400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Шуағын төккен 4 жыл!" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне бітіруші түлектерге арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

                                     «Көкпекті орта мектебі» КММ










Тақырыбы: «Шуағын төккен 4 жыл!» атты бастауыш сыныппен қоштасу кеші




Сынып жетекшісі: Абылбекова А. А.






















2015-2016 оқу жылы

Мерзімі: 21.05.16

Уақыты: сағ. 15:00

Өтетін орны: «Көкпекті орта мектебі», АКТ залы

Тақырыбы: « Шуағын төккен 4 жыл!»

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,  еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы  болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдермен, шарлармен  сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  4 – сынып  оқушылары. 
Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4-сынып оқушыларын ортамызға.  
Әсем әуенмен сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,  өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,               ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

Нұрсұлтан: Ассалаумағалейкум , ағайын !
Қорлықайың : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Нұрсұлтан : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !

Қорлықайың: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Нұрсұлтан : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Алинур, Медғат Отан туралы тақпақ.

Хор: «Отаным-Қазақстан»

Нұрсұлтан: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Қарақат:

Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы 
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. 

Қорлықайың: Дұрыс айтасың, Қарақат  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің   атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де осы мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап «Мектебім
, аяулы мектебім» әнін шырқайық !
Ән: «Мектебім, аяулы мектебім»
Нұрсұлтан: Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, «қыздардың әңгімесі» атты көріністі тамашалаңыздар:

Көрініс:

1қыз: Қорлықайың
Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе,мен не істер едім?
Қарақат: -не істер едің?
 Қорлықайың : мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім
Қарақат: мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді
Аида:
-қыздар айтыңдаршы,мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?
Қорлықайың- «Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)
Қарақат: -Мамаларымыз  ше ?
Аида: -Мамаларымыз  былай көргісі келеді «сыпыру)
Қорлықайың: Сыныптас ұлдар ше ?
Қарақат: -Сыныптас ұлдар  мынаны  ,көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)

Нұрсұлтан: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .

Қорлықайың:

Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Қарақат: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
              Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
              Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
              Ақылды балаларың оны білген.

Ән: Қарақат пен папасының орындауында

Қорлықайың: Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда, ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! 
Нұрсұлтан : Ия , дұрыс айтасың   Қорлықайың. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып           өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
Аида : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                  Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                  Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
 
Қорлықайың :
Ендеше, келесі кезекті «Ана мен әке» атты әнді шырқағалы тұрған Нұрсұлтан мен Аидаға береміз. 

Ән:«Ана мен әке»

Нұрсұлтан:

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береді.

Би дегенің керемет,

Біздің сынып қыздары

Биді жақсы көреді, - дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырайық.

«Қазақ биі» Қарақат пен Қорлықайың

Нұрсұлтан : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Қорлықайың?
Қорлықайың : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Нұрсұлтан : Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Қорлықайың : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Нұрсұлтан : Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

Қорлықайың :

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

Алинур :

Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын  тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Жанна апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.

Нұрсұлтан :

Орыс тілі әр кезде керек ертең
Нұргүл апай көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Медғат:

Мектебімде Мирболат деген ағай бар
Бізді ағай секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Аида: Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Нұрлан ағай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Хор: «Алғашқы ұстаз»

Елдос: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                   Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                    Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
                    Мектептің ережесін үйрендік біз.

Қорлықайың: «Дымбілмес пен балалар» атты көріністі тамашалаңыздар

Көрініс: «Дымбілмес пен балалар»

Қорлықайың: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп     табалдырығын жасқана аттаған едік.
Нұрсұлтан : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Қорлықайың : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Айым:   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                   Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Жасұлан: Бастауышым – балбұлағым ,
                       Лаулап жанған шам шырағым.
                        Өзің берген біліміңмен ,
                        Самғап ұшар тау қыраның.

Ұлан:         Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән  : «Қош бол, бастауышымыз!» 

Хормен : Білім берген біздерге,
                  Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Қорлықайың:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Құттықтау сөз.

Мұғалім:
-
Түлектер, сендер енді 5-сынып оқушысыңдар. Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде ,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып ,осы антты   бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
Хормен: дайынбыз
-тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды  да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?
Хормен: ант етеміз

-бір-біріңе бауырдай қарап, дос болуға, қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?

Хормен: ант етеміз
-білімнің тұңғиық түбіне сүңгуге  ант етесіңдер ме?
Хормен: ант етеміз

Ендеше түлектерге ақ жол тілеп бастауыш мектептен шығарып салайық.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі