Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Қош бол, Әліппе"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Қош бол, Әліппе"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппе оқулығын аяқтап, ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2024
58
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош бол, әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, кинолента.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, әліппе!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.

-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Қош бол, әліппе!» атты мерекелік кешімізді бастаймыз! 1-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші: Әліппе

Армысыздар аналар!

Бармысыздар балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналар,

Бүгінгі жыр әніміз – дей отырып, бүгінгі жиылып отырған себебіміз, менімен Әліппемен қоштасу. Менің досым, Ана тілімен достасу кеші болып тұр. Бүгінгі кешті досым ана тілімен бірге жүргізбекшіміз.

2-жүргізуші: Ана тілі

Рақмет, Әліппе. Ендеше бүгінгі кешімізді барынша қызық етіп өткізейікші.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ болып бүгінгі өзге тойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!

Әліппемен қоштасу тойымызға!

1-жүргізуші:

Өсті міне ойларың,

Өсті міне бойларың,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

2-жүргізуші:

Олай болса әсем әнмен сусыңдап, мың бұралған ұл-қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!

Эсминаның орындауында «Ұстазыма» әнін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Ана тілі сен білесің бе? Мен 4 ай бойы осы 1-сынып оқушыларымен танысып, достастым, бауыр бастым.

2-жүргізуші:

Ал, әліппе олай болса сол достарымызды ортаға шақырып, өнерлерін тамашалайық.

Мединаның орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Армысың сен , алтын ұя мектебім. 

Саған айтар жыр- алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын , 

Мектебіме арналады бұл әнім!

2-жүргізуші:

Дұрыс айтасың, Әліппе. Осы мектебімізден қаншама адамдар, біздің ата-әжелеріміз, әке-аналарымыз білім алған. Осы мектебімізден не үйрендік, не білдік? Бұл сұраққа жауапты Саядан сұрасақ

Ән «Мектеп бізге үйретеді»

2-жүргізуші:

Сен білесің бе, Әліппе мына тұрған балалар сенен әріп таңып жазып, сызуды үйренді. Сол балалардың саған айтар арнаулары бар екен.

1 - оқушы: Дарын

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе


2 - оқушы: Эльвина

Ата – апа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.


3 – оқушы: Медина

Әріп деген не? - десең:

Ол – дыбыстың таңбасы

Сөз құрай білсең сен

Болар білім қамбасы


4 - оқушы: Ерқанат

Танысаң әріп қарасын

Боласың сен сауатты

Кітаптардан табарсын

Көп сұраққа жауапты.


5 - оқушы: Аяжан

Жаттап алсан әріпті

Саналы өмір сүресің

Бұрынғы өткен тарихты

Әріптермен оқып білесің


6 - оқушы: Кәусәр

Небір ғалым, ғұлама

Сырласады сенімен

Боласың сен де бір бала

Ой өрісі кеңейген


7 - оқушы: Эмина

Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе. 

8-оқушы: Інжу

Ең алғаш алғанымда Әліппені 
Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
9-оқушы: Сая

Әліппені алып қолыма 
Білімнің аштым есігін. 
Ақ ниет тілеп ,жолыма 
Жазылды тұңғыш есімім. 

 

10-оқушы:Сымбат

Үйретті бізді әліппе 
Қырық екі дербес әріпке. 
Сөз,сөйлем құрап әріптен 
Лайық болдық дәріпке. 

11-оқушы: Эсмина

Іші толы әріпке 
Мынау әйбат Әліппе! 
Барлық ілім білімнің 
Әжесі осы Әліппе. 

1-жүргізуші: Алғысым шексіз сендерге балалар. Көңілім бір көтеріліп қалды. Бұл балалар жан-жақты өнерлі екен. Ал енді 4 ай бойы менімен бірге не үйрендіңдер қандай әріптермен таныстыңдар айтып беріңдерші.

Ән «Әліппе»

«Қамажай биі»


Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз. Бұл қоштасу тек балаларымыздың ғана емес сіздердің де әліппемен қоштасуы болып тұр.

Ата аналармен ойын.

Музыка қосылғанда билейді. Музыка тоқтағанда қағаздардағы әріптерді алуымыз керек.

Би «Барби»

1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Барлық әріп бағалы 
Сөзге тірек болады. 
Жетелеймін білімге 
Мені сүйген баланы. Дей отырып балалар мен сендермен ерекше қимастықпен қоштасқалы отырмын. Сендердей дарынды, мейірімді, талапты достар тапқаныма ерекше қуаныштымын. Сендермен қимастықпен қоштасқалы отырмын. Алайда сендерді өзімнің досым ана тілін табыстап кетемін. Менімен қалай дос болсаңыздар ана тілімен де дәл солай дос болып бірге осы оқу жылын аяқтайсыңдар деп сенемін. Алғысым шексіз сендерге балалар!

2-жүргізуші: Рақмет саған әліппе, қош сау бол! Алдағы уақытта мен сендермен бірге достасып, сөз бен сөйлемнің құрамын, мәтін түрлерін және де жүйелі сөйлем құрауды үйренеміз! Мен сендерге сенемін балалар! Ал енді осымен біз әліппемен қоштасу кешін аяқтаймыз.

Ән: «Біз бақытты баламыз!»

Оқушыларға дипломдары табысталады. Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі. 
Мұғалімнің тілегі: 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы әрқашан мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын. 
Осымен бүгінгі 1-сынып оқушыларымен өткен «Қош бол, Әліппе!» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!