Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық
қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты
ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға
баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге,
тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жоспар:
Аталар сөзі – ақылдың көзі.
Ата өсиеті.
Баталы құл – арымас.
Жарасып тұр
дәстүрім.
Мұғалім:«Сәлем сөздің анасы» демекші,
армысыздар ағайын!
Қадірменді көпшілік. Бүгінгі
«Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош
келіпсіздер!
Ата бабаларымыздан бізге
жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие
берерлік өсиет сөздер өте көп.
Ендеше, күнделікті өмірде
ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар
сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.
Жігіт:
Гүлсара
Ата! Қол бастау қиын
ба,
Жол бастау қиын
ба,
Сөз бастау қиын
ба?
Қарт:
Есболат
Е, балам!
Қол бастау қиын
емес,
Көк найзалы ерің
болса,
Жол бастау қиын
емес,
Соныңнан ерген елің
болса,
Бәрінен де сөз бастау
қиын.
Тауып айтсаң, мереке
қылады.
Таппай айтсаң, келеке
қылады.
Жігіт:
Гүлсара
Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт:
Есболат
Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Қарт:Есболат
Сөз туралы сөздер өте
көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Қарт:
Есболат
Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін
болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
Ойын:Бүгінгі
тойымыз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына
қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған.
Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға
байланысты сұрақтар қойылады сендер мақал-мәтелмен жауап беру
керек
а\ Түкіріктен көл бола ма? --
Көп түкірсе - көл
ә\ Жыланды інінен қалай
шығарамыз? -- Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен
шығады?
б\ Тауық түс көре ме? --
Тауықтың түсіне тары кіреді
в\ Сиырдың сүті қай жерінде? -- Сиырдың сүті -
тілінде
г\ Қар жана ма? --Қалауын тапса қар
жанар
ғ\ Қылыштан өткір не? -- Тіл -- қылыштан
өткір
Мұғалім:
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме
етіп
Инабатты күйме
етіп,
Жүрші балам жамандықты
күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың
мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп,
жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып
өсейік.
Көрініс «Ата
өсиеті.»ертегісі.
Жігіт:Ырысхан
Ассалаумағалеукум, ата!
Қарт:Есболат
Аманбысың, балам!
Балам,бақытты болу оңай ма?
Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты
жанында
Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда
болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттан да
мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты
үйрен, не ақылды қызыңа үйрет.
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт:Ата, үйде
ана, елде бастық қадірлі.
Қарт:Жоқ,
балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз
қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы,
балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт:Балам,
үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт:Ата,
үйдегі алтын қазық бала.
Қарт:Жоқ,
үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана
тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке –
қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың
екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның
жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы
сөзінде болады балам.
Қарт:Ой,
қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт:Ата,
достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық,
бауырмалдық нығайтады.
Қарт:Дұрыс,
балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде
болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң
«Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем
айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға
үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз –
көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Мұғалім:. Елдігіміздің,
егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді
тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы
түсінік бермекшіміз.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана
халқымыз.
Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім
күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға,
көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы
ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен
ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Қыздарға бата
беру.
Әумин!
Қарт:
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа
шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
Мұғалім:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше
«Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.
Жарасып тұр дәстүрім!
Г: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан
әжем келді.
Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты
қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.
Г: Ырысхан , артыңа жасырып
тұрғаның не нәрсе?
Ы: Байғазы берсең,
көрсетем.
Г: Байғазы балалардың жаңа
киімі үшін берілетін сыйы.
Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой,
саған моншағымды берейін, көрсетші.
Ы: (Басына бас киімін киіп)
Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан
сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін
даярлаңдар.
Г: Байғазы жансыз дүниеге, ал
көрімдік жандыға беріледі.
Е: Ырысхан, білесің бе? Менің
ағам Түркияға қыдырып кетті.
Ы: Онда сенің әжең тоқымқағар
жасайды екен ғой.
Е: Ол не?
Ы: Жас жігіт алғаш рет жолға
шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр
айтылады.
Е: Егер, ағам маған сыйлық
әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың
ғой.
Ы: Алыс сапарға шыққан адамдар
туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны
«Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың
белгісі.
Е: Гүлсара, бағанадан үндемей
тұрған мына досың кім?
Г: Бұл – Ырысхан . Жақын да
көшіп келген көршіміз.
Е: Басқа жақтан көшіп келген
көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Ырысханды
бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Ырысхан
мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)
Қорытындылау:
Қазақтар – « Төріңнен
қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың
бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті
өлшеусіз.«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандайміне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында
қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі
мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп
сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар,
қадірлеңдер!
Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер
алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен
бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.
Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас
ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол
мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті
болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек,
бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық
тұлғаны қалыптастырады.
1 – жүрг: Аталар сөзімен өсіп
өнген,
2 – жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,
1 – жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие
алған,
2 – жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым
еткен
1 – жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат
еткен.
2 – жүрг: Кешіміздің
қадірменді қонақтарын келгендеріңізге көп көп
рахмет.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Ақтас негізгі мектебі»КММ
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
Аталар
мұрасы –халық
қазынасы
Жауапты: Негмеджанова
К.С
Тексерген: ДТІЖО Өміржанова Ж.С
2020—2021 оқу жылы
Аталар сөзімен өсіп өнген
Бабалар бұлағынан нәр алған
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықты ғибрат еткен
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа
шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
Е: Басқа жақтан көшіп келген
көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Ырысханды
бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Ырысхан
мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)
Ы: Алыс сапарға шыққан адамдар
туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны
«Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың
белгісі
Ой, қандай керемет сөздер
Мақал-мәтелдерді білеміз
бе?
...еу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Ерінген ... істейді.
Білгенің ... ...,
Білмегенің ... тоғыз.
Еңбегің егіз болса,
Байлығың ... болады.
Ердің сөзі ...еу,
Ердің көгі – ...еу.
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз