400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Құтты болсын,Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз атаның,  Ақшақардың, Жаңа жыл,Ескі жыл т.б карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнат, мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар:  жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Ит жылы,Доңыз жылы, Сайқымазақтар, 3 сынып оқушылары

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл баршаңызға, Қуанышқа,шаттыққа тамсаныңыз Бәрімізге шынайы тілек тілеп Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Анар:

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына береміз.


1-Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
2- Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
1- Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
Жүргізуші:-Балалар,бізге қонақтар келе жатыр.Бәріміз қол соғып қарсы алайық.

Анар: (Ит жылы шығады)
---------

Анара ит жылы Ақшақарды шақыру керек.

(Ақшақар билеп келеді)

----------

(Оқушылармен флешмоб билейді)

Жүргізуші:Балалар,біздің шыршамызға кім жетіспейді? -Кәне ,бәріміз Аяз ата мен Жаңа жылымызды қол соғып қарсы алайық!

Анара:

-Аууу,Аяз ата....

(Сахнаға Аяз ата мен Жаңа жыл шығады)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз бен ұлдарым
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

Доңыз: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
365 күнімді Сіздермен бірге өткізем
Аязата:  Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант, бізді таңырқат Шамдарыңды жарқырат! Балалар:   Қуант, бізді таңырқат Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтайды)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Хоровод
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)


Жүргізуші: Кәне, балалар Аяз атаға өнерлерімізді көрсетейік
3 «к» сыныбының өнерлерін тамашалайық

Ойындар ойналады.

Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар сіздерге арнаған билеріміз де бар қарсы алыңыздар)

3 «ә» сыныбының бишілері

Ойын ойнатылады.

Жүргізуші:Балалар ескі жылымызға сөз беріп шығарып салайық.

(Ескі жыл қоштасып кетеді)

3 «а» сыныбының өнерін тамашалаңыздар.

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!


Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар......

Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

-Осымен жаңы жылдық кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі