400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Ана өмірдің гүлі."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жасқы өтті. Барлық мұғалімдер қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

Мақсаты:8-наурыз Халықаралық аналар мерекесін атап өту.Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, Оқушы тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.Оқушы бойындағы ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазаққа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Түрлі гүлдер, шарлар, плакаттар, слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Шаттық шеңбері:

м: Көгімнің көркі кім?

о: Ана.
м:Жүрегімнің нұры кім?

о: Ана.

м: Әлемнің нұры кім?
о: Ана.

М:Армысың абзал ана ,ару қыздар,!
Анаға тең келетін бар ма дана?

Бүгін бізде қонақта көпбалалы отбасы аналарын шақырған болатынбыз,

Турарбекова Гульмира, Нұрислам мамасы ,Байғазина Асима, Асылжанның мамасы Айнагулова Шнар, Нұрқыздың мамасы ,Дошаева Светлана,Ажардың мамасы , Тлепина Жанар,Нұрбинаның мамасы.Біздің сынып бойынша 7 көпбалалы отбасы бар екен.

Үй жұмысы:

«Дәрумендер»

Дәрумендер қандай тағамдарда болады?

Сүттен жасалған тағамдарда, жемістерде, көкөністерде болады. 

«Дәрумендер – денсаулық кепілі»

А дәрумені:
Менің бойымда сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары майда болады.
С дәрумені:
Менің құрамымда қызанақ, пияз, картоп, капуста жеміс — жидектер толы.
Д дәрумені:
Өте пайдалымын. Менің құрамымда сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы жұмыртқа толы.
Е дәрумені:
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында көп болады.


Жемістер Көкөністер (орысша ,қазақша)



Мұғалім сөзі:

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»деп аталады



Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Аналар, апайлар, ару қыздар мерекелерің құтты болсын.

1975 жылы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып жарияланғаннан кейін, бүгінде бұл мереке әлемнің біраз елінде ерекше құрметпен тойланып жүр. Қазақстанда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні ретінде мерекеленіп, бұл күні аналар мен арулар ыстық лебізге кенеліп, көктеммен бірге құлпыра түседі. 

Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ананы барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Видеролик :

Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!


Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.


Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!


Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.

Ана дейміз бэріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.


Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

1. Ерлікеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!

2. Ана дегеген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан

4. Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың

6. Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген маматайым
Сәлем беріп бүгін саған
Мейрамыңмен құтықтаймын.

2. Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

5. Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүниеде аналарман көрікті ғой,
Онсыз бір құста сайрамаған.

1.«Жаным, күнім» дегенді,«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,«Толған айым» дегенді,Ойлап тапқан аналар!

  1. Сөздерді ең аяулы,
    Жақсы көріп жаттадым.
    Енді білдім оларды
    Кімнің ойлап тапқанын.
    «Ана» деген сөзді де,«Аға» деген сөзді де,«Әке» деген сөзді де,
    «Тәте» деген сөзді де,«Ата» деген сөзді де,«Апа» деген сөзді де, - Ойлап тапқан балалар!

Көрініс «Ананың алты қызы»

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары (Қолына үлкен сөмке ұстаған аналары үйіне шаршап оралады)

Сахнада әркім өз шаруасымен айналысып жүрген қыздар анасының келгеніне қуанып алдынан жүгіріп шығады. Бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады:

1-қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2-қыз: Анашым, мен сені бір тамшы су аңсаған шөл даладай күттім.

3-қыз: Мен шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

  1. Қыз. Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

  2. Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қарадым.

  3. Сен менің түсімде аспандағы күндей болып көріндің.

Автор : Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.Анасының асын даярлап Алдына қойды. Шәй құйып берді.

Анасы: Қыз- қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

Патша батасы: Ізетті, ақылды ұл-қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар. Бірлік пен татулықты серік етіңдер. Ана сыйлағанды Алла жарылқайды. Аналарыңды әрқашан қадірлеңдер! Әрқашан да тіл алып, көмектесіңдер!

Автор: Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып, «Ана - өмірдің шуағы» деп жадыраған , жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Содан бері барлық халық 8- наурыз күнін халықаралық әйелдер мерекесін тойлайтын болыпты. Мерекелеріңіз құтты болсын

Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.

Әлемде сен болмасаң осылайша

Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!

Видеоролик : Ана туралы

  1. «Ассосация» әдісі
    АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ең сұлу, ең ақылды, ең қайырымды, ең парасатты, ең әдемі, ең байсалды, ең инабатты, ең қамқор, ең білімді, ең керемет, ардақты,бағбан,қорған.



Ана туралы мақал – мәтел айту



Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бала» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.

  1. Балам деші ,
    Қасыңда боп әрдайым,
    Мен ешқайда бармаймын.

Құттықтау бөлімі. Ашық микрофон:

-Қай мұғалімді жақсы көресің ?

-Ұзтаздарға қандай тілек айтасыңдар?

-Мектеп саған не береді?

-Сен үшін құрметті кім? Ұстаз және ана

-Анаңа қандай тілек айтасың?

Ойын: «Өз баласын еркелету»
(Шарты: 10 адым жүре отырып,баласын еркелететін сөздер айту Кім көп айтады?)

Рефлексия Кері байланыс: Гүлдерді беру

  • Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (сары түс)

  • Әлі де түсінбеген тұстарым бар.(қызыл түс)

  • Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс) Мұғалім сөзі:Ана деген- адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсете отырып, кешімізді аяқтаймыз. Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ – дәулет шалқи берсін жерімізде,Аман – сау болайықшы көріскенше,Көк байрақ, желбірей түс көгімізде.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі