Ашық тәрбие сағаты Құтты мекен-Ақтөбем

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Құтты мекен-Ақтөбем

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты Ақтөбе қаласының 155 жыл мерейтойына байланысты.Әртүрлі заманауи,жаңаша әдістер арқылы құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісілді» «Бекітілді»

ҚТЖС директорының Қалалық жас туристер

орынбасары стансасының директоры __________ Г. Жолдаспаева _________ А. Бекбергенова «____»_______2024 ж. «____»________2024 ж.













Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: Құтты мекен - Ақтөбем










Өткізген: қосымша білім беру педагогы

Мырзағұлқызы Гүлнафис








Ақтөбе – 2024 жыл


Сабақтың тақырыбы: Құтты мекен - Ақтөбем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы, географиялық ерекшелігі, мәдени орындары мен оқу орындары, ескерткіштері туралы мәліметтермен таныстыру. Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген әйгілі тұлғаларымен таныстыра отырып, оқушылардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: жарыс, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, стикер, тақырыпқа байланысты суреттер, видео, карта

Сәлемдесу

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар! Биыл жарты миллионнан астам халықтың құт мекені, туған өлкенің бас қаласы, қойыны кенге толған сүйікті қаламыз - Ақтөбе 155 жасқа толмақшы. Соған байланысты өткізелейін деп отырған «Құтты мекен Ақтөбем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Оқушылармен амандасып болған соң «бір кесе шәй» әдісі арқылы топқа бөліп, «puzzle» әдісі арқылы топтардың атын анықтап аламын.


«Ағайынды Жұбановтар» тобы «Тахауи Ахтанов» тобы «Әлия Молдағұлова» тобы



Сабақ барысында әр дұрыс жауап Ақтөбе облысының елтаңбасымен бағаланып отырады.






«Қаламсап» сергіту сәті. Оқушылар ортаға қолдарыңа қаламсап ұстап шеңбер болып тұрады.Бір-бірімен қаламсаппен байланысу арқылы сағат тілі бойымен жүреді.Қай оқушы қаламсабын түсіріп алады,сол оқушы ойыннан шығады.


«Идеялар сандығы»әдісі. Керекті заттар қоржын және қағазға шығарылған жемістер н\е кәмпиттер суреті.Оқушыларға тақырыпқа байланысты білетін ақпараттарды қағаздың артына жазады және әр топ өз жазған мәліметтерін оқиды.Кімде көп әрі дұрыс мәлімет айтылғандығы анықталады.


Видеоролик «Ақтөбе тарихы»


«Wordwall платформасы» арқылы «Уақыт оқиға» әдісімен сәйкестендіру


1869ж Қала негізі қаланды

1874ж Ақтөбе қаласының аумағында құрылыс салу бас жоспары алғаш рет әзірлен

1891ж Ақтөбе гарнизон бекінісі Торғай облысының Ақтөбе қаласына айналды.

1902ж Ташкент темір жолының салынуы

1932ж Ақтөбе облыс орталығы болды

1940-1960ж ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді

1998ж Қала таңбасы ресми түрде бекітілді

1999ж Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе деп өзгертілді


3D-tour» әдісі. Ақтөбе облысына виртуалды саяхатқа шығамыз. (Экраннан аудандардың 3D форматта видеолары көрсетіледі) https://visitaktobe.kz/ru


Жалпы Ақтөбеден екеніңізді бір сөзбен дәлелдеп беріңізші.


Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра
!-дей келе,Сәрсенғалиұлы Алиханды «Ерке сылқым» күйімен қарсы алыңыздар.


Картамен жұмыс (берілген нысандарды картадан тауып,белгілеу):

Әлия Молдағұлова тобына- музей және ескерткіштер

Тахауи Ахтанов тобына- өнеркәсіп орындары, табиғи нысандар

Ағайынды Жұбановтар тобына-мәдени орындар,оқу орындары


Ақтөбенің сұлу көркіне тәнті болмай оны жырға, әнге қоспау мүмкін емес. Ендеше Ақтөбені жырға қосқан ақындардың өлеңімен оқушыларды қарсы алайық!

1 оқушы: Ақтөбе - ару қалам, неткен көркем!

Ақ төбенің басында еткен мекен,

Ақтөбе – ару қалам, әсем қалам,

Өзге жер жоқ сұлулықта сенен асқан.


2 оқушы: Ерекше ғой күн шуағы, таң самалы,

Барлық адам өлкемізге тамсанады.

Ақтөбеде бар жасыл бау бақша да,

Бұлбұл құстар әсем-әуен ән салады.


3 оқушы: Ақтөбе − биік қалам, бар қаладан,

Табиғатың ерекше ғой, жан қалаған.

Өлкемізге қонақтаған әрбір адам,

Бойына күш-қуат алар кең даладан.


4 оқушы:Жүрегімнен төгіледі  жырлар ағын.

Көркіне көз тоймайтын Ақтөбемнен,

Сәл алысқа ұзап кетсем сағынамын.

Ақтөбем  өсе, берсін өркендесін,

Биігінде тұрсыншы бар қаланың!


Ой толғасам деп едім... Әр адамның туған жері өзіне қымбат, қаласы да даласы да сондай. Әрбір перзент туған жеріне, өлкесіне, Отанына қарыздар. Туған өлкені көркейтуге, гүлденуіне өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек. Егерде, сіздің қолыңызға билік берілсе туған жеріңізді қалай көркейтер едіңіз?



Қорытындылау: додоэкадр әдісі арқылы білімдерін бағалау.

Сұрақтары:
1. Ақтөбе қаласының әкімі. (Азамат Бауыржанұлы Бекет)

2. Ақтөбе облысында неше аудан бар және оларды ата. (12 аудан. Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мартук, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз)

3. Ақтөбе қаласының жер көлемі қанша? (297,39 кв.м)

4. Ақтөбе қаласының халық саны 2023 жыл бойынша. (560 мыңға жуық)

5. Ақтөбе қаласының елтаңбасының авторы кім? (Сағынтай Әлімбетов)

6. Ақтөбе қаласындағы су қоймаларын ата. (Сазды, Қарғалы, Ақтөбе).

7. Ақтөбе қаласының өзендерін ата. (Сағыз, Хобда, Жем, Елек)

8. Қала атауының орысша транскрипциясы қай жылы өзгертілді? (1999жылы)
9.
Актюбинск қаласының экономикасына оң өзгерістер әкелген теміржол атауы. (Ташкент теміржолы)
10. Ақтөбе облысы қашан құрылды?(1932 жылы 10 наурыз)
11. Картада қай қалалармен шектеседі. (
Солтүстігінде – РФ, Орынбор облысымен; Оңтүстігінде – Өзбекстан құрамындағы, Қарақалпақстанмен;
Батысында – Маңғыстау, Атырау, БҚО; Шығысында – Қостанай облысымен;)
Оңт – шығысында – Қызылорда облысымен шектесіп жатыр).

12. Пошта индексі, телефон және автомобиль коды қандай? (030000,87132, 04)


Әр топтың бүгінгі сабақта жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2024
1207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі