Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. "Спорт - денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты өте сағаты өте жақсы өттіү.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

Мұғалім : Ә.Жұмабаева

Сабақтың тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі

Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік:           Оқушыларға  спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра 

                               отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту. 

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата   

                              отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік 

                               дұрыс жалғануын бақылау) 

Тәрбиелілік:      «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің    

                               мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін    

                                арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

ІІ.  Жаңа сабақ

Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт - денсаулық кепілі» 

2. Лексикалық минимум: 

Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.

3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.

Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді. 

4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.

 Сәлем!

 Сәлем!

 Сен қайдан келесің?

 Мен .....   спорт кешенінен келемін.

 Онда не істедің?

 Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.

 Үйірмеге қатысасың ба?

 Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.

 Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?

 Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.

 Сен ....     спорттан жарысқа қатыстың?

 Мен  футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.

5. Сергіту сәті. 

Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

6. Мәтінмен жұмыс. 

Тыңдалым. Балалар  мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?

Бұл жерде қысқы олимпиада болды.

Енді Алматы қаласынан  Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.

Сәлем хат!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде  жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым  Төлеген ағай.  Мен Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан  жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен  айналысқаның дұрыс. 

Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.

пайдалы Упражнение

секіреміз Полезно

жүгіреміз Прыгаем

жаттығамыз Катаься на коньках

коньки тебу Занимаюсь

айналысамын Бегаем

намысын қорғаймын Защищаю честь

былғары қолғап Спортивный 

. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

Балалар     ....            алды.  Мен   ....       тебемін.  Біз  таудан    ...    сырғанаймыз.   Мұз айдынында   ....   тебеміз.  Айбек   ....    киді. Мен  ...   сатып алдым. Мен   ....   спортымен  айналысамын. 

(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында   коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді.

Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС

Мен спортпен айналыспаймын

Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.

Мен жарысқа қатыспаймын

Мен шетелге жарысқа бардым.

Мен Қазақстан намысын қорғаймын

Спорт адамға пайдалы

Берілген суреттерге қарап, спортшының қозғалысын айтып беріңіз.

Мысалы: Олег велосипед тепті. Оның велосипеді тамаша.

Айдар футбол ойнады. Ол Қайрат командасымен ойнайды.

Мен шаңғы тептім. Маған шаңғы ұнайды.

Мәтінді оқып шығып, І, ІІ жақта айтып беріңдер.

Мысалы: 

Оның аты– Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол велосипед спортымен де айналысады. Ол спорт үйірмесінде  жүгіреді, секіреді, жаттығады. Оның  жаттықтырушысы  Төлеген ағай.  Ол шаңғымен сырғанаудан  Қарағанды қаласында жарысқа барды. Ол екінші орын алды.  Ол  болашақта Қазақстан намысын қорғайды. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс. 

Рефлексия: 

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңіздер?

Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
9622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12