жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан 11-сынып
«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ
(11-сынып, ашық тәрбие сағаты)
Сынып жетекшісі: Жаманкулова Г.Т.
2018-2019 оқу жылы
Сыныбы: 11
Сынып жетекшісі: Жаманкулова Г.Т.
Күні:________________
Тексерген:_________________
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан».
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың өткен тарихымызға деген
ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушыларды елді, Отанын сүюге, егемен
елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге
құштар патриоттық күш – қуаты мол
жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт
болған қазақ қыздары мен жігіттерінің
рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың
көрнекілігі:
презентация, плакаттар, суреттер,
буклеттер, нақыл сөздер, шарлар.
Барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Тәрбие сағатының мақсаты мен барысын таныстыру.
Әнұран орындалады.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 32 жыл толып отыр.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы
желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза
болған жазықсыз жастарымыздың рухына
бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут
еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Сынып оқушыларын «Шаңырақ» стратегиясы арқылы түрлі-түсті ленталармен топқа бөлу.
Оқушылар хормен өлең шумақтарын айтады:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке күн!
1-топ: «Желтоқсан»
2-топ: «Тәуелсіздік»
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Оқушылар «Тәуелсіздік» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.
2. Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын оқиды.
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық (слайд көрсету)
1991
жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі
жарияланды.
1991 жылы 29-тамыз. Семей
полигоны жабылды
1991жылы 2-қазанда
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты
1991
жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш
президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
1992 жылы мемлекеттік
рәміздер қабылданды
1992 жылы
11-желтоқсанда әнұран қабылданды
1993
жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның
бірінші конституциясы қабылданды
1993
жылы 15- қарашада ұлттық теңге айналымға
енді
1994
жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері
мен медальдары дүниеге келді
1995 жыл
Қазақстан конституциясы қабылданды
1996
жылы еліміздің астанасы Ақмолаға
көшірілді
1997 жылы 1- шілдеде «тіл
туралы» заң қабылданды
1998 жыл Ақмола
қаласы Астана болып өзгерді
1999 жыл
– ұлттың бірлігі мен сабақтастығы
жылы
2000 жыл мәдениетті қолдау
жылы
2003-2005 жылдар-ауыл жылдары
2007
жыл - қазақ тілін қолдау жылы
«Әдеби джем».
Екі топқа өлең шумақтары беріледі. Оқушылар құрастырады.
1-топқа:
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!
Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!
Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың!
2-топқа:
Желбіресін байрағың желді күнде,
Биіктесін мәртебең, елдігің де.
Таныта бер, ұлы Тіл, бар әлемге
Керегеңнің кеңдігін, теңдігін де.
Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.
Даңқың артсын, егеменді елім менің,
Серігіне айналсыншы Мәңгіліктің.
Ойын «Сандар сөйлейді».
1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
Көрініс көрсету немесе ән айту
Тосын сый
Ән: «Атамекен».
Қорытынды:
Мұғалім: «Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те өз Отанымыз Қазақстанды мақтан тұтуымыз керек. Сендердің араларыңнан Абайлар, Мұхтарлар, Қаныштар, талай ғалымдар, министрлер, президенттер шығуы әбден мүмкін. Ол үшін үздіксіз оқу, тынбай еңбектену керек. Қазақ елін әлемге танытуларың керек, сендер қазақ болып туылғандарыңа, бойларыңда қазақтың қаны ағып тұрғанына, қазақ тілінде сөйлейтіндеріңді мақтан тұтуларың керек. Ендеше, балалар, Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда. Биыл сендер мектеп қабырғасынан ұшқалы отырсыңдар. Сондықтан бұл сендердің мектеп өміріндегі соңғы Тәуелсіздік мерекелерің. Сендерді шын жүректен мерекелеріңмен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің тәуелсіз жастары болыңдар, жолдарың ашық болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген