400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қазақ халқының салт - дәстүрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен тәрбиешілрге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары туралы түсініктерін кеңейту.

- Ұлттық құндылық болып табылатын салт – дәстүр түрі «Тұсау кесу» дәстүрі жайлы білімдерін толықтыру.

- Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа,үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа. топпен жұмыс жасауға үйрену.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, көңіл – күйлерін сұрау.

Жетістіктер ағашы. «Көңіл – күйді анықтау»


II . «Сәлем хат» ойыны. (Қуыр – қуыр қуырмаш әуені ойнайды)

Сұрақтар:

  1. Киіз үйдің бөліктерін ата.(шаңырақ, уық, кереге, сыңғырлауық).

  2. Ұлттық ойындарды ата. (ақсерек пен көксерек, асық, алтыбақан, қыз қуу, көкпар, теңге алу,күрес, арқан тартыс).

  3. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, май, қаймақ, сүзбе, кілегей).

  4. Еттен жасалатын тағамдарды ата. (қазы – қарта, жал – жая, қуырдақ, шұжық).

  5. Ұннан жасалатын тағамдарды ата. (бауырсақ, шелпек, нан, жайма).

Бірінші жауап берген оқушыны жанында отырған оқушы бағалайды.

Кейін оқушыларды тәрбиеші жеке - жеке смайликпен бағалау.


ІІІ. Бейне баян көрсету. «Қазақтың салт – дәстүрлері». Экранға назар аударамыз.

  • Тәрбиеші: Бұл бейнебаянда не жайлы айтылған?

Балалар жауабы: Бұл бейнебаянда қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы айтылған.

  • Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызың тақырыбы, яғни не жайлы екен?

Балалар жауабы: Бүгінгі сабағымызың тақырыбы қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы.

  • Тәрбиеші: Осы тақырып бойынша, сабағымызға қандай мақсат қоя аламыз? Бүгінгі сабақта нені білу керекпіз?

Балалар жауабы: (Оқушылармен тақтадан қарап бірге оқу)

  • түсініктерін кеңейту.

  • білімдерін толықтыру.

  • үйрету.

- Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар!

ІV. Қойылым қою.

Мақсатымыз: Біздің негізгі мақсатымыз Қазақ халқында салт – дәстүрлер өте көп, соның ішінде «Түсау кесу» дәстүрі жайлы білімімізді толықтырып, ауызбіршілікке, қонақжайлылыққа. ұйымшылдыққа,үлкенді сыйлауға үйренеміз.

Оқушылар бір – біріне баға береді.

Тәрбиеші бағалайды.

Бағалау критерйлері:

«Тұсау кесер» дәстүрі жайлы толық білді.

Дескриптор:

  1. «Тұсау кесер» дәстүрінің мағынасын біледі.

  2. Өзіндік көзқарас пен ой пікірлерін пайдаланып, қойылым қоя алады.

  3. Қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.


V. Топтық жұмыс. Оқушыларды деңгейі бойынша 2 топқа бөлу.

Мақсатымыз: Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы түсініктерімізді кеңейтіп, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға үйрену.

1 топ – тақтаға киіз үйдің суретін құрастырады. Үйдің негізгі бөліктерін айтады. (топтан 2 бала шығып қорғайды).

2 топ – ватманға қазақтың салт- дәстүрлерінің суреттерін жинайды, қысқаша мағұлмат береді.(топтан 2 бала шығып қорғайды).

Әр топ бір – біріне баға береді.

Тәрбиеші бағалайды.

Бағалау критерйлері:

Топпен жұмыс жасауды білді.

Дескриптор:

  1. Киіз үйдің бөлшектерін айта алады.

  2. Салт – дәстүрлердің түрлерін ажырата алады.

  3. Қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.

VІ. Сергіту сәті: Кинезологиялық жаттығулар жасау. Мақсатын айту.

Мақсаты: Бұл жаттығу арқылы зейін, есте сақтау қабілеттерімізді дамытамыз.


VІІ. «Ыстық картоп» ойыны. Сұраққа тез жауап беру керек, егер жай жауап берсеңдер ыстық картопқа күйіп қаласыңдар.

Сұрақтар:

  1. Салт-дәстүр дегеніміз не?

  2. Тұсау кесу тойы қашан өткізіледі?

  3. Ашамайға мінгізу дәстүрі қашан өткізіледі?

  4. Отбасыларыңда қандай салт-дәстүрлерді ұстанасыңдар?

VІІІ.Кері байланыс:

Балалар бүгін сабақта –

  1. Не жайлы өттік?

  2. Нені білдің?

  3. Не ұнады?

Сабаққа қойған мақсатымызға жете алдық па? (сабақ мақсатын айтып кету).

Өзін – өзі бағалау «Бағдаршам әдісі».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2020
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі