400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қош бол сүйікті балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар шағын орталықпен қоштасып мектепалды даярлық сыныбына баратындарын түсіну, оқуға деген көзқарастарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қош бол сүйікті балабақшам»

Жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыздар баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Балдырған бүлдіршін түлектерді- деп мектепалды даярлық тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.( Осы кезде балалар музыка әуенімен келіп, жарты шеңберге тұрады.

Сәлемдесу «Үш тілде»

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған біздің топтың түлектері.

- Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене сәби болып келген балаларыңыз алдарыңызда. Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. «Қош бол сүйікті балабақшам » атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.

Құрметті қонақтар, армысыздар

Бәріңізде есен- сау бармысыздар,

Таусылмастай ағытып ой –арманның,

Ал достарым қысылмастан сөйлегін.

Жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайың

Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

-Енді тобымыздың балабақшаға арналған өлең, жырларын тыңдаңыздар.

Исатай:

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Оқып білім аламыз.

Асланбек:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі бала боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғаймыз.

Ізет:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз,

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз.

Диана:

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып

Біз мектепке барамыз.

Мәдениет:

Өтті міне, қызық шағым,

Балабақшам- балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Аяулым:

Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді

Енді ертіп келмеймін.

Би: «Көбелектер»

Тәрбиеші:- балалар. біз сиқырлы ойын ойнайық. Ойынның аты: Сиқырлы жауап «ия, ия», «жоқ, жоқ» деген. Мен сұрақтар қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тәрбиеші. е-е , уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Осы балабақшадан менің сыныбыма өтетін балғындарға өте ризамын. Десек те, Сіздерге даярлық сыныбына өту оңай емес. Даярлық сыныбына өнерлі, білімді, шығармашыл балаларды қабылдайды.

Тәрбиеші:- Балалар қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Олай болса балалар, мен сендердің балабақшадан алған білімдеріңді тексеріп көрейін солайма? Қызықты математика оқу іс- әрекеті бойынша түрлі есептер берейін.

Атам, әжем, аға мен інім және мен, анам және енесі, енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп, жеңешем кірді майысып. Неше адам болдық? (10 адам)

Дүкеннен анам төртбұрышты екі доп әкелді. Біреуін ініме бердім, нешеуі қалды? (Төртбұрышты доп болмайды)

–Енді 1-ден 20 ға дейін тура және кері санап беріңдер?

Сауат ашу оқу іс –әрекеті бойынша сұрақтар:

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Мына сөздерді оқып беріңдер?

Би: «Джентельмендер»

Ән: «Сен мен және бәріміз»

Би: «Мы маленкие звезды»

Тәрбиеші:- құрметті тәрбиеші апайлар балғын бүлдіршіндер, өздерін тәрбиелеп, мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір- бір шумақ өлең жолдарымен білдіргілері келіп тұрған сияқты.

Тәрбиеші: -Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------)
Тәрбиеші:

Алуға терең білімді,

Мектепке енді кеттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Сәтті болсын жолдарың

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім,

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып бір жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған.

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік.

Ата – аналар!
Балаларыңыздың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.

қайту



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі