15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Рухани жаңғыру туған жер тұтастығы мен ел болашағы"
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - туған жертұтастығы мен ел болашағы»
Тәрбие сағатының мақсаты :Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады . Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды. Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, , сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат.
Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
:Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
II.Қызығушылықты ояту:
Сөзжұмбақ шешуарқылы тақырыпты ашу.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі
3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба
6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағы» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағытты жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеуарқылы үлес қосаса аласыңдар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:(Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі)
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.Осының барлығыната-бабаларымызнайзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.
Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?
Көрініс «Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата шығады.
Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады)
.Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі:Ата, «Өкен өмір» деген не?
Атасы:Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:Ол қандай болған?
Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен
,Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау«Жеті атасын» парыз екен. Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген. Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.
Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам!
Мұғалім:Көрініс не жайлы болды? Сендердің туған жерің қалай аталады?
Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.
Кешегі(өткен тарихқа шолу)
1–оқушы:Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, сұм соғыс та өтті.
Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды..Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
2-оқушы :Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық
3- оқушы Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
4-оқушы:Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы олимпиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.
5-оқушы :Еліміз мұнайға,пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
6-оқушы :Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, үш тілді білімді меңгеру аясында,Мемлекетіміз заман талабына күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Ертең( күнге болжау жасау )
Үш тілділік;
Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.
Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.
Халық саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.
Мұғалім:
Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. – Осы туған жер бағдарламасы жайлы не айта аласыңдар?
7-оқушы: «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек.
8-оқушы: Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
9-оқушы: Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай мақтан ете аласыңдар?
10-оқушы: Біздің Отанымыз Қазақстан.Отан үшін отқа түс күймейсің деген мақал бекерайтылмаған .Сол себепті мен Мұқағали .Мақатаевтің «Отан»деген өлеңімен мақтан етемін.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
11-оқушы:Мен Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен мақтан етемін.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
12-оқушы:Мен Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңімен мақтан етемін.
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
13-оқушы: Бәріміз «Отан» үшін мақтанамыз.
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Мұғалім:Балалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асып жатқанын білеміз. Соның бірі – үштілділік. Болашақта латын әріпіне көшетініміз де үлкен бастама болмақ. Ендеше, туған жерге деген ыстық ықыласымызды орыс, ағылшын тілінде де жеткізіп көрсек.
Али,Нұрай,Нұрбақыт
Туған жер туалы мақал-мәтел айту.
Шығармашылық жұмыс:
1.Менің болашақта туған жерім (сурет салу)
2. Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.
Мұғалім:Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушышығып жауап береді («Ыстық орындық»әдісін қолдану).
1.Еліміздің Ордасы қай қала?
2.Біздің еліміз қалай аталады?
3.Астана күні қашан? (6 шілде)
4. Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
5. Тұңғыш Президент күні қашан?
6.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? (16 желтоқсан 1991 жыл.)
7.Мемлекеттік рәміздерді ата.
8. Қазақтың үш биі кімдер?
9.9- мамыр қандай мейрам?
Хор: «Жаса, Қазақстан!»
Ән: «Атамекен»
Қорытынды
Құрметті оқушылар! Біз бүгін" Рухани жаңғыру - туған жертұтастығы мен ел болашағы " атты ашық тәрбие сағатын өттік.
Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.
- Айналайын!Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, құрметтейік, болашағына үлес қосайық.
Рефлекция
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.
Көрініс «Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата шығады.
Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады)
.Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі:Ата, «Өкен өмір» деген не?
Атасы:Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:Ол қандай болған?
Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен
,Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау«Жеті атасын» парыз екен. Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген. Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.
Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам!
Кешегі(өткен тарихқа шолу)
1–оқушы:Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, сұм соғыс та өтті.
Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды..Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
2-оқушы :Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық
3- оқушы Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
4-оқушы:Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы олимпиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.
5-оқушы :Еліміз мұнайға,пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
6-оқушы :Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, үш тілді білімді меңгеру аясында,Мемлекетіміз заман талабына күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
7-оқушы: «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек.
8-оқушы: Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
9-оқушы: Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
10-оқушы: Біздің Отанымыз Қазақстан.Отан үшін отқа түс күймейсің деген мақал бекерайтылмаған .Сол себепті мен Мұқағали .Мақатаевтің «Отан»деген өлеңімен мақтан етемін.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
11-оқушы:Мен Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен мақтан етемін.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
12-оқушы:Мен Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңімен мақтан етемін.
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
13-оқушы: Бәріміз «Отан» үшін мақтанамыз.
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген