жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым" 1-сынып
Мерзімі: 15.12.17
Сынып: 2 «б»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым»
Мақсаты:
Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Дұрыс, мәнерлі, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту,
Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, видеороликтер, тәуелсіздікке байланысты плакаттар
І бөлім: Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Армысыздар! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің – Жас өрендері.
2-жүргізуші: Қайырлы күн! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан- ұстаздар қауымы қонақтар!
1-жүргізуші: Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 21 жылдығын үлкен салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Ән ұранын шалықтатқан еліміздің жарқын істерінің табысын көрудеміз.
ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады
ІІ. Шежіре
2-жүргізуші: Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи күнге көз жүгіртіп өтейік.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік- халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлар күресі мен тарихының нәтижесі.1723 жыл.Жоңғарлар шапқыншылығы, яғни,тарих бетінде «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама»деген атпен қалды.
Абылай заманы- батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
2-жүргізуші: 1933-1937 жылдардағы ашаршылық нәубеті бәрінен асып түсті.Бұл бүкіл халықтың басына түскен апат еді. Ол кездегі орталық комитетінің хатшысы болған Голощекин халықтың асырап отырған малын алып,орталықтың үстемдік саясатын ұстанды.Мұның бәрін баяндап сол кездегі көзі ашық көкірегі ояу С.Сейфуллин,Т.Рысқұлов,О.Жандосов сияқты азаматтар Сталинге хат жазды.Бұл азаматтардың бәрі 1936-1937 жылдары атылып кетті. Архив деректеріне сүйенсек, 1 миллион 740 мың қазақ шетел асып кетсе, 1 миллион 700 мың қазақ аштан өлді. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиеті биік ұстайтын, намысқой, ержүректік қасиеті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай шайқасты.
« Ана туралы баллада» видеоклип көрсетіледі
1-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда, ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесіне жеткізген аға-апалар ерлігін көрсетпеу әсте мүмкін емес.
-Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай »,-деп егілген,Қаһарман ұл қыздар-ай
Ән : «Желтоқсан желі» хор, артынан видео көрсетіліп тұрады
Соңғы өліп-тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсандағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.
1-оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?
2-оқушы: Иә,тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сонау дүбірлі батырлар заманыннан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
(Күй әуені)
Желтоқсан- майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан- зары боздағын көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара,
Бүгінгі мен кешенің.
Тәуелсізідік үшін тігіп бастарын,
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн сұрамақ басқа кім?
-Ендеше экранға назар аударайық.
«Желтоқсан ызғары» видеоролигі көрсетіледі.
2-жүргізуші: Иә,балалар, 1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиға бәріміздің жүрегімізді тебірентті. (күй)
3-оқушы: Атыңнан айналайын, қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағын сынбай,
Көрсен де көресіңді азаппенен.
Кім танымас тербелген тал бесікті,
Болашаққа айқара аштық кең есікті.
Барша ел аузын ашып тамсанумен.
«Қандай ғажап егемен ел десіпті»
Көрініс..
Оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді.Ұзақ кінәлап,жала жауып,
«Қызыңыз тентек»деген ұстааздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.Күптген жерден:«Бәріне кінәлі мен,жазалаңдар мені.Олады оқу орнынан қумаңдар!Шеруді де мен ұйымдастырдым.Бәріне мен жауап беремін»,-деп кесіп айтқан сөзінен сілтідей тыңдады.Сабира жиналысты тастай,сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол бойымен намысшыл қыз жатақханысының 5-ші қабатынан секіріп кетті.Оның өмірі ерте үзілді.Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай,оқуынан қудырмай,жалал жапқызбай сақтап қалды.
Автор: Асем. Өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Қайрат та өз мүсінінің тұғырын өзі қойып кеткен қазақтың ұлы перзенттерінің бірі. Оған елбасымыз қол қойған жарлықпен «Халық Қаһарманы» ең жоғарғы атағы берілді.
-Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Тәуелсіздік жолында, құрбан болған Ербол Сыпатайұлы, Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сабира Мұхамеджанқызы сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.
2-жүргізуші: Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 19-желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Желтоқсанда мерт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
1-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
5-оқушы:Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
6-оқушы:Тәуелсіздік-сан ғасырлар арман,қол жеткізген ақиқат.1991 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік декларациясы қабылданды.Бұл тарихи күн деп аталды.Осы декларацмяда ҚР Тәуелсіздік 16 желтоқсан деп жазылды.Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздікке қолымыз жетті,әлемдегі басқа елдермен тереземіз тең болды.
7-оқушы:«Ата заңым-әділ заңым,Тәуелсіздік жемісі». ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақстан Республикасы қорғау оның әрбір азаматының қасиеті,парызы және міндеті.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.
8-оқушы:«Рәміздерім-елдігімнің белгісі».Көк байрақ туымыз халқмызыдың қасиеті киелі белгісі.Туымыздың көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн халқымыздың азаматтық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.Алтын күнді алтын қанаты мен жебеп,өрге көтеріп,ұшып бара жатқан қыран құс-ерлік белгісі.Кең пейілді,көңілі таза,жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр.Азат күнді,дүниені ерліклен қорғайтын қырандай түлегі болу-зор бақыт.Ту шетіндегі ою-өрнек қазақ елінің танымын,қасиетін көрсетеді.
9-оқушы:Ел таңбадағы көк асапан-кеңшілік,тыныштық белгісі!Ашық аспанға тараған күн сәулелері биіктегі жарық жұлдыз.Отанымыздың жұлдызы биіктен,бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанаын бейнелейді.Елтаңбадағы алтын шаңырақ қазақтың қара шаңырақ деген қасиетті сөзінен алынған.
ІІІ бөлім: «Жаңа ғасыр қаласы-Астана».
10-оқушы:
Тәуелсіз Қазақстанның астанасы-Астана қаласы, кең байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыз қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.Тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреген Астанасы дәл бүгін әлем алдында айдай шұғылалы нұрға бөленген шаһар ретінде танылып отыр. Есілдің жағасында бой көтерген Елордамыз-терезесі тең, тұрығы биік, киелі қоныс. Қаланың негізі 1835 жылы қаланған. 1961 жылға дейін Ақмола, 1961-1991 жылдар аралығында Целиноград, 1992 жылдан Ақмола, 1998 жылдан бастап Астана деп аталды. Ал 1997 жылдың-10 желтоқсаннынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның астанасына айналды.
11-оқушы:Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған!
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы еөріп алғаш,қуанғам.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім,бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
2-жүргізуші: Н. Назарбаевтың дәйек сөздері
12-оқушы: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Тәуелсіз – Қазақстаным
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
(Барлығы хормен)
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным
Ән «Көк тудың желбірегені» бейнебаяны көрсетіледі
ІҮ бөлім: Қорытынды бөлім
Құрметті қонақтар және оқушылар бүгінгі «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым» атты тәрбие сағатымызға келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!
«Көкпекті орта мектебі» КММ
Тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: « Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы»
Сынып жетекші: Абылбекова А. А.
2016-2017 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген