жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты: Құстар - біздің досымыз
Тақырыбы:
«Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
А)
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы
түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы
баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар
шешу арқылы қызығушылығын арттыру,
құстар бағына саяхаттауды техникалық
құрылғылардың көмегімен тамашалай
отырып құстарды қорғауға деген сезімін
арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға
экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды
қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап
қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар –
біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби
- монтаж, түсіндіру, ойын.
Жүрісі:
1
.Кіріспе
:«Құстар
туралы не білеміз?»
2
.Негізгі
бөлім
:«Біз
білетін құстар..........!»
«Артық болмас білгенің» (Халық
болжамдары)
Сөзжұмбақтар
шешу
3.
Қорытынды:«Құстар –біздің досымыз!»
1
- жүргізуші
Құрметті ұстаздар,Қадірменді
достар! Қош
келдіңіздер!
2 - жүргізуші
Сіздерді
«Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік
шараны тамашалауға шақырамыз.
1
- оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың
түрі бар. Олар
табиғатты зиянкестерден қорғайды.
Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 -
оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар
ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып,
жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар
табиғатқа сән береді. Олардың әуені
табиғатты құлпыртып,
адамдардың
көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері
өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы
әңгімелесек.
4 - оқушы
Жыл құстары
дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып
кетіп, көктемде қайта ұшып келетін
құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш,
аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ,
үйрек, қаз, тырна.
5 - оқушы.
Құстар
туған жерге топ - тобымен ұшып келіп
жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды
бастан кешіреді. Биік асулардан асады.
Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6
- оқушы
Жыл құстарының кейбірінің
тіршілік қамы туралы әңгімелейік.
Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің
ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.
Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
7
- оқушы
Қарлығаш адамға саулық,
жақсылық тілеп жүретін және қауіп
қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да
адамдар қарлығаштан үйренген.
8 -
оқушы
Қарлығашпын мен
Адамның
тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын
үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын
төселген
9
- оқушы
Қараторғай - өзі кішкентай,
өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға
қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,
күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,
шырқаған.
10 - оқушы
Мен
қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи
болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп
тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын
батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға
келе жатырмын
11 - оқушы
Құс сұлуы
аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын
кезеп еш мерген
Атуға көзі
қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған
талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс
патшасы мен болам
12 - оқушы
Аққу -
30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз
тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына
сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына
тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған.
Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға
теңеген.
Би
«Аққу»
13 - оқушы
Халық көктем
келсе көкек келді дейді. Осы
бір құстың аты неге ең тамаша ай атына
теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек
деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен
көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан
сәуір айы көкек айы деп аталған.
14
- оқушыЖаршысымын көктемнің
Көкек
дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс
менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
Көрініс:
Сауысқан мен көкек
15 - оқушы
Мен
еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын
тасытқан ән - жырдың
Тамаша тамылжып
шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр
күннің
16 - оқушы
Тоқылдақты халық
орман емшісі деп атайды. Ол
ағашты зиянды құрт - құмырсқадан
тазартады.
17 - оқушы
Құртты іздеп
ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ
құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18
- оқушы
Қазақ халқы құстарды ерекше
бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға
теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын -
аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.
1.Құстар- жылықанды омыртқалы жануарлар.Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған.Құстардың барлығы жұмыртқа салады.Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады.Дегенмен, ұшпайтын құстар да кездеседі.
2.Құстарға тұмсық не үшін керек?
Құстардың жақ сүйектері қоректің әр түрін тауып, қылғытып, жеп қоюға икемделген тұмсыққа айналған.Құстарда тістері болмайды.
*Жыртқыш құстардың тұмсықтары етті жұлуға икемді, иілген болады.
* Су құстарының тұмсықтары өткір және ұзын болып келеді. Олар балықпен қоректенуге бейімделген.
*Дән шоқуға, жаңғақ шағуға, жемістерді жұлуға, жәндіктер аулауға икемделген тұмсықты құстар да болады.Олардың тұмсықтары қысқа, мықты болады.
*Кейбір құстар тұмсықтарын ұя салатын немесе тесік оятын құрал ретінде пайдаланады.Олардың тұмсықтары жіңішке, ұзын, мықты бола
3.Сайрағыш құстар неге ән салады? Құстар өздерінің қайда екенін өзге құстарға жеткізу үшін ән салады.Бұл дыбыстар олар ұя салатын және қорек табатын аумақтарды қору үшін қажет.Құстар әні-олардың өзге құстарғы аулақ жүруді хабардар ететін тәсілі.Құстар әнін көктемгі таңсәріде естуге болады, ал кейбір құстар ымырт түскенде де ән сала береді
4.Ұшу. Құстардың көпшілігі ұшу үшін тірек ретінде қанаттарын қағып, жоғары көтеріледі.Кең, дөңгелене біткен қанаттар жыртқыштардан қорғану үшін тез биікке көтерілуге мүмкіндік береді.
Қаз сияқты ірі құстар биікке көтеріліп барып, ұшу үшін желдің екпінімен жүгіреді.
Қарлығаш сияқты қанаттары ұзын және тар болып келетін құстар тек бір нәрсенің төбесінен төмен қарай ылдилап барып, аспанға көтеріледі.
5.Құстар қаншалықты ақылды?
Қарғалар мен көгершіндер қарапайым сандарды қоса алады.
Тотықұстар және қарала торғайлар адамның сөзін ұқсата алуы мүмкін, ал кейбір тотықұстар заттарды атап, санай алады.
Тоқылдақ, шұбар шымшық ағаш қабығының астынан ұсақ жәндіктерді суырып алу үшін жіңішке шыбық қолданады.
Көрініс: Әтеш пен тоты
6. Қандай құсты білесің?
Торғай отыр томпиып,
Құйрықтары шолтиып,
Сауысқаның сақ отыр,
Жапалағың тағы отыр.
Ұзақ отыр үңіліп,
Қарға қарар түңіліп.
Байғыз зарлап жылайды,
Екі көзі жұмылып.
Үнсіз бір сәт тұрмайды,
Әнші бұлбұл жырлайды.
Көкек: кө-кек,кө-кек!-деп,
Өз атын көп бұлдайды.
Адамзаттың жақыны,
Қарлығаш та ақылды.
Көгершінмен екеуі
Жайлайды бір шатырды.
Жұмбақ:
Түсі қара мамықтай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайд,
Көктен ж ұлдыз аққандай
Мен адамның досымын
Мекенінде тұрамын.
Шыбын келсе кәсібім,
Ұстап жеймін, қырамын.
Тазалаймын үй-ішін,
Шыбын деген кеселден.
Ел аузында мақтаулы,
Санитармын төселген
Қарлығаштар Арктика мен Антарктидадан басқа жер әлемінің бәріне таралған.Қарлығаштың 79 түрі бар. Қанаттары ұзын әрі жіңішке.Қанаттарының жоғарғы жақтары қара, кейде көк, жасыл немесе қызыл күрең жылтыр, ал төменгі жағы ашық түсті болып келеді.Аяқтары қысқа, жерде тіпті де жүре алмайды.Суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді. Олар ұя жасауға қажетті заттарды жинау үшін ғана жерге қонады.Қарлығаштар ұяларын балшықты қазып, оны өздерінің ауыз қуысындағы сілекейлерімен қосып илеп, ғимараттардың қабырғасына немесе құздарға ғана орнатады. Қарлығаштар ауада ұстаған жәндіктермен қоректенеді (олардың бір түрі ғана аршамен қоректенеді). Бір қарлығаштың бүкіл жаз бойы 500 мыңнан 1 млн-ға дейін ұсақ насекомдарды қорек ететінін ғалымдар бақылаған.
Сауысқан. М.Әлімбай.
Ала қанат сауысқан, Бір томардан томарға
Жауыр атқа жабысқан. Секең- секең ауысқан.
Ойда жауыр көрінсе, Жақыннан да алыстан
Ойбайлатқан сауысқан. Бері ұшқан да, ары ұшқан.
Қырда жауыр көрінсе, Құртты шоқып тауысқан.
Қиқаңдатқан сауысқан. Санитар- бұл сауысқан.
Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе,жабысқан.
Сауысқан- қарға тұқымдас, ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Сауысқан- өте айлалы да сақ құс. Маңына ешкімді де жолатпайды.Оның ерекшелігі- жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Сауысқанның ұясынан әр түрлі, әр түсті маталарды , қағаздарды, жылтыр әйнектерді , түрлі- түсті тастарды, тіпті күміс тиындар мент алтын сақиналарды да кездестіруге болады. Сауысқанның ұғымталдығы да соншалық-адамның айтқан сөзін жаттап алады.Әрі соны өзінің сауысқандық сақаулығына салып, құлаққа жағымды етіп, айтып та бере алады.
Көрініс Екі әтеш
Жұмбақ:
Қыстағы ақ мамыққа, жалғау жалға жалықпа.
Сонда құс болып шығады,
Қане қай құс анықта. (қарға
Қарға- қара немесе сұр қауырсында тамақ талғамайтын еті арам құс.
Ала қарға, көк қарға, қара қарға, ұзақ деген түрлері бар.
Үкі.
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп
Бұрыннан –ақ адамдар тағып алған.
