«Шуағын шашқан – Аялы
алақан» атты
8- наурыз мерекесіне
арналған
жоспар
7-сынып
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік
сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар
бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке,
ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
1
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан
бабалар,
Аналардан туған небір
даналар.
Ана деген тіршіліктің
тірегі,
Армысыздар қасиетті
аналар!
Кеш жарық қымбатты аналар,
арулар!
2
Жүргізуші:
Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер
күні келді. Осынау көктем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен
ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады
– дей келе құттықтау сөз
кезегі Мынжасарова Айна Самиевнаға
беріледі.
1
Жүргізуші:
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қияға қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер шын жүркектен
тебіреніп,
Өнерлерін анаға бағыштайды –
дей келе ортаға бұлбұл көмей ұлдарымыздың сіздерге арналған
тартуларын қабыл алыңыздар.
(Нұртуған, Мейрамбек,
Ринат, Азамат – Тәтті ару
әні)
2
Жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін
емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Біз Ана деген сөзді
қанша айтсам да жалықпаймыз. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана
қоймай, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, тік
тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын
сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты,
абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақын қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды.
1
Жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс
аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар
алда.
Отанмен, туған жермен
теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар
да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық
бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық
шырақ
Жүз көрер айнасыңдар шаң
қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға
шуақ!
2
Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп
дейін
Жылытар жүрегіңді көз көп
дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл
сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Өзбек»
биін, деп қол соғып Айшаны қарсы
алыңыздар.
1
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы
ұлылықтың
Ана деген – рәмізі
сұлулықтың.
Ана деген – бір жыр бар
шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ
атын.
Олай болса Мадинаны әсем
әнімен қарсы алайық (Мадина
әнімен)
2
Жүргізуші:
Домбыра, күмбірлеші күніндей
боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем, ұзақ
жолында, азаптың
Үніңменен жалғанады ұрпағым
күй – деп тебірентер күйімен Нұртуғанды қарсы алыңыздар.
(Нұртуғанның
күйі)
1
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, -
дей отырып келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға берейік!
(Ульзана мен Назым
биі)
2
Жүргізуші:
Ару – ана өмірдің
асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл
бағы.
Сендер үшін ән мен жыр
шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары –
ән шырқалар бақыты мен бағымен Ұлдардың орындауларындағы тамаша
әнді қабыл етіңіздер. (Нұртуған, Мейрамбек,
Азамат – Бол жанымда әні )
1
Жүргізуші:
Ұрпақтарға бақыт жолын
аңсаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ
саған.
Тіршіліктің тынысы мен
ажары
Ана – деген теңдесі жоқ жақсы
адам – дей отырып, кезек аналармен ойынға
беріледі.
Ойынның шарты: Әр ана
тұрып өздеріне ұнаған 1 шарды таңдап алады. Ол шарды жарып,
ішіндегі тапсырманы дауыстап оқып, соны
орындайды.
2
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін
алып,
Көктемнің мерекесі бүгін
анық
Өмірдің көктемі де, гүлі –
Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық –
деп ұлдарыңыз Ринаттың «Аналарға арнау» атты өлеңін
тыңдаңыздар. (Ринат «Анаға
арнау»)
1
Жүргізуші:
Олай болса Нұртуғанды қарсы
алайық
Дауысына сүйсініп
тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті
болып,
Уа, халайық, жұмыла қол
соғайық! – Нұртуғанның орындауында «Бір жұлдызың боламын менде»
әні, қабыл алыңыздар!
2
Жүргізуші:
Ақ жүректі аналар
берекеміз
Құтты болсын көктемгі
мерекеңіз – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі
отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе алып
келсін!
Сөз ата-аналарға
беріледі.
1
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар! Жүректегі
жылы лебіздерді сіздерге тарту етеміз:
(Тақпақтарын
айтады)
2
Жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен
берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл
анам
Сонда біз кісілікке
теңесеміз.
1
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Біздің
«Шуағын шашқан – Аялы алақан» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше,
Осымен концертіміз
аяқталды!