Ашық тәрбие сағаты "Шуағын төккен 4 көктем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Шуағын төккен 4 көктем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасу кешіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шуағын төккен 4-көктем.

Мақсаты: 4-жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала  бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының  өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд  « Шуағын төккен 4-көктем», Оқушылар өмірінен  түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, әртүрлі    деңгейлі дипломдар,  мадақма қағаздар,нақыл сөздер,күнбағыстар.

БАСТАУ:

МҰҒАЛІМ: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар адасқанда.

Білім бар білім десең баста піскен,
Қолда оқулық тасқа түскен.
Қоштасайық енді біз бастауышпен.
Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
Алтынай мен Мадияр ұл-қызымызды!

Мен бүгін осы кешті жүргізуді сыныбымыздың озат оқушылары Досмахан Алтынай мен Шернияз Мадиярға тапсырамын.

Екеуі бірге:  «Сәләметсіздер ме?»

1-жүргізуші: Алтынай:
-
Мадияр, саған бір жұмбақ айтсам шешуін тауып көресің бе?

2-жүргізуші: Мадияр:
-
Алтынай мерекелік кешімізді бастамай-ақ жұмбақ шешіп тұрамыз ба?
Сен де қызық екенсің!
-Ал, айтып көр, шешуін тауып көрейін.

1-жүргізуші:Алтынай:
-Ал,тыңда онда!
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.

2-жүргізуші. Мадияр: (таңданып, жан –жағына қарап)
-Бұл жұмбақтың шешуі күнбағыс қой!
Түсінбеймін! Күнбағыстың бүгінгі мерекеге қандай қатысы бар? Сен жұмбақ айттың, ал апайымыз мында күнбағыстарды жайқалтып, жайнатып тізіп қойыпты.
-Әйтеуір апай екеуіңіздің ойлап таппайтындарың жоқ! Мұның бір сыры бар сияқты.

1-жүргізуші: Алтынай:
-Дұрыс айтасың, болғанда қандай! Апайдың күнбағыс туралы бірдеңе ойластырып жатқанын сезіп қалдым да  мерекелік кешті осы жұмбақпен бастасам ба деген маған бір ой келді.
-
Алтынай, көрдің бе? Сахна төрінде әр түрлі биіктікте әдемі күнбағыстар орналастырылыпты. Күнбағыста күннің көзін сүйетін, күннің шуағына бөленіп, оның шығу бағытына қарай басын иіп, жайқалып,жайнап өспей ме?Мені де, сені де, барлық оқушыларды да осы өсімдікке теңер едім.

2-жүргізуші. Мадияр:
-Енді түсіндім Олай болса кешімізді ары қарай жалғастырайық!

1-жүргізуші. Алтынай:
Төле би атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 4  -сынып оқушыларын қошеметмен сахна төріне шақырымыз!
(музыка әуенімен 2-2-ден қол ұстасып  оқушылар шығады.)

2-жүргізуш. Мадияр:
Армысыңдар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым!

1-жүргізуші . Алтынай:
Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!

2-жүргізуші. Мадияр:
Шуағын шашқан,

1-жүргізуші. Алтынай:
Нұрын төккен,

2-жүргізуші. Мадияр:
Дәнін еккен,

1-жүргізуші. Алтынай:
4-көктем!-атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!

2-жүргізуші. Мадияр:
Бесіктегі баланың ,
Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.

1. Ерасыл.
Ассалаумағалейкум ағайындар!
Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Бәрі: Қош, келіпсіздер. Құрметті қонақтар!

2.Еңлік.
Бала
шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты,

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

3. Назгүл:
Армысыңдар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі ыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай,Ыбырай бабалар!

4. Бекзат .
Армысыңдар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат болып кешегі сәби еркелер.


5. Мадина:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады жыр –әнім.

Бекзат:
Бастауыш бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

2-жүргізуші. Мадияр:
-Алтынай адамдарда қандай аналар бар?
Айтып атап бере аласың ба?

1-жүргізуші. Алтынай:
Отан-ана, жер-ана, өз анаң,
мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

2-жүргізуші. Мадияр:
-Жоқ, Алтынай білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын  мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

1-жүргізуші. Алтынай:
Бүгін біздер осы аналарға деген   ыстық лебімізді білдіреміз!

2-жүргізуші. Мадияр:
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар тамаша әнімізді  қабыл алыңыздар!
Мадинанің орындауында ән: «Анашым» 

Назым:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Бақдәулет:
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықты  бір жүрек  бұл,
Өзіңе борыштармын  өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ханшайым:
Мектебім, алтын ұя , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітіңнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Досымжан:
Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

1-жүргізуші. Алтынай:
Мектепдеген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

2-жүргізуші. Мадияр:
-Алтынай , дүниедегі  адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

1-жүргізуші.Алтынай:
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2-жүргізуші. Мадияр:
-Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек.
Сондықтан ұлы ақын Абай атаның

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кепес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр.

1-жүргізуші.Алтынай:
-Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

2-жүргізуші. Мадияр:
Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Ерасыл:
Ғұлама білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавт, батырдан
Өнері асқан актердан
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен кү
йшіден

Бәрі-бәрі ұстаздардан білім-тәлім алған!
Бәрі: Сондықтан да құрметтеп,
Бас иеміз ниетпен!

Еңлік:
Мектебімізге бас болған,
Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
Жұмабай ағай үміт күтеді жастардан.

Мадина:
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіне,
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңіліңнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл
Фарида апай осындай.

Ханшайым:

Жұмыста ылғи қайсарды,

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Ұжымның мықты ұстазы

Елмира апайды айтсаңшы.

Нұржігіт:
Білімнің байыбына барып терең
Айжан апай бастап алғаш әліппеден,
Жаны асыл ұстазыма мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.

Бақдәулет:
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Біздің де көкірегімізде із қалыпты.
Жанар апай неткен мықты төзімдісің,
Инабатты, мейірімді, бір сабырлы.

Бекзат:
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы,
Біздермен ойнап күледі,
Өнерді жетік біледі,
Мың алғыс Нұржамал апай сізге де.

Арайлым.
Ақ көңілдің ізі бар
Нұр жайнаған жүзінде
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Жадыра апай ризамыз сізге де.

Ақерке:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Бар білгенін ешкімнен аямаған,
Динара апай жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген ардақты аяулы адам.

Досымжан:
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді аямады,
Әзілі жүрер өзіменен ,
Сұлтанбек ағай қашып кетсек аямады.

1-жүргізуші. Алтынай:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт сіздерге басын иеді.

2-жүргізуші. Мадияр:
-Сіздерге арнап «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші. Мадияр:
Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін .
Әріп танып білім алып,
Рахметімді жаудырамын.

1-жүргізуші. Алтынай:
Бастауышым-балбұлағым,
Лаулап жансын шам-шырағың,
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.

2-жүргізуші. Мадияр:
Келесі тамашалайтын бөлім «Жүректен-жүрекке» деп аталады.
Нүр жүзіңнен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден,
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

1-жүргізуші.Алтынай:
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де  әр әріпті,
Қоссаңдар 1-ді 2-ге 3 болады,
Деуші едің білімменнен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап,
Өзіңіз баға қойған күнделікті ,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

2-жүргізуші. Мадияр:
Ақылшым асыл мұғалім,
Өзіңе мен де ұқсармын,
Жеткенше қайрат күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.

Мадина:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Еңлік:

Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартққан қара жол,
Көз жұмсамда көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Ерасыл:

Ұстазым!

Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Ақерке:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.



Жаннет.
Есімде ұстазымның алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны,
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,
Енді міне сағымдай боп өте шықты.
4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Айсезім.
Сен менің әкемдейсің анамдайсың,
Мен үшін армандайсың алаңдайсың.
Мяаш апай сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеудеге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз,
Шәкірттердің жүрегіне жол табатын.

Жан.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Ерхан.
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын,
Мәңгі ,мәңгі есімде қалады.

Аружан.О.
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса төбем өсіп көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Абай.
Көрінетін биіктен асқақ іспен,
Баулитұғын білімге жас кішіден,
4 жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Гүлхан.
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен тең көреді.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін сенен алғаш мәңгілік,
Мейіріммен шуақ шашқаның.

2-жүргізуші. Аяжан.
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,
Өзің болдың ұстазымыз сенгеніміз.

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші.Аружан.
Ақ сүт берген ақ жаулықты аналарды,
Қастерлейік әрқашан бабаларды,
Қадірлейік аталар мен даналарды,
Сыйлайық барлығымыз аналарды.

2-жүргізуші.Аяжан.
Апарып алғаш мектепке,
Оқытқан сен өзіңсің,
«Білгір бол деп айтатын»,
Ойымда әлгі сөзің шын,
Шашымды өрдің қолыңмен ,
Киімімді кигізіп,
Қуантасың мені әркез,
Ақ бетіңнен сүйгізіп.

1-жүргізуші.Аружан.
Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды,
Тілеуімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды.
Ән: «Әке туралы жыр» Аяжанның орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан,
Бал құрақтай көлге біткен балуаса,
Би құдірет мың бұралып ырғалған.

Би: «Танго»  Айсезім мен Оралханның орындауында   қошеметпен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші.Аружан.
Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен күн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың,
Ардақты аналар, әкелер, әпкелер әжелер келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады.

Ән: «Аға» Ерханның орындауында   Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші.Аяжан.
Өмірде ата-анамдай бауыр қымбат,
Тай-құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

Келесі  әніміз алғашқы ұстаз Мяаш апайға және бастауышта білім  берген ұстаздарға арналады.
Хор: «Мейірман ұстаздар»

2-жүргізуші.Аяжан.
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым,
Аружан арнайды бұл әнін!

Ән:   «Домбыра туралы баллада» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші.Аружан.
Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дар шың,
Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңошада еске алатын.
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі,
Пана болған дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ем біз сізді. Сөз кезегі н алғашқы ұстазымыз Мяаш апайға беріледі.

Мұғалім  кешті қортындылап , ата-аналарға рахметін айтып  оқушыларды дипломдармен, ата-аналрды  алғыс хаттармен марапаттайды.

2-жүргізуші.Аяжан.
Өтті біздің балалық,
Өтті бізден балалық,
Тезге салды ұатазым,
Ұстанғаны адалдық,
Текті мінез даналық,
Үйреткені адамдық,
Біз тілейміз ұстазға

Екеуі бірге: «Бақыт, табыс, амандық»
Ән: «Астанаға»    Абайдың орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді,
Әкешім аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

1-жүргізуші.Аружан.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең –ақ мақтанышың,
Білім алып еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән: «Сұранам»  Рахаттың орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Ыстық лебіздерін білдіруге ата-аналарымызға, ұстаздарға беріледі.

Би: «Көңілді күн»   Айсезім мен Аружанның орындауында.

Екеуі бірге:  Шуағын шашқан,
Нұрын төккен,
Дәнін еккен,

4- көктем-атты кешіміз  аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі