15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Құстарды қондырып қанатына"
Тақырыбы: Көктемді қондырып қанатына Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуін хабардар ету, олардың құстар туралы ой- өрістерін, түсініктерін дамыту. Отаның, жерін, орманын, көлін- табиғатын сүюге баулу.
Барысы Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата
аналар! Сіздерді «Көктемді қондырып қанатына» деп аталатын
кешімізді тамашалауға шақырамыз. Бәріңізді көктем мерекесі құстар
мерекесімен құттықтаймыз. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан
оянуын танытатын көктем хабаршысы құстарға
арналады. Жыл
мезгілдері туралы не білеміз? -Балалар көктемде неше ай бар?
-Көктем айларын атайықшы? -Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Балалар, көктемде қандай мерекелер бар? -Көктемде мезгілінде
қандай алғашқы гүлдер шығады? Атаңдаршы? Көктем мезгілінде қандай
құстар ұшып келеді? – Жақсы, ал
құстар қай жерде мекендейді? -Құстар
ұясын қай жерде жасайды?
Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың
қуысына жасайды -Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз
қажет? Құстарға ұя жасап, жем — су
беріп, қамқорлық жасауымыз керек. -Құстарды таспен ұрып, ұясын
бұзып өлтіруімізге болады ма? – Дұрыс айтасыңдар, құстарға көмек
көрсетуіміз керек. Олай болса, тіршілікті дүр сілкіндірген,
табиғатты оята келген жыл мезгілі Көктемді ортаға
шақырайық. Оқушы:Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп Оқушы: Құстар тойын құттықтап
Қуанамыз, қолдаймыз Ұя жасап, ұқыптап Біз оларды
қорғаймыз Көктем: Сәлем, достар, аман ба? Мынау
бейбіт заманда Шат- шадыман Көктеммін. Шаттық болсын әманда. Ән
құрдым үніммен, Сән құрдым гүліммен. Қуантамын бәріңді Құт – мереке
күніммен.

Көктемді, табиғатты құстарсыз
елестету мүмкін бе? Әрине, жоқ, Ендеше, көктемді қанатына қондырып
келе жатқан қанатты достарымызды қарсы алайық. (Тізіліп құстар
келеді) Оқушы: Айтсақ-әніміз,
Ардақтасақ –
сәніміз.
Көңілдің
хошы,
Табиғаттың
досы,
Сәлем сендерге ,
қанаттылар!
(Ортаға құстың ұясын көтерген
бір топ оқушы шығады. Көктемге сәлем
береді).

Оқушы:Сәлем елдің көктемі Әлем енді
көктеді Құрметпенен бас идік Құстарыңа
көктемгі Көктем: Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
Кербез құстар әні мен,
Келді міне сәнімен. Міне, достар, өлкемізге көптен күткен құстар да
келіп жетті. Олар көлдер мен өзендерді ,шөл далалар мен қалың
ормандарды , биік-биік тауларды басып ұшты.
Видеоролик. « Қызықты күн » Бейнеу
мұражайына саяхат
Жұмбақ жасыру арқылы ортаға шығатын құсты табу
Бірақ сөз біледі Өз аты онысы
Соны айтып жүреді Және жоқ қонысы көкек Халық « көкек келді-көктем
келді » - дейді. Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер
беті жасыл көрпе жамылып,көзге ыстық , көңілге жарқын
жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген
ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы
«көкек» айы деп аталады.
Көкек :
Он екі айдың біреуі Сірә,
менің атымда Өзге ұяға із тастап Атымды айтып жар салам Білесіңдер
бәріңде, Көктемнің алғаш қонағы Көкек деген мен
болам Оқушы: Сәуір
келді, Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Жұмбақ
жасыру Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
Пайдалы құстардың бірі
қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна
шегірткені азық етеді. Қараторғай: Мен қараторғаймын.
Шегірткеден жұртыңды
Қырғи болып қорғаймын.
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын.
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын.
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын.
Оқушы: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды Қос қанаты желпілдеп Көлге үйрек қаз
қонды
Жұмбақ
жасыру Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады,
Жаныңды еркелетеді.
Қарлығаш
Қарлығаш: Қарлығашпын
Мен адамның тұрағын
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй –ішін
Санитармын төселген
Оқушы:Тырнақтай құстың жауы көп,
Құрулы ажал ауы көп,
Балалық қып қызбайық,
Құс ұясын бұзбайық
Жұмыртқасын алмайық,
Обалына қалмайық. Адам қай құсты аң аулауға
пайдаланады? (Бүркіт) Біздің елімізде бүркіттің жеті
түрі бар. Ең ерекше ғажабы қыран бүркіт. Ол қасқырды да алатын өте
күшті, ірі денелі құс.
Бүркіт:Мен бүркіт көк күмбезде
қалықтаған Қияға қанат қағып шалықтаған Құс ішінде қырағы
болғандықтан Атандым қыран бүркіт
жалықпаған
«Құстар» биі
Жұмбақ
жасыру Тақылдатып, Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап, Ормандарды емдейдi, Зиянкестi жазалап.
(Тоқылдақ) Тоқылдақты халық арасында
орман емшісі деп те атайды. Тоқылдақ: Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашанда ол әбігер
Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкене торғайдың бір өзі ғана бір
жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.
Торғай: Мен торғаймын, торғаймын
Көк аспанда
шарлаймын
Жерге бетер
қонбаймын
Суықтан да
тоңбаймын.
Құрт
–құмырсқа,шіркейден
Бау-бақшаны қорғаймын. Тырна: Жылы жақтан бір хабар Әкеледі
тырналар Тырау тырау тырналар Көктем мынау тырналар Қатар түзеп
Көкте жүзер тырналар Бұлбұл: Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән жырдың Тамаша тамылжып шырқаймын Шаттығын
тауыса алмай әр күннің Көгершін: Бейбітшілік құсы менмін
көгершін Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін Аспан тұнық шат көңілді
болайық Ақ ниетті адал жандар көбейсін
Су айдынының көркі - ару
аққулар. Аққу- құс төресі, бақыт бастамасы. Жақсылық пен
татулықтың, махаббаттың символы. Оған адам баласы мылтық кезеп, оқ
атпаған. Бірінші
аққу: Құс сұлуы аққу мен,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезіп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
Екінші
аққу: Сұлулыққа паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді көл көркі,
Құс патшасы атым бар. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.
Көрініс: «Аққулар
ұйықтағанда» Автор: Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға, Таста тұңған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басына?! Ортаймаған "Жетім көл" толмаған
да, Болған өмір ұқсайды болмағанға. Сызат та жоқ, бетінде сызық та
жоқ, Айдынына аққуы қонбаған ба?
1-көрініс
Сахнада киіз үй, жабдық жасау. Төсекше
ауырып, қызуы көтеріліп, сандырақтаған бала. Басында аһлеп-үһлеп
есі шыққан әке мен ана. Ана: Жаңағы бақсы
шал да кешікті-ау. Құдай-ай енді қайттім?! Әке: Асылы құдай,
бақсы ата келді, мінеки өзі де келді. Бақсы келеді, баланың тамырын
ұстап дем салады. Бақсы: Жерден
болджы ма? Күннен болды ма? Көктен болды ма? Көлден болды
ма? Судан болды ма? Жаман тілден болды
ма? Баланы айналып жүгіреді. "Баланы аққудың қанатымен ұшықтау
керек, әйтпесе баладан айырыласыңдапр" деп кетеді.
Ана: Жаңағы тәуіп бақсы не деп кетті? Әлде өтірік, әлде шын
демеп кетті. "Аққумен баланы ұшықтандар" деді де жөніне жөнеп
кетті. Күйеуіне қарап. Ана:Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға, Неткен
жансың санасыз жаратылған? Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі Ұмытылып
кетті санатыңнан. Әке: Апыр-ай, қалай
барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана, Оқ атам,
қасиетке қалай ғана?! Бармаймын, бара алмаймын, қалай
барам?! Ана:
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі, Балам өлсе,
бақыттың керегі не?! Мылтық әкел, Атты ерте, Жалған
бәрі.
2-көрініс
Сахнада "Жетім көл" бейнеленген. Көл бетінде екі аққу тербеліп жүр. Қолында мылтығы бар анна аққуларды аңдып тығылып отыр. Аққу биі биленеді. Би аяқталған кезде анна мылтық атады. Жалғыз аққу алыс ұрып, өлген аққуды қимай ұшып кетеді. Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылықышы ата шығады. Жылқышы: Ей, кімсің?Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың, арың бар мА Ана: Кешір, ата!Адам емес мен енді жай таулықпын, Жемісіне тас аттым гәкку бақтың.Жалғыз ұлым ауырып, амалсызданТәуіптің айтуымен ауды аттым. Жылқышы: Әй, балам! Болмады ғой, болдмады ғой. Тәуіптің айтқаны бәрі өтірік,Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой. Автор: Орнында екен "Жетім көл" жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты. Оқушы:Ей, балалар,балалар Аман болсын аналар, Құстар да ана бар Құстар да бала бар Құстар біздің досымыз Ұшып жұрсе аспанда Сыр түйеді жас жанға Би: қыздар, ұлдар «Есіл ағады»
«Жақсы-жаман» дидактикалық ойынын
ойнату.
|
Жақсы |
Жаман |
|
Гүлдерге су құю |
Ағаштарды сындыру |
|
Құстарға жем шашу |
Құстың ұясын бұзу |
|
Ағаштардың түбін қопсыту |
Гүлдерді жұлу |
|
Құстарға ұя жасап беру |
Құстарды рогаткамен ату |
Тәрбие сағатымыздың соңында Төле би бабаымыздың қалдырған өсиетін тыңдайық.

Ал, балалар қарағым! Қолдарыңды жая ғой. Ақ батамды ала ғой Жаратқан Алла сендерге Тотының сәнін берсін Бұлбұлдың әнін берсін Бүркіттің қырағылығын Сұңқардың әдемілігін берсін Әр ісіңде қарлығаштай жылдам бол Барлық құстардың еңбекқорлығын берсін Ақылды ұл қыз болып, құдай қолдап Әруақ оңдасын!




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген