400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық тәрбие сағаты Қош бол, бастауыш! 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өзімнің 4-сыныпта бастауышпен қоштасу ашық тәрбие сағатымды жариялап отырмын. Бұл материал 4-сыныпты бітіртіп отырған ұстаздарға, ғаламтордан ізденіс үстінде жүретін жас мамандарға керек болар деген ойдамын. Ішінде тұшымды ойлар мен тақпақтар жазылған. Жүргізушілердің бір-біріне әзілдей сөйлеп сахнада өздерін еркін ұстауы жақсы келтірілген. Ол басқа ізденген ұстаздарға көмегі тиер деген үміттемін. Өзімде керекті мәліметтерді ізденіп оқып, жазып алып отырамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы

С.Көбеев атындағы № 56 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қаныбек Халия

«Қош бол, бастауыш !» сынып сағаты
Мақсаты:
Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар. Қанатты сөздер.
1 - жүргізуші: Мына жердің сондай құлпырғанына жол болсын. Рабиға, мұнан сенің қандай хабарың бар?
2 - жүргізуші: Жомарт- ау, қандай хабарың барың не?! Бұл жерде үлкен мереке. Ой, сенің осы әдетің - ай, үнемі жаңалықтан құр қалып, кеш естисің де жүресің.
1 - жүргізуші: Олай болса мен естімеген қандай жаңалық?

Ойхой, мына қыздардың биін қара, көңіл - күйін қара? Бұл керемет билеп жатқан кімдер?
2 - жүргізуші: Бұлар бастауышпен қоштасып жатқан 4 - сынып оқушылары. Біле білсең бұлар біздің сыныптас достарымыз.

– Жомарт, сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой?
1 - жүргізуші Дұрыс айтасың Рабиға, қуанышпен қатар көңіліме кірбің ұялап тұрғанын да жасыра алмаймын. Өйткені біз бүгін білімнің бастауы болған бастауышпен, ең қиыны ең алғаш қолымызға қалам алдырып, әріптерді жаттатқызып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазымызбен де қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Ияяя, Жомарт... мұңайма. Бұл біздің кішкене болса да есейгеніміздің белгісі. Одан да өткен 4 жылға шегініс жасап, алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттерімізді еске түсірейік.
3 - жүргізуші: Жарайды айтқаның болсын.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
4 - жүргізуші: Әсем бөлме, терезелер жап - жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта, аппақ парта қаз қатар
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.
1 - жүргізуші: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
2 - жүргізуші: Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тыныштандырып.
3 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
4 - жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметпен шақыралық,
4 - сынып оқушыларын ортамызға.
1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.

2 - жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.

Хор:Ардақты ұстазым
3-жүргізуші: билегім келіп тұршы

4-жүргізуші: Ақбота, ендше кеттік билейік!

Вальс: Арыс жағасында.


Марат: Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

Ерасыл : Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.



Нұрай: Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айнұр апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

Рамазан: Өзге тілді үйреткен,

Қызықтырып біздерді,

Ағылшынша сөйлеткен,

Апайларға рақмет


3 - жүргізуші Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.


Зарина: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген-

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Асқар таудай әкелерімізге арнап Динара «Әкешім» әнін орнындайды

2-жүргізуші: Анау келе жатқан кімдер екен

1-жур: Атасы мен балаларын секілді ғой тамашалайық. Көрініс:Ата ақылы


3 – жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген . Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

4 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Бағжан.

Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Мерей: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Айлара: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ақбаян: ана туралы өлең

3-жүргізуші: Аналарымызға қанша ән би арнасақ та жараспа ма?

Қайыржанның орындауында Ән :«Анашым»

2-жүргізуші: Ой мына әзілқой жігеттер қайдан жүр екен?

Жігіттердің орындаунда:КВН

3-жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

4- жүргізуші: Мектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені.

Азат: Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Қасым: Сауле, Гүлнар апайлар орыс тілін танытқан,
Ойландырып ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға тілеріміз жақсылық,
Арналады өлең атты шабыттан.

Орысша тақпақтар айтылады.


1-жүргізуші: Рабиға, бол жанымда

2-жүргізуші: Жомарт, не дейсің?

1-жүргізуші: Ән: Бол жанымда жігіттердің орындауында

1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?

2-жүргізуші: әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» -деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

3-жүргізуші: Дұрыс айтасың Рабиға, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

4-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өшіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға ранаймыз!

Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биітерден көрінеміз,

Үмітпен сеніміңіз ақталады

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден


3- жүргізуші: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

4- жүргізуші: Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

Би: «шығыс  биі»

Елнұр: Хат танытып, үйреткен әріптерді,

Ұстатып алғаш қолға әліппені.

Рахмет ұстазыма дәріс берген,

Үйреткен ғылымдарды өнерменен.

Нұрдәулет: Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,

Сізден алған біліммен біз өсеміз.

Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз,

Көрініп әлі талай биіктерден.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі