жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты: "Отбасым - бақыт мекенім" 5 сынып
А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие сағаты
Отбасым - бақыт мекенім
5 в сынып
Сынып жетекші: Алденбаева Л.Х.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Отбасым - бақыт
мекенім.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя
туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы
құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін,
тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды
ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге,
отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс – сабақ, пікір алмасу
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ситуациялық сұрақ .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы нақыл сөздер, ситуациялық және викториналық сұрақтар, мадақтамалар, слайд, ән-шашу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Бүгін біз «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер. Ал ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз.
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына
адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін
тәрбие ошағы.
1-жүргізуші: Әкең-қазақ,
шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан
даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп
санағын.
2-жүргізуші: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын
құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас
июге тиіспіз. Сіздерге балалық жүректен
мың
да бір алғыс. Ендеше, Сүлейменова Жазира орындауындағы «Ана» әнін қабыл
алыңыздар.
ІІ.
Сайыс.
1-жүргізуші: Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек.
-
топ: Алтын ұя. 2-топ: Берекелі отбасы
І кезең. Викториналық сұрақтар. Сұрақтарға тез жауап беру керек, дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
1-топқа сұрақтар:
1.Балдан тәтті не?
(бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы?
(ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім
қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды
атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі?
(Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы заң қашан қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. «Басы тасқа тиді»
сөзінің мағынасы (өкінді)
2-топқа
сұрақтар:
1. 18 жасқа толмаған
адам (бала)
2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім?
(С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы
(мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта
білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат,
қакым)
6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмайды)
7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)
8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)
10. Тәртіптің зынданы не? (Ата- ананың тілін алмаған бала)
Екінші кезең. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті «Нақыл сөздер» сайысына берсек. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы) Әр топ кезектесе жарысады.
-
Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.
-
Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.
-
Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.
-
Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.
-
Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағаға, тіпті қала берді үйге келген қонаққа да қарап өседі.
-
Сәбидің Алласы - анасы.
-
Болар бала босағадан.
-
Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете береді.
-
Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.
-
Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.
-
Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.
Үшінші кезең «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1-топқа
1. Мектептен келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайын ба? Бүгін мектепте деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»-деді.Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
2. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2-топқа
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге «Отбасы» туралы эссе жазып келуді тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
Сайысымызды қрытындылаймыз. Мадақтамалармен марапаттау.
ІІІ. Пікірталас
Кезекті ойынға берсек. Ойын «Міндеттемелер таразысы» деп аталады.
Оқушыға «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады
Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»
ІҮ. Қорытынды.
Дыбыстар сөйлейді ОТБАСЫ
«О»-тбасы-кішкентай мемлекеттік ұя.
«Т»-әрбие тал бесіктен дейді атамыз қазақ.
«Б»-аланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
«А»-дам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
«С»-үйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
«Ы»-нтымақ бар жерде білім де тәрбие де болады.
Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз әжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген