Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым" 7 сынып оқушыларына арналған. 16 -желтоқсан тәуелсіз күніне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
13991
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төңкеріс а. № 12 орта мектебі



Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Шакиров А.Т Серікбаева Н.К






Тақырыбы:

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым».


Өткізген: Сейдахметова А.А

Сынып: 7









2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылардың білгендерін  ортаға салу.  Оқушыларды  туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Туған жер туралы қанатты сөздер. 

Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың барысы:

Мұғалім:-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

(ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

Мұғалім: -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?

-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

2 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

1 - жүргізуші: Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Желтоқсан жайлы Видео

Мұғалім: Өздерің естіп отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді.  Міне осындай тәуелсіз , азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар көрді.

Ал, сендер балалар желтоқсан оқиғасына арналған  қандай өлеңдерді білесіңдер?

Сұнқар:

Желтоқсан –әйгілі күн ,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,

Ерлерім  ерлік үшін атой салып ,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары,

Қалар мәңгі есімде қазағымның.

Аяулым:

Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

Еркіндік, егеменді елдігімді ,

Еміріне аңсады саналы ұғым.

Хор: «Желтоқсан желі»

1 - жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.

2 – жүргізуші:   Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа  Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда, заңымызда жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық  арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 26 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2017 жылдар аралығын    таразыласақ.

1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

      *     2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

      *     1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

        10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.

        16 желтоқсанда  ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

        1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан  тұрады.

        1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты


1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республикадеп жарияланды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.

1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды.

Сұрақ. Заң дегеніміз не? Ата заңымызда неше бап бар?

1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.

1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Оқушы Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің.

1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?

2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .

2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .

2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.


Мұғалім: Міне балалар талымыз бастапқыдай емес  жайқалып шыға келді . Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп , сұлуланып , дамып келе жатыр.


Мұғалім: Оқушылардың Тәуелсіздікке арналған көркем сөз жырлармен тамашалаңыздар! (ортада кезектесіп тақпақ айтады, музыка ойналып тұрады.)

Назерке: Отан деген отбасынан басталар

Отбасыма от салмасын басқалар

Отан деген қасиетті, киелі

Отан десем оянады асқақ ар!

Гульназ М: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Басқалардың тимесінші кесірі

Елдің көшін өрге бастап барады

Нұрағаңмен егіз болар есімі

Ақниет : Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Бекзат: Тігілген соң Ақ Орда – шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның

Отан деген оранып от құшаққа

Кәусарыңа шөліңді қандырамын

Айғаным: Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр

Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Ән: Көк тудың желбірегені. (Барлығы бірге орындайды)

Тәуелсіздік мейрамына  тілектеріңді  немесе өз ойларыңды мына қол сүреттіне жазып тақтаға магнитпен жабыстырамыз.


Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!