400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы орта мектептерде сабақ беретін сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

  Тәрбие сағатының барысы:

І – жүргізуші:

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар 5 «А» сыныбы мен

4 «Ә» сыныбының «Тәуелсіз елім Қазақстаным»   атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.


2-жүргізуші Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.


1-жүргізуші Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.


Екі жүргізуші бірге Міне содан бері    27  жыл!    


«Иә, солай» әні, орындайтын Еркінбек Назгүл


ІІ– жүргізуші:

Достар, біздер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға біз үшін мүмкіндік мол. Біздер көп уақытыңмызды достарызбен, туған – туыстарымызбен өткіземіз, көңілді мерекелерді асыға күтеміз. Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің  мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.


Әдеби монтаж


Көрініс

І жүргізуші: Алматы қаласы, Республика алаңы. Тәуелсіздік маноментінің қасындағы атасы мен немере

Немере: ата, неге күрсінесіз? Ата, маған Тәуелсіздіктің 27 жылдығына байланысты Қазақстанның тарихынан шежіре айтып беріңізші.

Ата: Е, балам, бұл ескерткіш тақта 1990 жылы 17-желтоқсанда «желтоқсан құрбандарына» арнап орнатылған еді Иә, бұл күнге жету үшін  ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

Немере: Ата, неге тоқтап қалдыңыз? Мен тыңдауға әзірмін.

Ата: Е,е, балам, қасиетті қазақ даласы талай дүниелерді, қанды оқиғаларды бастан кешті ғой! 1991 жылы 16-желтоқсанда «Егемен болмай,  ел болмас, Тәуелсіз болмай тіл болмас» демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық.

Немере: Ата, «осы тақтаға қолыңды қойып, арман айтсаң орындалады» деген рас па?

Ата: Ой, құлыным, рас, арманыңды ойлап жіберші кәне... Жүр, балам, арманыңды айтып болсаң қайтайық үйге.

Немере:Ата, қандай арман ойлағанымды сізге айтайын  ба? Мен елімізде тек тыныштық болып, соғыс өрті жерімізді шалмасын, бейбітшілік  болсын дедім!

Ата: Балапаным-ай, біз көрген қиыншылықты сендердің бастарыңа бермесін, Жер-Анамыз тыныш болсын, құлыным!


Мәнерлеп оқу /Асем мен Лазина/



І – жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


ІІ – жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

 

Би 5 а-сыныбы


І – жүргізуші

 Достар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.


Екі оқушы шығып хронология бойынша тарихты айтып шығады

/Альмира мен 4ә /


ІІ- жүргізуші:

Тәуелсіздік  —  тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның   сан  ғасыры

Көк байрақты ,  кемеңгер  кемел   ойлы

Келбетіңнен  көремін   жалғасымды.


«Жігіттер» әнімен ортаға Алтыбек Саянды шақырамыз






І – жүргізуші:

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл  таңсың,

Жүректерге үміт боп  жағылғансың

Аяулысың  білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.


:

            Ән « Атамекен »   әні орындалады (хор)


Екі жүргізуші бірге:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!       — дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!




































№67 негізгі орта мектеп






Ашық сабақ



Пәні: қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: «Астана – болашақтың қаласы»


Сынып: 6


Мұғалім: А. Үсен












Шымкент -2018 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі