400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Жалпы адамзаттық құндылық 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізілген тәрбие сағатының мақсаты жалпы адамзаттық құндылқтарды оқушы бойына сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 

Мерзімі:           23.11                                                          

Сыныбы: 2 «Ә»

Мұғалім: Маширова Фариза

Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз 

Құндылық: Ақиқат 

Қасиеттері: Адалдық,шындық,әділдік 


Сабақтың мақсаты. «Адалдық» құндылығының мәнін аша отырып,шыншылдық туралы түсінік беру 

Міндеттері: 

- Шыншыл адам  туралы ұғым беру 

-Адалдықты  үйрете отырып,ризашылық қасиеттерін дамыту 

-Адалдыққа,шындыққа,әділдікке тәрбиелеу. 

 

Ресурстар керек материялдар 

1.Ұйымдастыру 

Амандасу,түгендеу

5-Т ережесін қайталау 

                                  Талап,тәртіп,тазалық,тыныштық,татулық. 

Тыныштық сәті 

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  

 

2.Үй тапсырмасын сұрау  

-  Өзін-өзі тану пәнінен қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер? 

 (3,4 оқушыдан сұрау) 

- Жақсылық жасау үшін адамға қандай қасиеттер керек? 


3.Дәйексөз  

         

  Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін-өзі танудың негізі 

                                                                                        

      Даналық сөз 

4. Әңгімелеу 

      Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар. 

Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор. ... 

Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған затты және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды.                                       


Таза бұлақ

                                                     (Әңгіме) 

- Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті? 

- бұлақ басындағы таста қандай жазу болды? 


5. Шығармашылық жұмыс 

 Ақиқат сөзіне жақсы қасиеттен басталатын сөздерді жазу 


6. Топпен ән                                Айгөлек 


7.Үй тапсырмасы 

«Әдептілік әліппесі« өлеңін жаттау 


8. Соңғы тыныштық сәті 

Сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.Сау болыңыздар. 

 Оқулық,


http://www.youtube.

com/watch?v=

1wra5jdp0zQ












































https://youtu.be/cde5ttk0xGE



















Рефлексивтік есеп

23 қараша еліміз бойынша «Жалпыадамзаттық құндылықтар күні» аталып өтті.Осы күнге орай мен сыныбымда «Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз» деп аталатын сынып сағатын өткіздім.Бір күн болса да бір-бірімізге кіші болсын.үлкен болсын кез-келген адаммен амандасып,сәттілік тілеп,кішіге де,үлкенге де «Сіз» деп сөйлеп,кемінде бір адамға болсада сауапты іс жасап бойымыздағы адами құндылығымызды көрсету мақсатында өтті.

Сабақ барысында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін-өзі танудың негізі» дәйексөзінің мағынасын ашудан басталды.Балаларға жалпыадамзаттық құндылық туралы мағлұмат берілді.Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі талқыланды. Шығармашылық жұмыста балалар  «Ақиқат», «Құндылық» сөзіне жақсы қасиеттен басталатын сөздерді жазды.


                                                                                        

Сабағымыздың қорытынды бөлімінде, балаларға бір күн болса да өзімізді өзіміз тәрбиелеп ,адамдарға нұр шашып жүруді,жүректен шыққан сөзді жүрекке жеткізе білуді үйрету,дұрыс сөйлеу,ешкімнің көңіліне қаяу түсірмеу сияқты ізгі тілектер айтылды.

Бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын.Бір-бірімізді бағалай білейік.Шуақты күндер көпболсын!Әркімнің әр сөзінен рухани байлыққа толы сөз шығып,адамдарға нұр шашайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі