жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Әке ұл өсірер, ана қыз өсірер"
4-сыныпта өткізілген ашық тәрбие сағаты.
Сабақ тақырыбы: Әке ұл өсірер, ана қыз өсірер.
Сабақтың мақсаты:Бабаларымыздың рухани мұрасын, өнегесін дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа үлгі- өнеге беру. Отбасылық тәрбие мен ұлттық тәрбиені сабақтастырудағы ата-ананың рөлін көрсету. Оқушы бойында ұлтына, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Үлкенді сыйлап, істерін өнеге тұтуға үйрету.
Сабақ көрнекілігі: топтық жұмысқа арналған тапсырма, қолөнер түрлері, кезеңдерге арналған тапсырмалар.
Сабақ барысы.
I бөлім. Ұлттық өнеге және мұра.
1.Қысқаша мағлұмат беру.
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен.
Қазақ- ұлы халық. Түркияда «қазақ ері» деген тіркес бар екен. Бұл елде ерлігі, батырлығы асқан, қайсар жігітті көрсе «О, мынау нағыз қазақ ері»,-деп жатады екен. Жеті қазынасы түгел ер - Отанының қорғаушысы емес пе!
«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде, тәлім-тәрбие ретінде беруге міндеттіміз.
2.Ақын М.Әлімбаевтың өлеңін 1 оқушы оқиды.
Қипақтайды қит етсе ана менен әкең:
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойым емес,оллаһи,біздікінің
Енжарлығы басым ба өзгелерден
Туа сала тұлпардың жалын тартқан
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап,маңына жылу сыйлар
Балам да менің алаудай жанар ма екен?!
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Жеңісіне мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында
Кей кезде ата-ананың үміті талады екен.
Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы. Әрбір баланың мінез-құлқы ата-ананың жағымды іс әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады.
Ұлттық мұраға, салт-дәстүрге сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды.
3. оқушылар үй тапсырмасы бойынша ұлттың салт-дәстүрі туралы баяндайды.Халқымызда қандай дәстүрлер бар?
4.«Ұлы Абайдай дана да Ұлжандай ізгі анадан туған» сөзінің мәніне тоқталу.
Топтық жұмыс.Топта талдап, жауап беру. Оқушыларға өздерінің әдебиеттік оқу кітабы бойынша сұрақтар беріледі.
А) «Әке арманы» М.Әуезов.
Мына сөздің иелері кім? Не туралы айтылып тұр? Қандай өнегелі іс көріп тұрсыңдар?
-Мен оқу бітірген соң, елге келіп, мектеп салдырып, осы ауылдың бар баласын оқытуға кірісем.
-Бұған менің алғыстан басқа айтарым жоқ, Әбішім! Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен сияқты әкенің арманы бола ма?
Ә) «Ауылға келген мұғалім» М.Жұмабаев шығармасынан.
Атасынан бата алған, оқуға ерекше ынталы бала кім еді? «Ақсақал алақанына салып өсірмеген бала өресіз болады» Түсіндір.
«Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады»,- дейтін атасы. Баласының оқуға ынтасының зор екенін көрген әкесі оны Қызылжарға оқуға береді.
Б) .»Құрманғазы» С.Бақбергенов.
Кім туралы айтылған? Ананың әрекетін түсіндіріп көріңдер.
-Құрмашым, не күйдесің? –деген ана дауысын естігенде көзімнен ыстық жас саулап кетті.
-Ержүрек ұл таптым десем, қоян жүрек құл тауып па едім, Көзіңнің жасын төгіп, жігеріңді құм етіп тұрсың ба?- деді де, жон арқамнан қамшымен тартып- тартып жіберді.
В) «Алғашқы көмек» Б.Тұрсынбаев.
Бала еңбектің алғашқы қасиетін қалай сезінді? Алғашқы көмек деген не?
«Әкем үш бірдей қоянды әкеп босағаға тастай берді. .....Еңбектің ең алғашқы қасиетін сезгенім сонда болды.»
II бөлім.Менің отбасым.
2.Оқушылар өздері отбасы туралы даярлаған жұмыстарын баяндайды.
«Отбасы дегеніміз не?» деген сұрақ төңірегінде өздері дайындаған сурет, көріністерін көрсетеді.
3. Ата-аналармен ой бөлісу.
-Адамға бала неге керек? Адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды.
Біреулер байлықты-бақыт деп санайды, басқасы құрмет пен даңқ, үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді.
Cіздіңше бақыт деген не?
Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.
Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келіп қойғанын байқамайды.
Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады.
4. «Автор орындығы» Орындыққа отырған оқушы өз әкесі, анасы туралы ой айтады.
«Менің әкем- батыр, себебі ......... (оқушылар өз әкелері туралы айтады.)
«Ана-өмірімнің шуағы, себебі... (аналар туралы )
III бөлім. Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар.
1.Өнеге. Өнегелі іспен таныстыру.
1-мысал. Ас үйде байқаусызда қолымнан сүт түсіп кетіп, төгіп алдым. Әкем сүттің ыдысына суды толтырып, қолыма ұстатып, үйдің ішінде әрлі – берлі жүргізген соң төкпейтіндей болдым. Қолым әбден жаттығып, орнықты. Кейін хирург болған кезімде медициналық скальпельді ұстаған кезде, операция үстелінде қолым ешқашан дірілдемеді. Әкемнің маған жасаған сынағы өмірлік мамандығыма да себебін тигізді.
2-мысал. «Әке мен бала» Бір адам баласын ертіп атпен жолға шығыпты да кешке бір ауылға кеп қоныпты.Жатарда аттарын отқа қоймақ болып, ер-тоқымын аларда әкесі баласына:
-Балам, атыңды тұсап жібер, ертең әуре болып жүрме,-депті. Сонда баласы:
-Күнде мұның аяғын ешкім тұсамайтын, тұсап не қыламыз,-деп бос жіберіпті. Түнде баласының аты үйренген жағына қашып кетіпті. Сонда әкесі:
-Көрдің бе, балам, кеше атты тұсап жіберуге ерініп едің. Бүгін жолыңнан қалдың. «Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер» деген осы,- депті.
2.Оқушылар ата-анасымен бірігіп жасаған заттарын көрсетеді. (өрілген қамшы, құраған көрпеше, жастықша, т.б.)
Шағын көрме.
3.Сахналық ойын. Жағдаяттар шешу.
Оқушылар ата – аналарына балалар басынан кешіретін әр түрлі жағдайларды баяндап айтады. Ата – аналар сол сәтті қалай қабылдап, жағдайдан қалай шығады?
1 – оқушы:
-Анашым, мен бүгін сабаққа бармай – ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2 – оқушы:
-Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым. Енді не істеймін? Терезенің шынысы қымбат тұра ма?
3 – оқушы:
-Анашым, кеше үш сабақтан «2» алдым. «Тоқсандық бағаң екіге шығады», -деді мұғалім.
4 – оқушы:
-Анашым, мен сіздің жақсы-ы-ы көретін ыдысыңызды сындырып алдым. Қолымнан түсіп кетті.
5– оқушы:
-Анашым, мені неге жай ояттыңыз? Сабаққа кешігіп бардым. «Осы жағдай осымен екі рет қайталанды»,- деп мұғалім қатты ренжіді. Ылғи осылай сабақтан қалдырып тастайсыңдар.
6 – оқушы:
-Әке, білесің бе, мен бүгін жарыста 1-ші орын алдым. Әке, естимісіз, 1-ші орын! 1-ші орын!
IY бөлім.Қорытынды.
Шын жүректен.
1.Оқушылар өлең оқиды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген