15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты «Салауатты өмір салты!» 8 сынып
Ашық тәрбие сағаты «Салауатты өмір
салты!» 8 сынып
Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін
қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;
Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға
қажетті күш қуатын молайту;
Дұрыс тамақтану,спортпен шұғылдану,тазалық, жеке бас гигиенасын,
мәденидағдыларын қалыптастыру;
Түрі:
сайыс
Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер
«Адам өмірінде шарықтау сәті
бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол ,
тайғақ кешумен ұласады»
Ұлы ойшыл Шекспир
Адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал,
осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы
тікелей әсер етеді.
«Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз,
мен сіздердің болашақтарыңызды айтып
берейін»
Әль - Фараби.
Сабақ
барысы
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу. («Зерттеушілер» тобы, «Ақындар»
тобы)
II. Ата- анамен жұмыс.
III. Оқушылармен жұмыс. Постер қорғау.
IV. Сен білесің бе?
V.
Факторларды ата.
VI. Шығармашылық тапсырма.
VII. Мақал мәтелдер сайысы.
VIII. Тест. «Менің өмір сүру қалпым»
IX.Рефлексия.
I. Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу, оқушылар мен ата- аналар
мақалдар мен мәтелдерді ажырату арқылы топқа
бөлінеді)
Маскүнемдік-үлкен
қасірет.
«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап
шырмайсың»
«Есірткіге жолама,жетелейді молаға»
Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің
бірі.
Жаман әдет үлгерім мен тәртіптің бұзылуының
кепілі.
К І Р І С П Е С Ө З
.
« Бірінші байлық - денсаулық» деп халқымыз
айтқандай , қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат
–міндеттердің бірі – адамның хал – ахуалы мен «Қазақстан 2030»
бағдарламасындағы көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматы
дені сау , салауатты болуы
шарт.
«Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.Олай болса ата аналар бүгінгі «Салауатты өмір салты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
II. Ата анамен жұмыс. Отбасы ұстанымы.
Еңбекпен
жеген нан тәтті
Еңбек денсаулықты сақтауға жетелейді
Денсаулық тазалықтан басталады
Отбасында ішіп жатарға жол берілмейді
Уақытты тиімді пайдаланамын.
III.
Оқушылармен жұмыс.
1. Постер қорғау. Ұжымдық жұмыс.
«Салауатты өмір салты»
Денсаулық символы
дене
тәрбиесі еңбек жеке гигиена
денсаулықты сақтау таза ауа қоршаған орта
бос
уақытты тиімді пайдалану сапалы тамақтану
әлеуметтік тұрмыс жағдайы
2. Постер қорғау. Топтық жұмыс.
Зерттеушілер тобы: «Зиянды әдеттер»
Ақындар тобы « Салауатты өмір салты» бес жолды
өлең
IV. Сен білесің бе?
Эколог: Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі,
есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар
экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен
басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен
ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі
тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға
әкелуде.
Демограф: Дүние жүзіндегі қандай да
болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі,
СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар
осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір
адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі
төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны
көбеюде.
Психолог: Мектеп жасында шылым шегетін, арақ
ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық
жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін
«үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі
келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады,
бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы: Біз тарихта спиртті ішімдіктерді
сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы
Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым
салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың
бір жолына айналды.
Дәрігер: Шылым шегу -
зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар
ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына
зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі.
Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі
бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол
әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде
пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь
дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер
етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін
түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам
пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді,
көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап,
ұйқысыздық басып, салмағын
жоғалтады.
V. Факторларды ата. «Екі жазылымды күнделік» стратегиясы
|
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар «Зерттеушілер» тобы |
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар |
|
1. Қоршаған орта ластығы. 2. Дұрыс тамақтанбау. 3. Тұқымқуалаушылық. 4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. 5. Зиянды заттарды қабылдау. 6. Тазалықты сақтамау. 7. Отбасындағы кері жағдайлар. 8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы. |
1. Дұрыс тамақтану. 2. Қоршаған орта тазалығы. 3. Дене шынықтыру. 4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 5. Зиянды заттарды қабылдамау. 6. Жеке бастың тазалығын сақтау. 7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. |
VI. Шығармашылық тапсырма.
Бұзылғандай реңі мына
.................... (заманның)
Санасы да уланғандай ....................... (адамның)
Маскүнем мен нашақорға ...............(
айналған)
Бір кездегі батыр
............................ (ұлы
даламның)
Бұл отырған шылымқор,.................
шылымды ол (сорады кеп
)
Қанша айтсанда алмайды
............................... (тартпа деген тіліңді
ол)
Қой десеңде
қоймайды,....................................(көк түтінге
тоймайды)
Сора сора уыты
................................................(өн бойыңды
жайлайды,)
«Ақындар»
тобы
Жігерің бар, талабың бар
.........................қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар ....................талмайтын
Өз өзіңді ұстай білсең ..........................тартынып,
Өмірің бар ..............................................әлі алда
солмайтын.
Мен қорқамын
..................... жастардан (темекінің тұтқыны
болған)
............................ құрығына түскен
жандардан (Мен қорқамын ішімдіктің)
Мен қорқамын зиянды ............................. ( затқа құмар
боп)
Денсаулықтан айырылған
....................... ( мына қауымнан)
Нашақорлық жайлаған ........................... ( індет
білем,)
VII. Мақал мәтелдер жалғасын табайық.
«Зерттеушілер» тобы
1. Денсаулық -(зор
байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің
саулығы)
3. Жан ауырса тән
азады,
(Қайғы басса - жан
азады.)
4. Дені саудың (жаны
сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел
болашағы)
6. Ауруын жасырған
(өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр
боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті
адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды
тый,
(Көзің ауырса, қолыңды
тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда
білерсің)
11. Азған денеге (ауру
үйір)
«Ақындар» тобы
1. Зиянды заттардан
................ (ертең емес, бүгін
арыл)
2. Арақ –адамзаттың
................. (қас жауы)
3.
Үш нәрсенің алдын ал:
.................. алдын ал,
(Аурудың)
.................... алдын ал,
(Жаудың)
Қайта қозған ................ (даудың алдын
ал)
4. Аурудың ..........
(жақсысы жоқ,)
Дәрінің ................. (тәттісі
жоқ)
5.Жас жігіттің
жарасы......... (жол жөнекей
жазылар).
6.
Аурудың жайын баққан біледі, (аңның жайын атқан
біледі).
7.
Бас аманда мал тәтті,
Бас
ауырса, ................... (жан тәтті).
VIII. «Менің өмір сүру қалпым» 5-10 балл
|
1. |
Дене қозғалысының түрлері |
Күнде |
Анда-санда |
Мүлдем жасамаймын |
|
2. |
Танертен ұйқыдан 7:00 ерте тұру |
|
|
|
|
3. |
Таңертенгіден қозғалысы |
|
|
|
|
4. |
Мектепке келу |
|
|
|
|
5. |
Сабақтан тыс іс шара (секция,жарыс,күрес) |
|
|
|
|
6. |
Дене шынықтыру сабағына қатысу |
|
|
|
|
7. |
Үйдегі дене еңбегінің орындалуы |
|
|
|
60 балл - жоғары
45 балл - орташа
25 балл – төмен
IX.
Рефлексия.
Салауатты өмір сүру үшін
1………………………....................
2 ......................................................
3 .....................................................
4. .........................................................
5 .........................................................
6 ........................................................
7. ..........................................................
8
...........................................................
Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ
қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ
па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын
бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп
жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық
керек, ал денсаулықтың кепілі –
салауаттылық.
X. Оқушыларды мадақтау. Ата- аналарды «Алғыс хатпен» мадақтау.
Мұғалім:
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ
қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ
па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын
бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп
жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық
керек, ал денсаулықтың кепілі –
салауаттылық.Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік
етіңіздердер!
Уақытыңызды бос әуреге жұмсап,
өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...«Кеш
қалмаңыз».
Бәрі
бірге: Бүгініміз бар
жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген