400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг жақсы өтті. Барлық мұғалімдер қатыстты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы қоңырау салтанаты

Тақырыбы: «Қазақстан жолы - 2050 : бір мақсат ,бір мүдде,бір болашақ»

Жоспары:

1. Сәлемдесу.

2. Қонақтармен таныстыру.

3.1-сынып оқушыларын және ұстазын ортаға шақыру.

3. ҚР мемлекеттік туын енгізу.

4. ҚР Әнұранын орындау.

5. Мектеп директорының құттықтауы.

6.Аудан әкімі өкілінің құттықтауы.

7. Аудандық білім бөлімі өкілінің құттықтауы.

8.«Жасұлан» оқушылар ұйымының 1-сынып оқушыларын құттықтауы.

9.1 - сынып оқушыларының тақпақтары.

10.Ата-аналар атынан құттықтау сөз.

11.Алғашқы қоңырау салтанаты.

12.ҚР мемлекеттік туын шығару.

13.Қорытынды сөз.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені- дей келе «Қазақстан жолы – 2050 :

бір мақсат ,бір мүдде,бір болашақ» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы, жарқын болашаққа айқара жол ашты.

«Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені айтылды.Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай өмір сынынан сүріндірмей болашаққа жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге апаратын жол екені сөзсіз.


«Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

Жүргізуші:

Бүгінгі 1-қыркүйек білім күні мерекесіне аудан орталығынан келген құрметті қонағымызбен таныс болыңыздар:

1.Аудан орталығынан келген құрметті қонағымыз:

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Есжанов Шахмардан Сақабай ұлы

Сонымен қатар мектепке келген жас педогогтар мен жас кадрлерді таныстыру мектеп директоры Т.Адилханұлына беріледі.

Жүргізуші:

Жүрегі нұр,өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың - деп ортаға алғашқы әріп үйретер ұстазы Жұмабева Әсел Әбуғалиқызын шәкірттерімен қарсы алыңыздар!

1.Аманжол Дастан

2.Әділ Абдрахман

3.Базарбай Дархан

4.Ермекбаева Гүлбахар

5.Жанат Есбол

6.Құрмантай Мерей

7.Мақсат Айым

8.Теңел Аян

9.Серікбай Назерке

10.Төлегенов Асланбек

11.Ізтілеуов Асланбек

12.Шәміл Исанбек

13.Берікұлы Нұрбақыт

14.Тәңірберген Нұрайдын

15.Есбергенов Данияр

Жүргізуші:

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп,

ҚР-ның Әнұраны орындалсын!

Жүргізуші:

Мектеп қой еліміздің жаны- қаны,

Мектептен басталады білім нәрі.

Білім күнгі мерекелік жиында,

Шырқалсын, Қазақстан Әнұраны!

1.ҚР Әнұраны орындалады.



Жүргізуші:

Бүлдіршіндерді 1-сыныпқа қабылдау рәсімі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Гауһар Молдагулова ұсынылсын.

Жүргізуші:

Салтанатты мерекені ашу және құттықтау сөз мектеп директоры Темірхан Әділханұлына беріледі.

Жүргізуші:

Құттықтау сөз аудан орталығынан келген құрметті қонағымызға беріледі.

Жүргізуші:

2.«Жасұлан» оқушылар ұйымының 1-сынып оқушыларын құттықтауы.

Жүргізуші:

4.1- сынып оқушыларына кезек береміз.

Тақпақтары.

Жүргізуші:

5.Ата-ана болу үлкен сын

Бала өсіру ұлы өнер

Жақсылардың соңынан

Жарқын қыз бен ұл өрер, -дей келе,бүгінгі қуанышты күн тек оқушылар мен ұстаздарға емес,ата-аналар үшін де мереке.Қолдарынан жетелеп әкелген кішкентай балапандардың қадамына ақ жол тілей отырып,сөз кезегі 1-сынып ата-аналарына беріледі.

Жүргізуші:

Нұр шуаққа шомылған,

Дала әсем түзеді.

Күмбір соққан қоңырау,

Үні қандай ізгі еді.

Қоңыраудың сырлы үні,

Жүрегімнің соғысы.

Қоңыраудың сыңғыры,

Тағдырлардың тоғысы,- деп алғашқы қоңырау соғу салтанаты.

6. Алғашқы қоңырау салтанаты

Жүргізуші:

Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 9 сынып оқушысы Талжанов Аслан мен 1 сынып оқушысы Серікбаева Назерке ие болып отыр.

Жүргізуші:

Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп сол қоңырау үніменен,

Қазақтың даласына білім келді.

7. ҚР мемлекеттік туын шығару салтанаты

Жүргізуші:

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, Мемлекеттік туы шығарылсын!

8.Қорытынды:

Жүргізуші:

Мектеп-ана,мектеп -өмір,бүлдіршіндер үшін қызықты да,думанды,қуанышты да мерекелі болсын! Ақ жол бүлдіршіндер! Құрметті қонақтар, ата - аналар және ұстаздар! Осымен 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Шәкірттерімізді ««Қазақстан жолы - 2050 : бір мақсат ,бір мүдде,бір болашақ» атты тақырыпта өткізілетін алғашқы сабаққа қатысуға шақырамыз.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі