Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - таң нұры"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - таң нұры"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1860
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіздік – таң нұры

Мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабамыздың, аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» плакат, шар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе кезеңі

1) Шаттық шеңбер

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

2) Топқа бөлу

І топ «Егемен», ІІ топ «Желтоқсан», ІІІ топ «Тәуелсіздік»

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне арналған «Тәуелсіздік - таң нұры» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бақ сыйлаған баршаға, өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік, 24- ке толдың бүгін,

Отаным жылдан- жылға көркеюде.


3) Әнұран айту

ІІ. Тұсаукесер кезеңі

  1. «Тәуелсіздік», «Желтоқсан», «Желтоқсан жастары» сөздеріне кластер жасау


ІІІ. Негізгі бөлім

  1. «Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету.

Бейнеролик бойынша ой-пікірлерін айтады

  1. «Тәуелсіздік шежіресі» сұрақ-жауап

1.16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

а) 1996 б) 1991 в) 2008

2. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

а) 1992 б) 1991 в) 1993

3. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

а) 2001 б) 1993 в) 1996

4. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

а) 1998 б) 1996 в) 1994

5. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

а) 1991 б) 1997 в) 1995

6. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

а) 1996 б) 1995 в) 2009

7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.

а) 2001 б) 1997 в) 2003

8. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.

а) 1998 б) 2005 в) 1992

9. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

а) 2000 б) 1999 в) 2001

10. Мәдениетті қолдау жылы.

а) 2002 б) 2000 в) 2001

11. Қазақстандағы Ресей жылы.

а) 2001 б) 2005 в) 2006

12. Денсаулық жылы.

а) 2001 б) 2011 в) 2002

13. Ауыл жылдары.

а) 2006 - 2009 б) 2002 - 2006 в) 2003 – 2005

14. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

а) 2006 б) 2008 в) 2010

15. Қазақ тілін қолдау жылы.

а) 2001 б) 2009 в) 2007

16. Астанаға 10 жыл

а) 2007 б) 2008 в) 2010

17. Қазақстанның Украинадағы жылы

а) 2010 б) 2008 в) 2001

18. ЕҚЫҰ самммиті

а) 2010 б) 2011 в) 2009

19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

а) 1991 б) 2001 в) 1998

20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

а) 1992 б) 1995 в) 1996

21. Қысқы VII Азияда олимпиадасы

а) 2010 б) 2011 в) 2009

22. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

а) 2011 б) 2010 в) 2009

23. Туған қаламыз Сәтбаевтың 40 жылдығы.

а) 2007 б) 2008 в) 2013

24. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады

а) 2009 б) 2008 в) 2005

25. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

а) 1993 б) 1997 в) 1995


IV. Қорытынды кезеңі

«Тәуелсіз - Қазақстан» тақырыбына эссе жазу


V. Рефлексия

«Алақан» стратегиясы

Қолдың суретінің бір жағына тілек, екінші бет жағына ұсыныс жазады.


Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік-таң нұры» атты тәрбие сағатын көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!