400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Қыс қаҺары - абайлаңыз балақай 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін көмегі бар.Жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия

Сынып жетекшісінің аты-жөні:Шынгысова Д.Ж

Мерзімі:22.01.2019

Сынып:3 «В»

Қатысқандар саны: 26


Қатыспағандар саны:3

Тәрбие сағаттың тақырыбы:

Қыс   қаһары. Абайлаңыз балақай!

Оқу мақсаты:

1.Сабақ  арқылы  оқушылардың білімін  байқау, бұрынғы алған білімдерін еске  түсіру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ой  белсенділігіне, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, туған жерінің әсем табиғатын сүюге тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту:




Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, дүниетану, музыка

Өткізілу формасы

Аралас сабақ

Күтілетін нәтиже

Нені біледі:Қыс мезгілін. Ерекшеліктерін 

Қандай түсініктерді игерді:Балалар қыс мезгіліндегі табиғаттағы ерекшеліктерді меңгереді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Меңгерген құбылыстарды өмірде қолданады

Тәрбие сағатының өту барысы

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері (уақыты көрсетіледі)


Тәрбие сағатында орындалатын іс-әрекеттер




Ресурстар

І. Ұйымдастыру.







Көңіл ашар

І. Ұйымдастыру.

Аппақ болып таң атты,
Дала сондай тамаша!
Бастайық енді сабақты,
Тұрсыңдар ғой жараса!



Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?



ІІІ. Топқа бөлу






























































































Сергіту сәті

      І топ  «Қар»
Ұраны: Біздің топ – «Қар»,
Айнала ақ қар.

     ІІ топ «Аяз».
Ұраны: Біздің топ – «Аяз»,
Алға жол бастар.
     ІІІ топ «Қыс».

Ұраны: Біздің топ – «Қыс»,
Жеңіп шығар қыс.

ІV.топ

Ұраны: Біздің топ «Мұз»

Мөлдіреген сұлу

V.топ

Ұраны: Біздің топ «Боран»

Уілдеген суық

      «Қыс қаһары»
Балалар, қыс мезгілінің сендерге арнап жазып жіберген хаты бар екен. Қанекей хатын оқып көрейік.

  Сәлеметсіздерме, қымбатты балалар! Мені шын жақсы көретін болсаңдар, төмендегі менің тапсырмаларыма белсенді түрде жауап беріңдер. Сәлем мен беттеріңнен шымшып сүюші – Қыс.
Ендеше балалар қыстың

1 – тапсырмасын оқып көрейік:

І. Қыс туралы тақпақ, мақал – мәтелдер айтып, жұмбақ шешіңдер.

Оқушылар тақпақтарын айтады.
ІІІ.
 Топқа бөлу


І топқа: Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады
(Боран).

ІІ топқа:  Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол – аяқ, қаз тұрады. (Қар).
ІІІ топқа:  Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам.    (Мұзайдыны).

ІV.топқа: Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. (Қыс)

V топқа: Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)

Топтық жұмыс

1-топқа тапсырма

Тақырыпқа байланысты сөйлемдер берілген. Сол сөйлемдерге тиісті сөздерді тауып, дұрыс қойып жаз.

Қыста  .....жауады.

Адамдар ……… киінеді.

Адамдар қолдарына ……. киеді.

Балалар ……. жасап ойнайды.

2-топқа тапсырма

Сөздікпен жұмыс.

-Балалар, енді қыс мезгілінің өзі әр түрлі болады. Қане, соларды сипаттап көрейік. Берілген сөздерді дәптерімізге жазамыз.

Мысалы: Қыста далада қар көп болса, қандай қыс? (боранды, аязды, қарлы).

Қыста далада аяз қатты болса, ...... болады.Қыста боран көп болса қыс... болады.

3-топқа тапсырма Қыс туралы жұмбақтар

-Балалар мен сендерге қыс туралы жұмбақтар берілген сол жұмбақтың шешуін дұрыс тауып жазып шығасыңдар

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.                   (Аққала)

 Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады.                          (қар)

 Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бір.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бір.                        (Қолғап)

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.                       (Шаңғы)

 Жаздай тынығады

Қыста зымырайды.                                 (Шана)

4-топқа тапсырма

Сюжетті суреттер үлестірмелі қағаздармен таратылып береді.

-Балалар мына алдарыңыздағы суреттерге  қарап сөйлем құраймыз.

5-топқа тапсырма    Бастауыш пен баяндауышты табу.

Балалар қармен ойнайды. Ұлдар аққала жасады. Қар қалың жауды.


Интерактивті тақта

Тәрбие сағаты соңында оқушылар кері байланыс жасайды:




Қыс мезгілінің суреттері бойынша кері байланыс болды


Тәрбие сағатының кері байланысы


Келесі сұрақтарға жауап беру қажет::

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме?

Иа, барлық оқушылар оқу мақсатына жетті!

Егер «жоқ» болса, неліктен?

Жалпы бағалау:



Тәрбие сағатының қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз

1: Тәрбие сағатында оқу мен оқытуда да өмірмен байланыс болды.

2:

Тәрбие сағатын жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1: Тәрбие сағатын жақсартуға оқу мен оқытуда да тапсырмалар неғұрлым күрделі болса өте жақсы болар еді

2:

Тәрбие сағаты барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі тәрбие сағатында неге баса назар аударылу қажет?

1: Тәрбие сағаты барысында сыныбымда ешқандай қиындықтар болмады. Балалар өз ойларын ашық айтып нақты баға берді. Топтық , жұптық жұмыстар да да.

2:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі