400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Қош келдің, Наурыз" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурыз мерекесі" қарсаңында сыныпта тәрбие сағатын өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

 

Мақсаттары:

Білімділік:

Оқушыларға «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

 Дамытушылық:

Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету.

Тәрбиелік:

Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал -мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.

 

Барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі;

ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

 

І. Кіріспе сөз. Мұғалім:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

Наурыз – парсы сөзі, қазақша мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы – жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын – Ұлыстың ұлы күні деп атаған. «Ұлыс» деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. Наурыз айында мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады.

Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткіздік.

Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

 1 – жүргізуші:

Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар,

                          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

                          Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

                          Балғын шақты біз бақытты балалар!

 

 2 – жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

      Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

      Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

      Би - биленіп, ән де бүгін шырқалар!

 

Ән: Айтқазынов Қуаттың орындауына «Домбыра» әні.

 

Оқушы:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

 

Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).

Наурыз - қыз:

«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір - біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Тыңдаңыздар енді халқым,

Жыл иесі барысты.


 (Ернұр) - Барыс: Мен барыс, жыл алды бола білдім.

                  Жалғаймын сиыр жылдың жора күнін.

                  Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

5 «А» сыныптың қонағымын.

 

Мен барыспын, жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

Бұл сыныптың, намысының бастауымын,

Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.

 

1 – жүргізуші:

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады).


Ән орындалады. Оразтаев Ерұлан

 

2 – жүргізуші:

Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.


 Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!


1 – жүргізуші:

Қызыр ата ортамызға келіп тұр.

Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп.

Сәлем беріп, алақанымызды жайып,

Алайық атамыздың ақ батасын.

Серікбол Қызыр ата бата береді:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын!


2 – жүргізуші:

Уа, халайық, құлақ сал!!!

                     Жақсылыққа қашанда,

                        Жан баласы тоймаған,

                        Жаңа жылдың басы деп,

                        Жылда бізбен тойлаған.

                        Шашу шашып көл - көсір,

                        Көжесі қазанда қайнаған.

 

Жансая:       Әнге ырғағы жарасқан,

                          Асқар таудың шыңдары.

                          Ақ жаулықты аналар!

 

Қанат:      Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

 

Индира - Әже:

Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

 

Айтбергенов Ерасыл:      Шалқытып мерекеде ән салайық,

                           Би билеп, ән, өнерге тамсанайық.

                          Аңызбен, ертегімен бізге жеткен.

                          Құрметті қонақтарды қарсы алайық.


Қуат:         Жоғарыға шықсын қонақтар.

                        Келіп тұрған алыстан.

                        Құттықтайды сіздерді,

                        Наурызда бізбен қауышқан.

Бауыржан:           Ал, халайық тұрмайық.

                         Әндетейік шырқайық.

                        Ортамызды ашайық.

                        Думандатып би билеп,

                        Ән мен күйді төгілдіріп,

                        Інжу - маржан шашайық.

                        Жиналған жұрт таң қалсын,

                        Өнерден күмбез жасайық!

 1 – жүргізуші:

Би: «Қара жорға» ұлдар тобы. 

Би біткеннен кейін:


Осы кезде (Бауыржан) «Тазша бала»:


Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?!

Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын!


Ермек

Айтсын. Рахмет тілегіңе. Бірақ сені танымай тұрмыз.

«Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар, құрдас.

Атыңды айт.


Тазша бала: Айналайын – ай! Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаңыз – жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз - некесіз.

Туа салған бір баламын

Тегімді сұрап нетесіз? – деген екен.

Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын.


Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды (сайыс түрінде өтеді).


Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінен асықтарды алып: балалар мына нөмірленген асықтарды сендерге үлестіріп беремін. Осы асықтарда белгіленген нөмірлер бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. Ойын сайыс түрінде өтеді. Қай топ көп балл жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.


Болашақ тобы:

№1. «Ұлыстың ұлы күні» деп қандай күнді атайды? Неліктен деп ойлайсың?

№2. Наурыз мейрамы қалай тойланады.

№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.

№4. Наурызға қатысты қазақта қандай бата тілектер бар?

№5. Қазақ халқының қандай дәстүрлі ұлттық ойындарын білесің?

№6. Қонақтың түрін ата.


Ұлан тобы:

№7. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.

№8. Үш мақсатты ата.  

№9. Үш арсыз не?

№10. Бес қаруға қандай қарулар жатады?

№11. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

№ 12. Наурыз көже дегеніміз не?

№13. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?

2 - жүргізуші:

Тіл ашар тойы – салт – дәстүр.

Баланың тілі жеке – жеке сөздерді икемдеуге жарай бастағанда, оның тілін тез шығару мақсатымен «Тіл ашар тойы» жасалады. Оған арнайы мал сойылып, ауылдың ділмар, шешен ақсақал – қарияларын шақырады. Олар: «Тілің тез шықсын» деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді де батасын береді. Бүгінде тілашар тойы басқа мазмұн алған. Ол баланың алғаш мектеп есігін аттауымен бірге өткізілетін болып жүр.


Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Бүгінгі өткізгелі отырған «Тіл ашар» тойынын рәсімін жасайық.

1 – жүргізуші:

Ән қосылсын әңіне,

                     Сән қосылсын сәңіне!

                     Ырысты боп жаңа жыл,

                        Бақ дарысын бәріңе!

                        Ой қосылып ойыңа,

                        Бой қосылсын бойыңа!

                        Аман –есен жетейік.

                        Келер Наурыз тойына!

Мұғалім:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын.

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!


Осымен 5 «А» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Наурыз құтты болсын!


Осы сәтте «Атамекен» әні орындалып, бәрі дастарқан басына жайғасады.

 













5



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
6359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі