жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым"
ШҚО Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Жаныбекова Айгерим Талгатовна
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фоталары салынған буклеттер, шарлар, қанатты сөздер, ҚР Әнұраны, елтаңба, туы.
Тәрбие сағаттың барысы:
І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ-жүргізуші: 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.Бұл қасіретті күн Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
І-жүргізуші: Әнұраным – жан ұраны,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республикам әнұраным.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын !
Хор: «Әнұран»
1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.
2-оқушы: Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті – ау елім менің теңдігін
Ата-бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.
3-оқушы: Тәуелсіздік көптен күткен бақытым,
Әзер жеткен баға бермес жақұтым.
Өркендей бер, пейілі кең қазағым,
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.
ІІ-жүргізуші: «Жаса, Қазақстан!» әнімен ортада ___________________________ .
І- жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды.Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
«Желтоқсан желі ызғарлы» атты видеороликті тамашалаңыздар.
ІІ-жүргізуші: 1986 жылғы оқиғасынан кейінгі Тәуелсіздік алғанымызға биыл 24 жыл толды.
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.
І – жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Би: «Қамажай» биі - орындайтын ________________________ .
4 – оқушы: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген.Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын.Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен әуестенетін.
Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең атыңдар!
ІІ-жүргізуші: Міне өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген жала жабылған еді. Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны анықталды.
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Ән: «Біздің Отан» орындайтын: 4 - сынып оқушылары (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
І – жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы:
-бұл ерліктің тарихы.
-республикадағы халқымыздың рухани жеңісі.
-демократияға жол ашу.
-тәуелсіздіктің алғашқы беті.
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» жөнінде Конституциялық заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «1986 жылы 17,18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты.
ІІ-жүргізуші: Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді.
І – жүргізуші: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген