400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным - тірегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: №21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебі. 01.09.2018 жыл

Сынып:

11 «ә» сынып

Тақырыбы:

«Қазақстаным –жүрегім, Түркістаным-тірегім!»

Негізгі түйінді идея

Oтaнымыз Қазақcтaнды cүюге, туғaн еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

Оқу мақсаты

Pухани астанамыз Tүркістан туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Tуған жeріміздің таpихын білу.

Tабыс критерийлері

Барлық оқушылар

Түркістан қаласының киелі орын екендігін біледі.

Kөпшілік oқушылаp

Түркістан қалaсында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар екенін біледі

Жекелеген оқушылар

Тақырып барысында сұрақтарға жауап бере алады.

Тапсырма

Уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушы не істейді?

Ресурстар

Сабақты бастау


Шаттық шеңбер


Миға шабуыл

3мин

I. Ұйымдастыру. 1. Амандасу
2. Оқушы назарын сабаққа аударту.
3. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізеді.

Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңбер тұрайық. Ал балалар жүрек түбіндегі лебіздерді бір біріне білдіріңдер

1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қайда орналасқан?

2.Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылыс жүйесі туралы не білесіңдер?

3.Бұл кесенені кім салғызды?

4. Кесенені салғызуда қандай мақсат көзделді?

Оқушылар шаттық шеңберге тұрады.

Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік жақсылықтың белгісі деп айтады және өздеріңнің бойындағы жақсы қасиеттерді достарына тілейді.

Жүрекшенің макеті

Топқа бөлу

5мин

Топтың аттары: Отан, Астана, Түркістан сөздері арқылы топқа бөлемін. Отан топқа-мақал-мәтелдер, Астана топқа- ән, Түркістан - нақыл сөздер

Отан, Астана, Түркістан сөздері арқылы топтасып мағынасын сыни тұрғыдан ойлана отырып қорғайды.

Суреттер

Кіріспе

1мин

Отан әрбіріміздің туып өскен жеріміз отбасымыз. Отанымызды қорғап қадірлеп, қамқор болуымыз қажет.

Тыңдайды, ойланады.


Негізгі бөлім

«Ой қозғау»

10мин

Түркістан туралы өз білетіндерін ортаға салу
б) Түркістан қаласы туралы қосымша мәлімет беру(слайдтар арқылы мұғалімнің түсіндіруі).

1 - слайд:Түркістан қаласы - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданының орталығы.
2 - слайд:Қаланың бұрынғы атаулары.
3 - слайд:Қожа Ахмет Яссауи кесенесі: а) Қожа Ахмет Яссауи
ә) Яссауидің мәйіті
б) Кесене жанындағы ғимараттар
в) Тайқазанның қысқаша тарихы

Өз ойларын айтады

Ноутбук, видео, суреттер


«Аяқталмаған мақал-мәтелдер» жаттығуы

5мин

1.Отаным...

2.Әркімнің өз жері-

3.Туған жерге -

4.Туған жердей жер болмас

Оқушылар мақалды аяқтайды

Плакат

Постер (топтық жұмыс)

10мин

1.Түркістан - рухани астанамыз

2.Отаным алтын бесігім

3.Астана –бас қала

Оқушылар өз ойларын еркін, ашық жеткізеді

Маркер, стикер, плакат, клей, қайшы

Қорытынды бөлім

4мин

1. Түркістанның бұрынғы атауы (Иасы)
2. Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)
3. Жер асты мешіті (қылует, ғибадатхана)
4. Кесене бөлмелерінің бірі (қазандық)
5. Халық Түркістанды қалай атайды? (Екінші Мекке)
6. Кесене жанындағы тарихи ғимарат (монша)
7. Кесене сөзінің синонимі (ескерткіш)
8. Кесенені салғызған атақты адам (Әмір Темір)
9. Яссауидің құнды шығармасы (Диуани Хикмет)
10. Қазақ - түрік университеті кімнің атында? (Қожа Ахмет Яссауи)
VII.Қорытынды:"INSERT"стратегиясы
- Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Қазақ халқының сондай қасиетті жері - Түркістан қаласы. Бұл қала тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Кесене туралы да білімімізді толықтырдық. Кесене сендерді қызықтырды ма? Онда барғыларың келе ме? Мүмкіншілік болса, осындай киелі жерге барып, қасиетті адамдардың басына тағзым етіп отырыңдар. Өйткені, тарихсыз болашақ жоқ. Біздің болашағымыз - сендерсіңдер. Сендер осындай тарихи ескерткіштерді қорғап, көркейтіп, арғы ұрпақтарымызға жеткізетін, еліміздің көркейіп дамуына ат салысатын мына, сендерсіңдер!

Тыңдайды, ой тұжырымдайды


Рефлексия:

2мин

Сабақтан алған әсерлерін бір-бірімен бөліседі.

Жақсы тілектерін айтады.

Стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.11.2018
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі