Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым 9-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым 9-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ







Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

3-апта дәйексөзі: Бірлік болмай тірлік болмас





9 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі

Беркинова А.С.









2024- 2025 оқу жылы


Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары


Сынып сағаты


Күні

10.12.2024 ж

Сынып жетекші:

Беркинова Аида Сабитовна

Сынып: 9 Б

Қатысушылар саны: 30

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар қол жеткізген табыстармен таныстыру, тәуелсіздік қасиетті ұғым екенін түсіндіру, жалпы тәуелсіз ел тарихы туралы түсінік беру

Дәйексөздер

Бірлік болмай тірлік болмас

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отан сүйгіштік пен Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтыңбарысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушыәрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалыққұрал-жабдық-тары


Ұйымдас-тыру

кезеңі

(5 мин)




















Мұғалім:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


Гимн орындалады.

 Кіріспе бөлім

Сұрақтар:

1.Отанымыз қалай аталады? / Қазақстан /

2. Қазақ елі қандай мемлекет? / тәуелсіз /

3.Тәуелсіздікті қашан алды?  / 1991 жыл /

4. Мемлекеттік  тіліміз қай тіл? / қазақ тілі /

5. 16-желтоқсан қандай күн?

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған,                                                                         Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Тәуелсіздік - қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан - тәніңмен үғып біл.

Он бір  әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

Т - білдіреді теңдейді.

Ә - әдептілік ерлікті.

У - уайымсыз, уақытты.

Е - егеменді, елдікті.

Л - дейді лағып, лепірме.

С - сенімділік , секілді ең.

І -  ілтипат пен ізет қой.

 З - зиялылық  тілек қой.

Д - шақырады

І   -ілкімді  бол сақтыққа.

К - дейді  күн боп  көктегі.

Т ә у е л с і з д і к  к е – 32 ж ы л

Оқушылар мұғаліммен амандасып, орындарына отырады. Мерекелік тәрбие сағатыныі тақырыбы мен мақсатымен танысады.





Гимн орындайды












Нақыл сөздер


Сабақтың барысы

15 минут

Мұғалім: Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Тәуелсіздіктің белгісі неде? (Рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз, ұлттық валютамыз бар).

Қазақстанның мемлекеттік  рәміздерін  атау. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Гимні  бар.

Гимннің авторлары кім?

Оқушы:

Гимннің  авторлары:  Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

Тудың  авторы кім?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары кім?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі.  Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

Балалар бір сергіп алайық.

 -  Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу

 1. Халықтың ортақ үйі ...  ( Отаны )

2. Отан - ....      ыстық       ( оттан да )

3. Туған жердің  ......      ыстық,   .....   ыстық  (күні де, түні де )

4. Отансыз адам - .....   ( ормансыз бұлбұл )

5. Өзге тілдің бәрін біл, .....  ( өз тіліңді құрметте )

6. Өз елім - ... ( өлең төсегім )

7. Туған жердің жері  де  ..... , елі де     .... ( көрікті, сүйікті )

8. Найзасыз   .....   болмайды,  таңбасыз   .... болмайды. ( ел,  ер )


Өлеңді  тиісті  сөздермен  толықтырып жазады.


Мен  оның  ............... сүйем, күнін сүйем,

Ағынды  ..............., асқар тау,  ...................  сүйем.

Мен  оның  .............................. тілін сүйем,

Мен  оның  .............................. үнін  сүйем.

Бар  ....................  сүйемін  қыбырлаған,

Бәрі  маған  ......................... – деп сыбырлаған.


Мұғалім:

- Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы еліміз де мына тал секілді жер қойнауынан басқа  Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымыз да, заңымыз да жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық  арманына қол жеткізген тәуелсіздік жылдары қандай өзгерістер болғанын айтып өтейік.


1991 – Тәуелсіздік алған жыл.

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

1991жылы 2 қазанда   тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.


1992 – ҚР – ның мемлекеттік рәміздер бекітілген жыл.

1993 – Ұлттық теңге шыққан жыл.

1995 жылдың 30 тамызда Конституция қабылданды.

6. 07 – Астана күні.

7. 05 – Отан қорғаушылар күні

1.05 –ҚР – ның халықтарының  бірлігі күні.

30.08 – Конституция күні

25.10 – Республика күні

16.12 – Тәуелсіздік күні

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды

2021 жыл  Тәуелсіздікке 30 жыл

2022 – Балалар жылы

Мұғалім: Міне балалар талымыз бастапқыдай емес  жайқалып шыға келді . Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп , сұлуланып , дамып келе жатыр.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.


































Сергіту сәтінде оқушылар мақал- мәтелдерді толықтыру керек.











Оқушылар өлең жолдарындағы жасырын сөздерді тауып, өлеңді толық оқиды.

Тиісті сөздер: қасиетті,  түнін,  Отан,  құдіретті,  жәндігін, өзен,  гүлін.


Оқушылар жылдар хронологиясын дәптерлеріне жазып алады.






Плакаттар










Суреттер







Сұрақтар





Постер


Соңы

5 мин

Қорытынды:   Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге  әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек.  Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі " Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым " атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Оқушылар мерекелік сынып сағатынан алған әсерлерін ортаға салып, пікірлерін айтады




 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі