Сабақтың
тақырыбы:
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Сабақтың
мақсаты:
-
Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен
әдет – ғұрыптары туралы түсініктерін
кеңейту.
-
Ұлттық құндылық болып табылатын салт
– дәстүр түрі «Тұсау кесу» дәстүрі
жайлы білімдерін толықтыру.
-
Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа,үлкенді
сыйлауға, қонақжайлылыққа. топпен жұмыс
жасауға үйрену.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Амандасу,
көңіл – күйлерін сұрау.
Жетістіктер
ағашы. «Көңіл – күйді анықтау»
II .
«Сәлем хат» ойыны. (Қуыр – қуыр қуырмаш
әуені ойнайды)
Сұрақтар:
Киіз
үйдің бөліктерін ата.(шаңырақ, уық,
кереге, сыңғырлауық).
Ұлттық
ойындарды ата. (ақсерек пен көксерек,
асық, алтыбақан, қыз қуу, көкпар, теңге
алу,күрес, арқан тартыс).
Сүттен
жасалатын тағамдарды ата. (айран, қымыз,
шұбат, құрт, ірімшік, май, қаймақ, сүзбе,
кілегей).
Еттен
жасалатын тағамдарды ата. (қазы – қарта,
жал – жая, қуырдақ, шұжық).
Ұннан
жасалатын тағамдарды ата. (бауырсақ,
шелпек, нан, жайма).
Бірінші
жауап берген оқушыны жанында отырған
оқушы бағалайды.
Кейін
оқушыларды тәрбиеші жеке - жеке смайликпен
бағалау.
ІІІ.
Бейне баян көрсету. «Қазақтың салт –
дәстүрлері». Экранға
назар аударамыз.
Балалар
жауабы: Бұл
бейнебаянда қазақ халқының салт –
дәстүрлері жайлы айтылған.
Балалар
жауабы: Бүгінгі
сабағымызың тақырыбы қазақ халқының
салт – дәстүрлері жайлы.
Балалар
жауабы: (Оқушылармен тақтадан қарап
бірге оқу)
түсініктерін
кеңейту.
білімдерін
толықтыру.
үйрету.
-
Тәрбиеші: Жақсы,
жарайсыңдар!
ІV.
Қойылым қою.
Мақсатымыз:
Біздің негізгі мақсатымыз Қазақ халқында
салт – дәстүрлер өте көп, соның ішінде
«Түсау
кесу»
дәстүрі жайлы білімімізді толықтырып,
ауызбіршілікке, қонақжайлылыққа.
ұйымшылдыққа,үлкенді сыйлауға үйренеміз.
Оқушылар
бір – біріне баға береді.
Тәрбиеші
бағалайды.
Бағалау
критерйлері:
«Тұсау
кесер» дәстүрі жайлы толық білді.
Дескриптор:
«Тұсау
кесер» дәстүрінің мағынасын біледі.
Өзіндік
көзқарас пен ой пікірлерін пайдаланып,
қойылым қоя алады.
Қарапайым
сұрақтарға жауап бере алады.
V.
Топтық жұмыс.
Оқушыларды деңгейі бойынша 2 топқа бөлу.
Мақсатымыз:
Қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы
түсініктерімізді кеңейтіп,
ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топпен
жұмыс жасауға үйрену.
1
топ – тақтаға киіз үйдің суретін
құрастырады. Үйдің негізгі бөліктерін
айтады. (топтан 2 бала шығып қорғайды).
2
топ – ватманға қазақтың салт- дәстүрлерінің
суреттерін жинайды, қысқаша мағұлмат
береді.(топтан 2 бала шығып қорғайды).
Әр
топ бір – біріне баға береді.
Тәрбиеші
бағалайды.
Бағалау
критерйлері:
Топпен
жұмыс жасауды білді.
Дескриптор:
Киіз
үйдің бөлшектерін айта алады.
Салт
– дәстүрлердің түрлерін ажырата алады.
Қарапайым
сұрақтарға жауап бере алады.
VІ.
Сергіту сәті:
Кинезологиялық жаттығулар жасау.
Мақсатын айту.
Мақсаты:
Бұл жаттығу арқылы зейін, есте сақтау
қабілеттерімізді дамытамыз.
VІІ.
«Ыстық картоп» ойыны. Сұраққа
тез жауап беру керек, егер жай жауап
берсеңдер ыстық картопқа күйіп қаласыңдар.
Сұрақтар:
Салт-дәстүр
дегеніміз не?
Тұсау
кесу тойы қашан өткізіледі?
Ашамайға
мінгізу дәстүрі қашан өткізіледі?
Отбасыларыңда
қандай салт-дәстүрлерді ұстанасыңдар?
VІІІ.Кері
байланыс:
Балалар
бүгін сабақта –
Не
жайлы өттік?
Нені
білдің?
Не
ұнады?
Сабаққа
қойған мақсатымызға жете алдық па?
(сабақ мақсатын айтып кету).
Өзін
– өзі бағалау «Бағдаршам әдісі».