жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Қазығұртым киелі-құт мекенім
Сабақтың тақырыбы: «Қазығұртым –киелі, құт мекенім»
Мақсаты: Туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеу,ауданның 90
жылдық мерей тойын кең көлемде дәріптеу
1-жүргізуші Бүгінгі тәрбие сағатының ашылу салтанатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмыз “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
2 -жүргізуші Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Олай болса Қазығұрт ауданына 90 жыл толуы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.
-
Оқушы Көк Тәңiрi адам баласын жаратуын жаратып алып, кейiн адамдардың тәубасынан жаңылып, әбден шектен шыға имансыз болып кеткенiн көрiп, қаһарланып, топан суын қаптатып жiберген екен.
Жаңа бiр пәк дүние жасау үшiн Нұх пайғамбардың кемесiне адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсiмдiктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың кемесi Қазығұрт тауының басына қайырлапты.
Сол кеме Синай тауының басында қалған деп еврейлер айтады. Арарат тауының басында қалған деп армяндар айтады. Және олар сол Синай мен Араратты өте-мөте қадiрлеп, құдайдай қасиет тұтады.
Синай мен Араратқа арналған халық туындысы бар ма, жоқ па, бiлмеймiн.
Ал қазақтар осыдан мыңдаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенiң тұтқасы тұтып:
Басында Қазығұрттың кеме қалған,
Болмаса кереметi неге қалған?! –
деп басталатын ғажайып дастан тудырған.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Не көп – тау көп. Солардың бәрiне халықтың ықыласы мен махаббаты мұншалық- ты түсе бермеген.
2-оқушы Қазығұрт – қазiр де көптеген түрлi көркем туындылардың тақырыбы. Заты – мұның бәрi тектен-текке емес. Халық бiлмей айтпайды.
Қазығұрттың жасы – мың-миллион.
Ал Қазығұрт ауданы жетпiс жасқа толды.
Ел-жұрт Қазығұрттың қадiрiне жетiп, киесiне табынып, ауданның жетпiс жылдығын атап өте ала ма, жоқ па?
Заман қысталаң, той не керек деушiлер табылады. Бiрақ барлап қарап тұрсаң, бiреу жетпiске толса да той, баланы сүндетке отырғызса да той. Мешiт ашылса да той. Құдай тойдан айырмасын.
Ал ендi Қазығұрттың жөнi бөлек. Ол Ұлы Жiбек жолының бойында тұр. Шет елге шықсаң, жай бiр тарғыл тасына дейiн туристердi апарып, түймедейiн түйедей етiп көрсетедi. Жiбек жолы бойын жайнатқанға не жетсiн! Мiне, бiздiң Жерiмiз! Бiз кiмнен сорлымыз? – деп ауыз толтырып айтарға басқа жәдiгерлермен бiрге, Қазығұрт әсiресе лайықты. Асылы, Қа- зығұрт маңайын ұлттық үлкен қорыққа айналдырса, кәнекей. Айналасы – Төле би ауданы, атақты Ақсу-Жабағылы. Шетелдiк меймандарға ұялмай-қызармай көрсететiн кереметтер. Ау- данның жетпiс жылдығын атау – Қазығұрттың мерейiн асыра түсу. Қазығұрт арқылы халық рухтанады. Мына заманда анау жоқ, мынау жоқ деп жүнi жығыла бермей, адамдардың еңсесiн көтерiп, елiн, жерiн сүюге, сол арқылы кең байтақ Отанды сүюге шапағат болады.
Аудан, облыс басшылары бұл тiлектi ескерер деп үмiттiмiз.
Баршаңызды Қазығұрттың киесi қолдасын!
Шерхан МҰРТАЗА
3-оқушыҚазығұрт маңы – бiр кездегi Түрiк қағанаты құрылғанда Батыс орданың орныққан жерi, «Қорқыт ата» мен «Оғыз намада» жырға қосылып, Тәуке хан мен Төле бидiң жайлауы болған тау. Бәйдiбектiң шоқысы Қазығұрттың оңтүстiгiнде, «Орда қонған» деп аталатын мекенi Шығыс сiлемiнде болса, сол ұлы бабамыз- дың бейiтi солтүстiгiнде жатыр.
Ал шығысындағы Батыс Тянь-Шань тауларынын етегi са- налатын тiзбек таулардағы Өгем, Қаржан, Шымған қыраттары мен табиғаттың тамаша тартулары Ақсу-Жабағылы, Шатқал, Шарбақ қорықтары өз алдына бiр төбе. Мiне, осы табиғат бай- лықтарын аман сақтап, келесi ұрпақтың иелiгiне тапсыру мақ- сатында бастама көтерген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Елбасыларының ниеттерi қабыл болып, өткен жылдың соңында Батыс Тянь-Шань табиғи аймағын сақтап қалу жөнiнде шешiм қабылданып, оған Халықаралық даму банкi қаржы бөлетiн болды. Мiне, қасиеттi Қазығұрт тауы дәл осы аймақтың орта белiнде тұр.
Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы жер кiндiгi – Памир, Алай,
Қазығұрт қасиеттi тау болмаса,
Топанда Нұх кемесi тоқтар қалай?
Ежелден жер емес ол қарапайым
Бiлесiң тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиеттi құмар болған,
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын
4- оқушы
Ендi қазақ арасында тараған аңызға тоқталайық. Мұнда да топан су, мұнда да кеме, мұнда да үш баласы бар бiр жанұя. Тек кеменiң тоқтаған жерi Синай да емес, Арарат та емес. Кеме аласа ғана тау Қазығұртқа қайырлаған. Осы жерде бiз Нұх пайғамбар жөнiнде шығыстағы араб-парсылар арасында тараған нұсқасына да тоқтала кетейiк. Сол аңыздардың жиынтығы Бурһанеддин ұлы Қазы Насреддин Рабғұзидiң «Рабғұзи қиссалары» («Қисса Рабғұзи») атты 1310 жылы жазылған кiтабында топтастырылған. Осы кiтаптың баяндауы бойынша Нұх пайғамбар топан суды Алладан өзi тiлеп алған. Оны мұсылман дiнiне енiңдер деп үгiт- насихат таратқаны үшiн кәпiрлер тас пен кесек атып зәбiрлеген. Осыдан (кәпiрлерден) құтылу үшiн ол Аллаға жалбарынып, топан су жiберуiн өтiнедi. Осы топан судың басы таңсәрiде нан жауып тұрған бiр кемпiрдiң тандырынан басталап, соңынан барлық жерден су шыға бастайды.
5- оқушы Аспаннан жауын жауады. Кәпiрлердiң бәрi судан қашып, тауға өрмелейдi. Тек судың деңгейi сол ең биiк деген таулардан қырық кез жоғары көтерiледi. Кәпiрлер опат болады. Солардың iшiнде Нұхтың үлкен ұлы Канан да кетедi. Өйткенi ол кәпiр болатын. Шыныдан сандық соғып, соның iшiнде аман қалуды қарастырғанмен, одан ешнәрсе шықпайды. Кеме тоқтаған соң жаңа өмiр басталады. Рабғұзидiң жазбаларында Нұхпен бiрге кемеге мұсылман дiнiн қабылдаған сексен кiсi қосыла мiнген. Бұдан әрi кiтапта Нұхтың қызы туралы, тағы басқа әңгiмелер бар.
Топан су жайлы аңызды Әбiлғазы өзiнiң «Түрiк шежiресi» атты кiтабында да келтiредi. Бұл автор өз баянын Адам атаның топырақтан жаралғанынан бастап, оның ұлдарының билiк жүргiзген мезгiлдерiне тоқталады. Өзi мың жыл жасаған Адам ұрпағының ең көбейген мезгiлi Мәһлайыл билiк жүргiзген тұс едi дей келiп, сол тұста Бабыл жұртында (Вавилония) Сос атты қала салдырғанын, кенттердiң көбейгенiн айтады. Осы Адамның ұрпақтарының бiрi Нұх екi жүз елу жасқа келгенде құдай тағала оны пайғамбар етiп, ел арасына жiбердi. Нұх халықты мұсылмандыққа жетi жүз жыл үгiттегенде ерi бар, әйелi бар бар- жоғы сексен адам ғана мұсылмандыққа бас иедi. Осыған ренжiген Нұх құдайдан әлгi адамнан басқаның бәрiн жоқ қылуын өтiнiп, дұға оқиды. Осы дұғасы қабыл болып, Нұхқа құдайдың атынан Жәбрәйл елшi болып келiп, топан су басатынын, сондықтан әлгi сексен адаммен қоса барлық жануарлар мен өсiмдiктерден бiр- бiр жұптан кемеге отырғызып, аман қалуына әрекет жасауын тапсырады. Нұх пайғамбар осылай еттi. Кемеге раджаб айының алғашқы күнi мiнген топ алты ай он күн су үстiнде болып, мүхаррам айының оны күнi жағаға шығады. Кеменiң қайырлаған жерi – Шам жұртындағы Мүсiл шаһарының Жудда тауы. Кемеде көпшiлiк адам ауруға шалдығады. Ақыры Нұхтың үш ұлы мен үш келiнi ғана сау қалып, қалған адамдардың бәрi қайтыс болады. Нұх пайғамбар үш ұлын үш жаққа: Хам атты ұлын Үндiстан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлынСолтүстiк жаққа жiбередi.
6-оқушы Осы үшеуiнiң кенжесi Иафестен Түрiк, Хазар, Саклап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегiз ұл ербидi. Иафес өлерiнде өз орнына Түрiктi отырғызып, патша деп жариялайды. Ол өзiне аса ұнаған Ыстық көл деген жердi мекен етiп, тұрып қалады. Мiне, осы Түрiктен Түтiк, Хакал, Барсажар, Амлақ атты төрт ұл қалады. Түркi тұқымдас халық осы Түрiктен тарайды.
Мiне, Батыс пен Шығыс елдерiндегi Нұх-Ной пайғамбар мен Топан су туралы аңыздар осылай өрбiген.
7-оқушы Сонымен, Нұх пайғамбар кемесiне барлық жануар мен жәндiктi, тал мен шөптi немесе солардың дәнiн (ұрығын) жұптап жайғастырғанда кемеден орын берiлмей қалғандары да болған. Соның бiрi – шайтан. Бiрақ шайтан кемеге кiрудiң жолын табады. Кемеге жануарларды айдап кiрерде шайтан есектiң құйрығынан ұстап, керi тартып жiбермей тұрған. Осыны көрген Нұх: «Әй, малғұн, неге тұрсың? Кiр кемеге!» деп айқай салады. Осы сөзден кейiн шайтан зып берiп кемеге кiрiп кетедi. Нұх пайғамбардың: «Сен неге кiрдiң?» деген сұрағына «Өзiңiз «кiр малғұн!» деп менiң атымды атап бұйырдыңыз ғой» деп жауап бередi. Пайғамбар қарсы келе алмай қалады. Ал шайтанды кiргiзбеудiң мынадай себебi бар едi. Нұх пайғамбар барлық өсiмдiктiң ұрығын жинастырғанда жүзiмнiң ұрығын таба алмай қояды (Оны шайтан ұрлап алған болатын). Барлық хайуанаттардан сұрап, еш нәрсе өнбеген соң шайтаннан сұрайды.
8-оқушы «Жүзiмнiң ұрығына үш мәрте су құюды маған тапсырсаңыз, тауып берейiн» деп жауап қатады шайтан. Нұх келiсiм бередi. Ал кемеден шығып, ұрықтарды жерге шашып, өсiмдiк пен жемiс өсiрер кезде шайтан уәде бойынша жүзiмдi үш рет суғарды. Тек алғаш рет түлкi қанымен, екiншi рет жолбарыстың қанымен, үшiншi рет доңыздың (шошқаның) қанымен суғарды. Осының әсерiнен арақ-шарап пайда болды. Оны iшкен адам алдымен түлкi болып, өмiрiнде көрмеген адаммен ауыз жаласады, одан соң жолбарыс болып бар дүниесiн оңды-солды шашады, ал соңынан доңыз болып, ешнәрсемен iсi болмай, адамгершiлiк қасиеттерден жұрдай болады. Соңынан Нұх пайғамбар көп азаптанып жүрiп, жүзiмдi және екi рет суғарады. Оның бiрi – пейiштегi Ранжбибил бұлағының суы едi де, екiншiсi Салсабил бұлағының суы болатын. Осыдан барып шырын (сусын) мен мейiз пайда болады.
Мiне, шайтанның осындай шайтандық жасайтынын бiлiп, оны кемеге отырғызбаудың амалын қарастырғанда, ол өзiнше айла жасап, «малғұн есектiң емес, менiң атым» деп кемеге кiрiп алған болатын. Айтпақшы, кемеге алғаш кiрген шегiртке (кейбiр деректерде құмырсқа) дейдi. Кеменiң iшiнде үш түрлi хайуанат жоқ болыпты: доңыз, мысық, тышқан. Ұзақ жүрген кеменiң iшi әбден ыласталғанда Нұх пайғамбар жаратқанға және жалбарынады. Ол «пiлдiң арқасын сипа» деп нұскау бередi. Осы нұсқауды орындағанда пiлдiң тұмсығынан доңыз түседi. Ол хайуандардың нәжiсiн жеп, кеменi тазартады. Кемеден орын алып алған шайтан шайтандығын жасамай жүр- сiн бе? Барып доңыздың арқасын сипаса мұрнынан тышқан түсiп, ол қашып жүрiп кеменiң ағашын кемiрiп, еденiн теседi. Осы жерден су атқылай бастағанда Нұх пайғамбар және жо- ғарыға жалбарынады. Жоғарыдан: «Бұл – тышқанның iсi. Жолбарыстың арқасын сипала» деген нұсқау келедi. Жол-ба- рыстың арқасын сипалағанда оның мұрнынан мысық түседi. Түсе сала-ақ тап берiп, тышқанның көзiн жойып, сазайын тарт- қызады. Бiрақ атқылаған су тоқтамайды. Ендi Нұх пайғамбар айналасындағылармен ақылдасады. Сонда жылан:
– Мен тесiктi бекiтiп, суды тоқтатсам, не берер едiңiз? – деп сұрайды.
– Не тiлесең, соны беремiн, – деп жауап қылады Нұх пайғамбар.
9-оқушы – Кiмнiң қаны тәттi болса, соны берiңiз.
– Құп болады, – дейдi әбден амалы таусылған Нұх пайғамбар.
Жылан суға сүңгiп кетедi де кеменiң тесiлген жерiн тауып, тығын болып жата қалады. Қалғандары кеме iшiне жиылған суды сыртқа төгiп, кеменi судан тазартады. Сонан соң тесiктi мықтап бекiтедi. Ал кеме тоқтап, бәрi жерге түскенде жылан Нұх пайғамбардан өз уәдесiн орындауды талап етедi. Нұх пайғамбар қай мақұлықтың қаны тәттi екенiн анықтау үшiн масаға бұйрық берiптi. Маса бәрiнiң қанын татып көрiп, адам қанынан тәттi қан жоқ екенiн байқап, осыны баяндауға келе жатқанда, алдынан қарлығаш кездесiп қалады. Ол масаның адам қаны тәттi екен деп жауап беруге келе жатқанын бiлген соң айла жасап:
– Онда мен де бiр жалап көрейiн, тiлiңдi шығаршы, – дептi масаға.
Маса тiлiн шығара бергенде қарлығаш оны тұмсығымен үзiп алып, маса сөйлей алмай дүңгене болып қалады. Ол Нұх пайғамбарға келгенде, қарлығаш та соңынан келiп тұрған екен. Нұх пайғамбар масаның қырылдап тұрғанына қарап:
– Ей, саған не болған? Кiмнiң қаны тәттi екен? – деп сұрағанда, қарлығаш жұлып алғандай:
– Әлгiнде ғана маған «бақаның қанынан тәттi қан жоқ екен» деп келе жатқан. Кешiгiп келгенi үшiн сiздiң сұсыңыздан қаймығып, сөйлей алмай тұр ғой, – деп жауап берiптi маса үшiн.
Нұх пайғамбар жыланға бақаны соруды бұйырады. Ал жылан болса қарлығаштың адамға болысып, өзiне қастандық жасағанын сезiп, оған тап бергенде, тек құйрығының ортасын тiстеп қалған екен дейдi. Қарлығаштың құйрығының айыр болуының себебi осы екен. Сол заманнан берi қарлығаш өз ұясын үйге салып, адаммен бiрге тұруға үйiр болған екен. Ал жыланның үйдiң боғаты мен төбесiне өрмелеп жүретiнi – сол баяғыда қарлығашта кеткен кегiнiң есесiн қайтармақ болған әрекетi.
Ұзақ уақыт жүзiп, кеме тау басына қайырлағанда, ендi айналадағы судың қаншалықты тартылып, жердiң құрғауын байқау үшiн барлаушы жiберетiн мезгiл келедi. Сол кезде қарға: «Мен барайын», – деп тiлек бiлдiредi.
– Онда саған бiреу кепiл


Би Қазығұртым
Ән: Ауылым
Би:Күй шашу
Қонақтарға сөз беріледі
Би: Кокпар
-
«Өзінен баста: Туған жеріңе не бересің?» ойыны
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз)
Туған жер әні Хор
Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген