400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1-сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында, болашақ жастарды өз Отанын сүюге, құрметтеуге арналған. Мектепке алғаш келген балаларды мектеп ережесімен таныстыра отырып, сыныптастарымен, құрал -жабдықтармен, сыныппен таныстыру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласы Ғ. Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі КММ»











Тәрбие сағатының тақырыбы:

Менің Отаным - Қазақстан









Орындаған : Есбенбетова Сулу Куанышовна

Тексерген:















Теміртау 2018

Тәрбие сағат тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан».

  1. сынып

Күні: 01.09.2018 Уақыты: 11:00

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, видеоролик, Астана қаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

-сыныппен, мұғаліммен таныстыру, мектептегі алғашқы қадамдарымен құттықтау

-оқушыларды түгелдеу

-оқушылардың назарын қарату

1. Психологиялық кезең: Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып:

Бақыт толы шеңберге

Шаттық толы шеңберге

Қол ұстасып келдік біз

Жан достармыз енді біз.

-Балалар тақтада бірнеше сандар тур, соларды рет-ретімен қойып, астындағы әріптерден бір сөз шығады. Сол сөз бүгінгі тақырыбымызбен байланысты.

«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып, еліміз жайында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету) - Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кең байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай

видеороликке назар аударайық.

3. Видеоролик. Тәуелсіз елім

4. Оқушылардан өздері білетін Отан, Қазақстан туралы тақпақ, өлең шумақтарын, мақал-мәтелдерді сұрау.

5. Ойын. 5-6 шариктің ішінде қызықты тапсырмалар болады.

- Отан үшін сен не істер едің?

- Қазақстан сен үшін қандай мемлекет?

- Отан туралы өлең шумақтарын айт

- Еліміздің бас қаласы қайсы қала?

- Сен Отаныңды сүйесің бе?

ІІІ Сергіту сәті. Көңілді күн

ІҮ Сабақты қорытындылау. Рефлексия

- Ал балалар бүгін біз мектепке алғаш келіп, нені үйрендік?

- Сабақ ұнадыма?

Құстар мен гүлдерді Астана бейнеленген суретке қыстырып, сабақты қорытындылаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі