400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" 5-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мақсатым: оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұмат бере отырып келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Оқушылардың Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілігін күшейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Мақсаты: оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұмат бере отырып келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Оқушылардың Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілігін күшейту.

Көрнекілігі: слайдтар, бейнефильмдер

Әдісі: сұхбат

Түрі: сұрақ-жауап

Барысы:

І. КІРІСПЕ

ІІ. Слайд

ІІІ. «Желтоқсан ызғары» бейнефильм

ІҮ. Сұрақ-жауап

Ү. Қорытынды.


КҮЙ: «Жұмыр қылыш» орындайтын саз мектебінің түлегі Сауытжан Кәмила


І. КІРІСПЕ

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Еліміз тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да толық жетерміз. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.


Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында қазақ жастары көтерілген 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде қаншама жастар қайсарлық көрсетті. Сол жалынды жастардың ішінде өзінің елі, жері, тәуелсіздік үшін үлесін қосқан жерлесіміз Мұқанов Жайнат Түсіпжанұлы бүгін біздің ортамызда. Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз, аға!


СЛАЙД (Мұқанов Жайнат Түсіпжанұлы жайлы слайд көрсетіледі.)


ІІІ. «Желтоқсан желі» бейнефильм


Осы желтоқсан оқиғасында ерлік көрсетіп қаза тапқан желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алсақ.


ІҮ. Сұрақ-жауап

  1. Оқуға өз қалауыңызбен бардыңыз ба?

  2. Қандай мамандықты қаладыңыз?

  3. Желтоқсан оқиғасы басталғанда сіз нешінші курста оқыдыңыз?

  4. Неше жаста едіңіз?

  5. Митингіні алдын ала жоспарлап дайындадыңыздар ма, әлде аяқ астынан шықтыңыз ба?

  6. Сондағы митингіге шыққандағы мақсаттарыңыз не?

  7. Сол оқиғада сіздерді рухтандырып бастап шыққан кім еді?


Келесі бейнефильмге назар аударайық.


«Желтоқсан шері» бейнефильмін тамашалау


Сұрақ-жауап:

  1. Осы жерде сіз митингі өтіп жатқанын қалай білдіңіз?

  2. Қандай ұранмен шықтыңыз?

  3. Осы оқиғадан кейін көптеген аға-әпкелеріміз қуғынға ұшырады. Сіз қалай қашып құтылдыңыз? Кімдер көмектесті?


Бүгінгі кездесуге түйткіл болған, өзіндік бір үлкен үлесін қосқан сіздің жан жолдасыңыз Құмар аға келіп отыр. Ендеше, сізге бір сұрақ:

  • Жайнат ағаның досы, жан жолдасы, құрдасы ретінде бір ауыз айтып өтсеңіз.


Жайнат аға, актерлік мамандықты бітірдіңіз. Болашақ ұрпақтарға арнап өзініңіздің шеберлігіңізді көрсетсеңіз. (породия бола ма, ән айтасыз ба, өзіңіз білесіз)


Бүгінде біз тәуелсіздікке аға-апаларымыздың арқасында қол жеткізіп, еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбіт сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал болып отыр. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихына жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Тәуелсіздігіміздің ең басты жетістігі – еркіндік. Тәуелсіздіктің жалынды жас бүлдіршіндеріміздің тәуелсіздікке деген жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.


Мектеп оқушыларының орындауындағы мәнерлеп оқуы

(Дарина, Руслан, Нұртілек)


Ағай, еліміздің болашағы алдыңызда отырған өсіп келе жатқан жас ұрпаққа айтар тілегіңіз болса...


Бейнефильм: «Тәуелсіздік күні»


Сіздердің құрметтеріңізге 7 – сынып білім алушысы Төлеу Әлібектің орындауында «Алға, Қазақстан!» әні. Қабыл алыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі