400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік -тұғырым" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың Отанға туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Отанды сүйуге,байлығын қорғауға тәрбилеу,патриоттық сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым»

Мақсаты:Оқушылардың Отанға туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Отанды,сүйуге,байлығын қорғауға тәрбиелеу,патриоттық сезімін ояту.

Ақниет:Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер

Мейрамың құтты болсын,тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер

Сымбат: Тәуелсіздік.Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді,міне азаттығым,теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі-Елің де

Өзіңдікі-Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ-Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан қайырылып,

Қыр-арқаңнан айырылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айырылып!

Мұғалім:Армысыздар қадірлі қонақтар,ата-аналар,ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2018 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 32 жыл болды.Ал,егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 27 жыл толды.Осы мерекеге арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты» атты ашық сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Расул:Шарықта,шарла көкте көк байрағым,

Арманым,Азаттығым,көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға,әлем кезіп,Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы-шаңырағым

«Әнұран»

Мадияр:Мен қазақпын,бір биік белеспін мен,

Еуропада,Азияда емеспін мен

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім.

Мұғалім:Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді

Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

I ж 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

II ж 1936-1938 жылдар ішкі Бөкей ортасындағы көтеріліс

І ж 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

ІІ ж 1916 жылы Амаангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

І ж 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі

ІІ ж 1936-1937 жылдар репрессия кезеңі

І ж 1945 жылдар Ұлы Отан соғысы

ІІ ж 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы

Мұғалім: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үкіметтің оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн күн

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды ау жанын батпан күн!

1986 жылы 16 желтоқсан бүкіл елді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл Кеңес үкіметі тұсындағы бұрын соңды кездеспеген құбылыс.

Көрініс: «Желтоқсан желі ызғарлы»

Асылзат: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қ.Рұсқұлбеков, Л.Асанова, Ж.Сабитова, Е.Спатаевтарды еске алып олардың рухына тағызым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Мұғалім:

Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі әні орындалады.

Оразәлі:

Қасиетті Қазақстаным мекенім

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің

Елім,Жерім, Отаным бақ даулетім,

Болашағым, өнер білім, өркенім

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі

«Ауыл көрінісі»

Ән : «Тәуелсіздік» Танабаева Ақниет

Мұғалім:

Қуаныштан қалай кеуде кермесін

Бұл күнімді бір ғасырға бергесін

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды

Ортамызда бишілер «Шашу» биін билесін

Шашу биі

Аңсар: Қазақстан! Туды алтын дәірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Назерке:

Армандарды жақындатып ты алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік-ел бақыты, ертеңі

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

Ән: « Бақытты балалық» Ибрагимова Ақгүл

Рауан:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі

Мұғалім:

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің

27 жасың құтты болсын Нұр елім

27 жылда шықтың талай белеске

Қазақстан жасай берші гүл елім

Ән: «Қазақстан бақытты» Байдуллаев Нұрасыл



Мұғалім: Құрметті ұстаздар қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі « Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Еліміз мәңгі жасай берсін!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі