Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Отбасым бақыт мекенім"

Ашық тәрбие сағаты: "Отбасым бақыт мекенім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы қарым қатынас, силастық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мақал мәтелдерді айттыра отырып, отбасы құндылығын дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекенім».
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.

Түрі: Ой бөлісу.
Әдісі: «Ашық микрофон» әдісі, «Барабан» әдісі, «WhatsApp» әдісі, «QR-code» әдісі.
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация.
І. Барысы. (Музыка ойналып тұрады)

Көңілді амандасу

Сынып жетекші:
- Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. (Отбасы суретін фонарик арқылы көрсету)
Жауап: «Менің жанұям», «Отбасы».

Сынып жетекші:Тақырыппен таныстыру

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.


Сынып жетекші:- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сынып жетекші:Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Балалар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. «Ашық микрофон» арқылы, ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады. (Барабан әдісі)
Сұрақтар:
 1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
Ата – аналарға сұрақтар (ватсап әдісі арқылы)
1. Балаңызды, қызыңызды қалай еркелетесіз?
2. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?
3. Отбасы тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі?
4. Балаңыздың қандай жақсы істері мен әрекеттерін үлгі етер едіңіз?
5. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Сынып жетекші:-
 Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.


Әкем, анам үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік, құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан, кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем. (М.Мақатаев)

Бұл кім?

Бала, бала, бала! деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан. (Ы.Алтынсарин)

Анаң - күнің жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің - мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын

Сынып жетекші: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік. 
1. Бала тәрбиесі бесіктен.
2. Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
4.Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
5. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
6.Ата бәйтерек, бала жапырақ.

Сынып жетекші: Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты

Балдан тәтті не? (бала)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

 Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

«Менің бақытты жанұям» тақырыбында суреттер салып қорғайды.

«Сиқырлы беттердің сыры» 12 кітапханаға саяхат.

Кері байланыс: «Тілек шамы».
Отбасы - ұшқан ұя жылылықтың мекені. Отбасы атауының мәніне терең үңілер болсақ оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін, тілек айта отырып, жағайық.
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