Үкі-түнде ғана ұшатын, имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш құс.Ол қараңғыда жердегі жалғыз ноқатты көреді.Күндізгі көруі де кем емес.Үкі әр т үрлі ұсақ аңды, тышқанды, саңырауқұрды жейді.Ол дыбыссыз ұшып келіп, жемін оңай түсіреді.Құлағы адам құлағынан елу есе естігіш.
Туысы
дейді құстардың
Інісі дейді
тышқанның
Тышқан да емес, құс та
емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қашаудай
мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл
шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман
дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Биікке
салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай
сайран салып ап
Қыста алысқа
кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың
біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға
із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
Көктем хабаршысы
Келгендіктен жол соғып,
Берсе дағы үй соғып.
Мәз болғанмен сол бір құс,
Қыстамайды бір жыл қыс
Қараторғай- көктемде ұшып келетін, кішірек келген, қара түсті жыл құсы.
Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна көкқасқа шегірткені азық етеді. Балапандарын өрбіту кезінде зауза қоңызының 7800- ін личинкаларымен бірге жойып жібереді.
Халық болжамдары
*Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады.
*Қарлығаш жер бауырлап ұшса, күн бұзылады, жаңбыр жауады.
*Құс ұясын күн жаққа салса, жаз салқын болады.
*Қырғауылдар (далалы жерде, шөлейтті жерді мекен етеді) топтанып отырса, көп ұзамай тұман түседі, ал егер қатты айғайға басса, жер сілкінеді деген сөз.
*Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
*Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
*Қарға қарқылдаса, қар жауады.
*Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
*Көкек қатты, әрі жиі шақырса- күн жылиды.
*Сауысқан шықылдаса, қонақ келеді.
*Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Құс туралы мақал- мәтелдер
Бүркіт –құс тәңірі.
Лашын-құстың жендеті.
Сұңқар- құстың төресі.
Құс ұанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
Аққуды атуға, досыңды сатуға болмайды.
Қарға жемтігін басып жейді, сұңқар шашып жейді.
Құсқа аяз да қатер емес, аштық қатер.
Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
Құстың ұясын бұзба.
Құсты айыр ағашпен атпа.
ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАРАққу киелі құс болғандықтан , оны атуға болмайды.
*Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді.
*Қыран құстарды атса, киесі тиеді.
*Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
*Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндер алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
*Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түседі.
*Үкі, жапалақ, тоқылдақ, көк қарға, көкекті өлтірмейді
Сөзжұмбақ
сұрақтары
1.
Суырдың ініне жақын маңға ұя салып,
арқар, суыр сияқты аңдармен достасқан
құс. (шақшақай)
2.
Бұл құстың 79 түрі бар. Қанаттары ұзын
әрі жіңішке.Қанаттарының жоғарғы жақтары
қара, кейде көк, жасыл немесе қызыл күрең
жылтыр, ал төменгі жағы ашық түсті болып
келеді.Аяқтары қысқа, жерде тіпті де
жүре алмайды.Суды да ұшып бара жатып
тұмсығымен іліп ішеді. Олар ұя жасауға
қажетті заттарды жинау үшін ғана жерге
қонады.Олар ұяларын балшықты қазып,
оны өздерінің ауыз қуысындағы
сілекейлерімен қосып илеп, ғимараттардың
қабырғасына немесе құздарға ғана
орнатады,
ауада ұстаған жәндіктермен
қоректенеді .Бір ққұстың өзі бүкіл жаз
бойы 500 мыңнан
1 млн-ға дейін ұсақ
насекомдарды қорек ететінін ғалымдар
бақылаған.
Бұл қай құс? (қарлығаш)
3.
ҚР Мемлекеттік туына бейнеленген құс
патшасы саналатын жыртқыш құс.(бүркіт)
4.
Мойны ұзын, ақ қауырсынды үлкен, киелі
, құс төресі саналатын
ақ құс.(аққу)
5.Тарыны
сүйетін үй құсы.(тауық)
6.
Тұмсығы қашау, кәсібі- ұя жасау,
Ағашты қорғап, зиянкесті асау.
(тоқылдақ)
7.
Ертегіде түлкімен дос болған, ұзын
тұмсықты, ұзын сирақты жылқұсы. (тырна)
8.
Үлкендігі қараторғайдан сәл ірірек,
сұр түсті түн құсы.(байғыз)
9.
Қыстағы ақ мамыққа, жалғау жалға
жалықпа.
Сонда құс болып шығады,
Қане
қай құс анықта. (қарға)
10.
Суды жақсы көретін үй құсы. Жабайы түрі
де болады.(үйрек)
Құстар биі : орындайтын қыздар тобы
Қорытынды -Балалар жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңдар. Құстар – біздің досымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген