жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Қазақстаным,саған арналады!
|
Сабақ: Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі Күні: 14.12.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Жанабергенова Мейрамгул Сынып: 7а Қатысқан оқушылар саны: 21 Қатыспағандар: 0 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстаным, саған арналады! |
|||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екендігін дәлелдеу, білімдерін кеңейту; Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту; Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихын білуге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу; |
|||
|
ЖОСПАР |
||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||
|
Сабақтың басы 7 мин |
I.Ұйымдастыру |
|
||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
||
|
Оқушылармен амандасады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы 3 топқа (дарындылар,жас туристер,робототехниктер ) бөлінеді. 1.Әлем әдебиетінде тұңғыш рет мәңгүрттік мәселесін 27 жасында қазақтың қай жазушысы қозғап еді? 2. Білім берудегі заманауи инновациялық саланы атаңыз? 3. Қазақ елінің тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған Түркия мемлекеті екені баршаға аян.Осы мемлекет өз бюджетін қай сала бойынша байытып отыр?
Дарындылар Жас туристер Робототехниктер
|
Амандасады
Ә.Кекілбаев
Робототехника
Туризм саласы |
|
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
1-тапсырма СЖ . «Болжау» әдісі «Мозайка» тәсілі арқылы (Қазақстан картасының суретін сұрақтарға жауап беру арқылы құрастырады) жаңа тақырыпты анықтайды. 1.Қазақ хандығын құрған алғашқы хандар? 2.1836-1838жж Нарынқұмдағы көтерілісті басқарған ақын кім? 3.Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар Алам десең, алыңдар,-деген өлең жолдарының авторы кім және бұл автор туралы не білеміз? Оқушылар, Мына экрандағы ұлы тұлғалар қандай мақсатпен атқа қонып еді? -Әрине, тәуелсіздік үшін,оқушылар!Сіздер сұрақтарға жауап беру арқылы тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстанның картасын құрастырып шығардыңыздар! Ендеше, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз тәуелсіз Қазақстанға арналады. Сабағымыздың тақырыбы «Қазақстаным,саған арналады!» деп аталады. Бүгінгі тәрбие сағатымызда әр түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Сол тапсырмаларды ойдағыдай орындаған оқушыға болашақта білім шыңының биік белесін бағындырсын деген ниетпен қыран бүркіттің суретін ұсынамын. 2-тапсырма. «Ой қозғау» Экраннан бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар бейнероликті көре отырып, түйген ойларын, пікірлерін айтады. -Оқушылар, бейнероликтен қандай ой түйдік? Біз 1991 жылы тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болдық. Елбасы Н.Назарбаев «Еліміздің келешегі жастардың қолында» демекші, тәуелсіз Қазақстанның болашағы сіздер! Олай болса, келесі кезеңге өтеміз. 3-тапсырма ТЖ 3 топқа да топтық тапсырмалар беріледі. 1-топ «Егемен елімнің ертеңімін» тақырыбына эссе жазу; 2-топ Қазақстанды шетелдік қонақтарға жарнамалап ағылшын тілінде таныстыру; 3-топ Аз ғана уақыт аралығында робот құрастырып көрсету.Мектептегі робототехника үйірмесін орыс тілінде таныстыру. -Міне, оқушылар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсеткендей бүгінгі таңда үш тілділік біздің мектебімізде де қолға алынуда. Соның дәлелі сіздерсіздер! |
Әр топтан бір оқушыдан шығып мозайканың сұрағына жауап береді. Сол оқушы топ сардары болып тағайындалады. Керей мен Жәнібек Махамбет Өтемісұлы Қайрат Рысқұлбеков Азаттық үшін, тәуелсіздік үшін күресті Экраннан бейнеролик тамашалайды. Пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөліседі. 1-топ «Егемен елімнің ертеңімін» тақырыбына эссе жазады. 2-топ Қазақстанды шетелдік қонақтарға ағылшын тілінде таныстырады. 3-топ Бір оқушы шығып робототехника үйірмесін орыс тілінде таныстырды. |
|
|
|
Сабақтың соңы 5 мин
|
4-тапсырма ТЖ. -Оқушылар,енді бір сәт өз арман,қиялдарыңа ерік беріңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы айтып тұрғандай,өз еліңе, мемлекетіңе нендей игілікті істер мен жаңалықтар арнайсыңдар? Бұл тәрбие сағатымызда әр оқушының өз еліне арнап жасап жүрген жұмысын көрсетуі керек. Мысалы, біреуі елін басқа елге күй арқылы танытқысы келетінін айтады. Енді бірі Қазақстанды туризм саласы бойынша көркейткісі келетінін айтады. Келесі топ Қазақстанды бүгінгі таңдағы заманауи инновациялық сала-робототехника саласы арқылы әлемге танытқысы келетінін айтады. |
1-топ Бір оқушы шығып күйден үзінді тартады. Енді бірі өз еліне арнауын оқып береді. 2-топ Қазақстанды туризм саласы бойынша көркейткісі келетінін айтып, макет арқылы қорғайды. 3-топ Өз елін қарыштап дамып келе жатырған робототехника арқылы әлемге танытқысы келетінін айтады. |
|
|
|
Кері байланыс 3 мин |
Оқушыларға бәйтеректің суреті бейнеленген перфокарта үлестіру арқылы кері байланыс жүргіземін. |
Құрман «Жаса, Қазақстан» әнін орындайды. Ән орындалып жатқан кезде топ мүшелері сабақтан алған әсерін бәйтеректің суреті бейнеленген перфокартаға жазады. Кері байланыс жазып болған соң,оқушылар «Жаса, Қазақстан» әнін (қолдарына жалауша ұстап) бірге шырқайды. |
|
|
|
|
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. |
|
|
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген