Ашық тәрбие сағаты "Қарттарым, аман - сау жүрші"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қарттарым, аман - сау жүрші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам.

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді

сыйлап тыңдай білуге, халқының салт –

дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен

мейірімділікке тәрбиелеу.

Түрі: Пікіралмасу

Әдісі: Ой қозғау, әңгімелесу

Көрнекілігі:  нақыл сөздер,ән тыңдау,видеорлик көрсету.

Барысы:

Мұғалімнің сөзі: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1-жүргізуші: Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Ізі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-жүргізуші: Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін сыныбымыздың белсенді оқушысы Сансызбай Ұлтөренің қариялар жайлы дайындаған баяндамасына береміз.

Мұғалім: Оқушылар жұмбақ шешу арқылы топтарын атап қорғайды, шығармасын жазып оқиды:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай
үнің деп.
Ол кім?    (әже)

Ата-әжесінің мақтанышы, ұрпағы. Ол кім? (Бала)

Оқушылар өз тобы туралы мәлімет береді.

Топқа тапсырмалар беріледі.

Ән: «Атам-әжем» орындайтын: «Бала» тобы

Ән: «Апатайым» орындайтын «Әже» тобы.

Ән: «Әкешім – әнім» орындайтын «Ата» тобы.


Еркебұлан: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап....

1-жүргізуші: Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 27 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады.

2-жүргізуші: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!


Аружан: Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

Мұғалім: Топтық тапсырмалар.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ –ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу.Оқушы жауабына сараптама жасау.

1-жүргізуші: Көрініс: «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді»

А.Қоразбаев. «Қара шал» өлеңін тыңдау

Ақниет: Қалай қиып қарттарды тастайды екен!
Қиналғанын баласы білмей ме екен!
Жастары да олардың келіп жеткен
Жалғыздықтан жабырқап жүріп кеткен.
Өзі кейін шал, кемпір болмай ме екен
Қарттар үйі оларға пана мекен
Қарттар үй болмаса қарттар да жок
Бірақ соны балалар уғар ма екен?


Видеоролик көрсету.

2-жүргізуші: Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе? (ойқозғау)

Нұрдаулет: Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Әлия: Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен
Мерей: Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

Аяулым: Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Сүндет: Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

1-жүгізуші: Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

2-жүргізуші: «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.

Аружан: Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Сабақты қорыту.

1-жүргізуші: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

2-жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай
міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
6646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі