Тақырыбы:
«Табиғат-денсаулық мекені».
Мақсаты:
Оқушылардың «табиғат» құндылығы туралы
түсінігін дамыту.
Табиғаттың
адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын
дамыту. Табиғатты қорғауға, сүюге
тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
Балалар,
бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Табиғат,
сен-тіршілік, тұнып тұрған.
Сен-Күнсің,
көтерілген күліп қырдан
Сен-көлсің
Сен-ормансың
Сен-бұлбұлсың
Адамға
сұлулықты шын ұқтырған.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Табиғат-бізді
қоршаған орта, ол адам баласының санасынан
тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам
табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың
ерекше қасиеті-ол өзінің бөліп шығарған
қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін
тазартып алады. Ал адам баласының
іс-әрекеттерінен болған қалдықтардан
өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып,
ластанады. Таза табиғат үшін күрес,
келешек,болашақ үшін күрес әрқайсымыз
өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға
міндеттіміз. Табиғат адам баласын
дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл
тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы
бесігі,құтты қонысы және өсіп-өнген
мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың
неден зардап шегіп тұрғаның анықтап,
өз көмегімізді беруге дайын болуымыз
керек.
Бүгінгі
тәрбие сағатысыз осы мақсатта
ұйымдастырылып отыр.
Табиғаттың
тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк
табиғат-жүрегімнің тамылжыған тынысың
Ей,адамдар,қалай
ғана қатігездік жасайсың
Ол-анаң
ғой, ал-сен кенже ұлысын.
Табиғаттың
сұлу-сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір
тамаша туындылардың бірі-хайуанаттар.
Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды
көзінің қарашығындай аялап, қамқорлық
алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға
деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Табиғатты
қорғау туралы ананың қандай өсиет
сөздері бар?
Ұя
бұзба, балапанға тиме, жас шыбықты
сындырма.
«Саялы
орман», «Таза көл», «Көрікті жер»
неліктен денсаулық мекені бола алады?
Таза
ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі
көңіл-күй,адам денсаулығын сақтауға
көмектеседі.
Тыныштық
сәті:
-Балалар,көзімізді
жұмып табиғат аясында отырмыз деп
елестетейік. (Үнтаспадан тыңдату)
Бұлттар
төніп,
Жерге
шөгіп,
Дымқыл
тұман басады
Шөп
сарғайып,өңі тайып
Дала
сұры қашады
Балаларым,
айтыңдаршы
Бұл
қай кезде болады?
-Енді
көзімізді ашайық.
-Бұл
күз мезгілі.
Шығармашылық
жұмыс.
Суретке қарап, «Табиғатпен біргеміз»
тақырыбында әңгіме құрастыру.
Дәйексөз.
Бүгінгі
сабағымыздың дәйек сөзін дәптерімізге
жазып алайық.
Табиғаттан
нәр алған ғой жанымыз
Ұсынайық
жүрек нұрын бәріміз
Р.Сәттімбекұлы
Жүректен-жүрекке.
Балалар
барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
Табиғат анаға арнап «Табиғат та бір
кітап» өленің айтайық.
Тамаша
ғой бүгін сен
Табиғатқа
жүгінсең
Құлақ
түріп, көз тігіп
Төңірекке
үңілсен
Еріп
бұлттың ырқына
Жоқ
болады бір күн ай
Табиғатта
бір кітап
Оқи
алсаң шіркін-ай!
Қорытынды:
Табиғат-бәріміздің
ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат
бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған
ауылымыздың,ауданымыздың экологиялық
жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс
пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып,
суымызды ластамай табиғатымызды аялайық,
сақтайық,оны таза күйінде болашақ
ұрпаққа табыс ету-біздің парызымыз.