400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - қиялымның қанаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – қиялымның қанаты


Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесінің маңызын түсіндіру, оқушылар бойына отансүйгіштік, ізгілік қасиеттерін дарыту, адамгершілікке, өзара көмек көрсете білуге, қазақтың патриоттық және Отан, туған жер туралы әндеріне деген сүйіспеншілік қалыптастыру, оқушыларды қиялдай білуге, болашақты бағдарлауға баулу.


Барысы:


Кіріспе. Қымбатты бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар мен оқушылар!

Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген, әйгілі 1986-ның желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. Кейбір шындық араға сәл уақыт түсісімен көмескі тартып, жұрт есінен шыға бастайды, ал енді бірі ұзаған сайын қыр-сыры ашыла түсіп, мән-маңызы артып, жарқырай береді. Осындай өшпес ұлы оқиғаның қатарына қазақ үшін белгілі желтоқсан оқиғасы жатса керек.

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздік күні деп жарияланды.

Желтоқсан оқиғасы сол басылып-жаншылған қалпында ескерусіз қалмады. Тұтастай ұлттық жеңіс – тәуелсіздіктің жеңісі оның ғұмырын ұзартты. Уақытына, халқына, ел болашағына керектігінен ол тарихи сипат алып, ұлы оқиға тұрғысында бағалануда. Оқиғаның өткенмен тамырластығы да, бүгінмен сабақтастығы да, ұлт мүддесімен үндестігі де осында.


Жүргізуші: Мынау ғаламда бір-бірінсіз қандай да бір оқиға іске асуы мүмкін емес кеңістіктің үш ұғымы бар. Олар:


Адам. Тарих. Уақыт.

Адам ата мен Хауа анадан жаратылған адамзат баласы талай тарихты артқа тастап келеді. Уақыт деген тоқтаусыз, ұшы-қиырсыз кең ұғым. Ол ешнәрсеге бағынбайды. Тарихты жасап жатқан адам іс-әрекеті уақытпен өлшенеді.

Ал, тарих ше? Тарихта қандай кезең мен қилы тағдыр кездессе де, адам тарихына тәуелді деп айтар едік. Себебі, басыңнан өтетін тағдырыңа сенің мойынсұнбауға билігің жетер ме екен...

Ал, Адам... «Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ» деп Абай дана айтқандай, шынымен тарихты жасайтын да осы адам емес пе?


Балаларға сұрақ: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы» қай оқиғаға байланысты айтылады? «Елім-ай» әні қашан туған?

Оқушылар сұраққа толығымен жауап береді.

ХVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығында қазақ халқының басынан кешкен тауқыметі жайлы оқушылар өлең оқиды.


Мұғалім: Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.


Жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтардың еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.



  1. оқушы:

Елбең, елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр!

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жазаны, мен болайын құрбаның.


  1. оқушы:

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол артымда,

Ағайын, туған, азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат!


Мұғалім: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерді атап өтейікші.

  • 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды

  • 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

  • 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

  • 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

  • 1992 жылы 8 мамырда Республика Ұланы құрылды.

  • 1992 жылы 4 маусымда қазақстан республикасының жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.


  1. оқушы:

Енді бүгін өлген Туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төрге келіп ілінді.


Мұғалім: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөлетер болсақ, ол сол елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді.

Бәрі болған Қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге?!

Бір оқушы мемлекеттік Туды ортаға алып шығып, екінші оқушы ондағы белгілердің бәрін сипаттап береді.


4-оқушы: Ертеден келе жатқан ұғымдар арасында дүниенің төрт бұрышын төрт түрлі бояу арқылы беру дәстүрі бар. Солтүстікті – қара, оңтүстікті – ақ, шығысты – зеңгір көк, батысты – сары немесе қызыл бояу арқылы берген.

Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі – нағыз өмір нышаны.

Бүркіт – еркіндік бейнесі, биік армандарға қол созу, алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны.

Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – «қошқар мүйіз» деп аталатын ұлттық өрнекті жолақ. Ою-өрнек – халықтың сана-сезімінің, мәдениетінің даму жолының куәсі.

Халқымыздың талантты ұландарының бірі – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізіндегі жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы міне осындай!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпауға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты алға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!


5-оқушы: Елтаңбамыздың сырт пішіні толық шеңберге сыйып тұр. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірген түңлігі күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап тұрған алтын сәулелердей.

Елтаңбадағы екінші бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Киелі көк пырақ адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Мүйіз – айбын-айбат, ақ жолтайық белгісі.

Ендігі назар аударатын белгілер - маңдайдағы бес жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа да ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып ілесеміз деген мағынаны білдіреді.

Авторлары – танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Елтаңбамыздың тұғыры биік болғай!


6-оқушы:

Батылдыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Әнұран – халық тіршілігінің лүпілін, тұрмыс-тіршілігін білдіреді. Ол бүкіл бір қауымның өмір салтына, іс-қимылына көбірек қатысты. Ертеде ол да байрақ, тулар тәрізді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» топтасып, тастүйін қимылдауға меңзейтін айғақ-нышан ретінде қалыптасқан.


7-оқушы: 1993 жылы 28 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы – Ата Заңымыз қабылданды.

Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге,

Мен – иемін бүгінгі, ертеңіме.

Конституция! Елтаңба! Қазақстан!

Елдік күйін, ел күйін шертем мен де!


8-оқушы: 1993 жылдың 15 қарашасында жас мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалады. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді.


Қорытынды.

Мен қазақпын, , бір биік белеспін мен,

Еуропада, Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.


Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім, қайта өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі