаттыққа бөлейді. Мұң зарын сейілтеді. Оның әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады.

Музыка-рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!

Шадыбек Назарәлінің орындауында Қыздарбектің «Сылкым кыз» шығармасы


2 жүргізуші

Ойлау арқылы адам ішкі жан дүниесін көрсете алады. Ой арқылы сана сезімнің астарын байқатады. Ойын әдемі де көркем, кестелі сөзбен жеткізген адамның бойында өзгешелік орын алады.

  1. жүргізуші

Білімгерді мәдениетке, оның тілін ұғынуға, тұлға болып қалыптасуына музыка үлкен септігін тигізеді.

АС-21 тобының білімгері Асқарова Дильназдың орындауында Майраның әні «Майра»

Нақыл сөздер ДШ-1-18 білімгерлері .Аспапта сүйемелдейтін МУСТАФАЕВ РУСЛАН

  1. Дұрыс қанаттанған түзу ұшар. 

  2. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. 

  3. Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 

  4. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. 

  5. Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. 

  6. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге. 

  7. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. 

  8.  Әдеп сақтап әманда,
    Әрбір адал адамға.
    Жасасаң бір жақсылық
    Қайтарады саған да.
    Ынтымаққа қосыл да,
    Ықылас қой досыңа
    Ар-мақсатың нақ болсын,
    Ақылыңнан тосылма.

  9. Баланы бетімен жіберме. жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирен.

  10. Бас мүлгісе, сүрінеді» әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда үлгі болар,-

  11. Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең. 

  12. Ана сүтімен бітпеген қасиет 

Тана сүтімен сіңбейді. 


1-жүргізуші - Сан мыңдаған бақытқа, арманға жетелейтін ойлар тізбегінің саны  санамызда арта бергені – адамдық құндылықтарымыздың көбейгені. Әдемі ойлап, көркем жеткізе білу – адамның жетістігі. «Өмір» деген толассыз толқында әсем ойлар бойымыздағы адамдық қасиеттерді ұлықтай берсін. Ойдың көркемдігі бойдың көркемдігі болатындай саналы ойлай білейік достар.

2-жүргізуші

Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатайын мен бүгін,- деп Қасым Аманжолов атамыз айтпақшы

Домбырашылар ансамблінің орындауында «Ерке сылқым»


1-жүргізуші - Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет . Қош сау болыныздар!!!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!