жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған болашақ»
«№3 Денисов орта мектебі»КММ
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТ
«Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған болашақ»
7 сынып жетекшісі
Сатыбалдина Лаура Мерекеевна
Денисов ауданы, 2019 ж.
Өтілетін күні |
07.11.2019 |
Уақыты |
|
Сыныбы |
5 |
Тәрбие сағатының тақырыбы |
«Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған болашақ» |
Тәрбие сағатының мақсаты |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік алу (БҚК); - жаһандық мақсаттар мен Конвенция арасындағы тығыз өзара байланысты түсіну; - барлық балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау; - өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастау. |
Тәрбие сағатының түрі: |
жаңа ұғымдарды талдау, талқылау |
Әдісі: |
проблемалық, ой қозғау, эвристикалық. |
Көрнекілігі: |
слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Болашақтағы балалық шақ» моделі, қосымша көрнекіліктер. |
Тәрбие сағатының барысы:
( оқушылар 2 топқа бөлініп отырады) Балдаурен
-балалықтың балғын күні,
«
Бала дегеніміз -болашақ» деген екен
француз жазушысы Гюго
Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың
пейілі, ниеттері
қандай тұйық болса, көңілдері сондай
мөлдір! «Адамның
бір қызығы бала деген »-деп Абай
атамыз
Балалар, біз екі топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.
1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?
Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа? ( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.
Өлең оқылады. Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Ал
сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Видеоролик «Қиын балалық шақ» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)
2 жүргізуші: Рахат Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы». 2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу). - Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; - Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; - Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Сұрақ: 1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады. 2. Кімді жиі ренжітеді? Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді. 3. Қаталдық көрсетудің себебі? Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады. 4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді. 5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу. 6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен. 7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету. 3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру) 1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз. 2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз. «Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы
құрақ»-деп
тегін айтылмаған болар.Ата-анасын,
аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына
жақсылық тілеген адам, менің ойымша,
болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы
еліне, оның дамуына көп септігін
тиетінін күмәнданбаймын.
Сондықтанда,
жанұяда
тығыз қарым-қатынас болу керек.
Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. 4 сұрақ: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)
1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,
2 Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.
Балалар
құқығын қорғау – егемен еліміздің
асты құндылықтарының бірі. Сол үшін
өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,
қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында
аянбай еңбек етуі керек.
Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.
|
|
.
-топ:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген